Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2021 № 565 қаулысымен.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы болып "ӨКМ операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |