Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) есептік жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылуын бағалау және жүргізілген мониторинг туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есептік жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берсін.

      5. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) жыл сайын есептік жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей жұртшылық тарапынан бағалау алу және қоғамдық пікірді ескеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің ресми интернет-ресурсында жарияласын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 24 тамыздағы
№ 576 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с № Іс-шараның атауы Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзімдері Болжанатын шығыстар
(мың теңге)
Қаржыландыру көздері
 


1 2 3 4 5 6 7
І Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

1

Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін еселенген айыппұлдарды қолданудың күшін жою бойынша мәселені пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

СҚА (келісу бойынша),
ЖС (келісу бойынша),
БП (келісу бойынша),
ҰҚК (келісу бойынша),
ІІМ,
ҚМА (келісу бойынша)

2022 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


2

Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдау:
1) жерге орналастыру саласында геоақпараттық порталды
және кадастрлық есепке алуды енгізу;
2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу;
3) жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты нысаналы мақсатын, аланың, орналасқан жерін, құқық түрін және жалдау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік интернет-ресурстарда орналастыру

өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актілері, ПӘ-ге ақпарат

ЦДИАӨМ, АШМ, ҰЭМ, ЖАО

2023 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

қаражат шегінде*

3

Ұлттық қауіпсіздік және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнама талаптарын ескере отырып, заманауи бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін орнату және ашық цифрлық карталармен қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен және карталармен байланысты функциялардың дәлдігін, қолжетімділігін және автоматтандырылуын арттыру

координаттар жүйесі, ашық кеңістік деректері

ЦДИАӨМ,
ҰҚК (келісу бойынша)

2023 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

қаражат шегінде*

4

Мемлекеттік органдардың мынадай функцияларын бәсекелес ортаға (жеке) беру туралы мәселені пысықтау:
1) автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін өлшеу;
2) жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру;
3) қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті және қауіпсіздік сертификатын беру;
4) темір жол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия беру

ПӘ-ге ұсыныстар

ИИДМ

2021 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


5

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын жетілдіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СҚА (келісу бойынша)

2023 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


6

Еңбекмині ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелерінде аудио және бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

енгізу актісі

Еңбекмині

2021 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

111 бюджеттік бағдарлама шеңберінде Еңбекминіне республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

7

Электрондық форматта 031/у нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды алу және сырттай куәландыруды енгізу мақсатында "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ААЖ-мен "Амбулаториялық-емханалық көмек" ақпараттық жүйесін интеграциялау
 

ақпараттық өзара
іс-қимылды табысты тестілеу және пайдалануға беру туралы акт

ДСМ, Еңбекмині

2021 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

104 кіші бағдарламаның 001 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде
ДСМ-ға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде Open Api технологияларын енгізу

енгізу актісі

ЦДИАӨМ

2023 жылғы
3-тоқсан

талап етіледі

қаражат шегінде*

9

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық қызметті автоматтандыру

өндіріске енгізу актісі

Әділетмині, ЦДИАӨМ,
БП (келісу бойынша),
ЖС (келісу бойынша),
ІІМ,
СҚА (келісу бойынша),
"ҰАТ" АҚ (келісу бойынша)

2022 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді


10

"Е-Saraptama" ақпараттық жүйесін енгізу

енгізу актісі

Әділетмині

2021 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

001 бюджеттік бағдарлама, 104 кіші бағдарлама шеңберінде Әділетминіне республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

11

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс көрсеткішін енгізу

бұйрық

СІМ

2021 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


12

Көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерінің, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелерінің желісін кеңейту

пайдалануға енгізу актісі

ІІМ, ЖАО

2021 -2023
жылдар
4-тоқсан

талап етіледі

жергілікті бюджет қаражаты есебінен және шегінде

13

Патрульдік полицияны, учаскелік полиция инспекторларын, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, көші-қон қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі және басқа да қызметкерлерді алып жүретін бейне-тіркегіштермен, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізуді енгізуге арналған планшеттермен жарақтандыру

жабдықты қабылдау актісі

ІІМ, ЖАО

2023 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

077 бюджеттік бағдарлама шеңберінде
ІІМ-ге республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде және жергілікті бюджет қаражаты есебінен

II Қоғамдық бақылау институтын жетілдіру

14

Автожол саласының барлық мемлекеттік кәсіпорындарында ҚР СТ 3049-2017 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі" стандартын енгізу бөлігінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу

бұйрық

ИИДМ,
СҚА (келісу бойынша),
ЖАО

2022 жылғы
2-тоқсан

талап етілмейді


15

Қоғамдық бақылауды құқықтық регламенттеу, оның ішінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашықтығы, транспаренттілігі және қоғамға есеп беру тетіктерін қамтамасыз ету

заң

АҚДМ

2022 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


16

"Ашық бюджеттер" порталын "Е-Қаржымині" және "Мемлекеттік жоспарлау" ақпараттық жүйелерімен интеграциялау

"Ашық бюджеттер" порталының модификациясы

Қаржымині, ЦДИАӨМ, АҚДМ, "ҰАТ" АҚ (келісім бойынша)

2021 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

030 бюджеттік бағдарламаның 102 кіші бағдарламасы шеңберінде Қаржыминіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде

III Квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

17

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері жұмыскерлері үшін біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарды анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

СҚА (келісу бойынша)

2022 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді


18

Квазимемлекеттік секторда сатып алудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу

Үкіметке ақпарат

СҚА (келісу бойынша)

жыл сайын, есептік жылдан кейінгі
1-тоқсан

талап етілмейді


IV Сот және құқық қорғау органдарында жемқорлықтың алдын алу

19

"Smart-сот" жобасын:
1) "виртуалды сотта" қаралған істердің үлесін одан әрі ұлғайту;
2) сот ісін жүргізуде жасанды интеллектіні енгізу (цифрлық талдау);
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы краудсорсингтік платформаны құру;
4) ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету (бейне талдау) бөлігінде дамыту

ПӘ-ге ақпарат

ЖС (келісу бойынша)

2021 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


20

Сот жүйесінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

ЖС (келісу бойынша)

2021 жылғы
3-тоқсан

талап етілмейді


21

Сотталғандардың құқық қорғау органдарына және сотқа электрондық өтініштерді делдалдарсыз беру сервисін енгізу

пайдалануға енгізу актісі

ІІМ

2023 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді


V Қоғамда парасаттылық жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

22

Барлық жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық лигасының қағидаттары мен талдау құралдарын енгізу – студенттердің білімі, бағалар медианасы, дәйексөз алу, плагиатқа қарсы қағидалар және басқа

бұйрық

БҒМ, МСМ,
СҚА (келісу бойынша)

2021 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


23

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында "Таза сессия" акцияларын өткізу

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, МСМ

жыл сайын, есептік жылдан кейінгі
1-тоқсан

талап етілмейді


24

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар жобаларын іске асыру

жобаларды іске асыру

АҚДМ, ЖАО

жыл сайын, есептік жылдан кейінгі
1-тоқсан

талап етіледі

004 бюджеттік бағдарлама шеңберінде АҚДМ-ға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде

25

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ және "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ студенттерінің "Сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау" тақырыбында дипломдық жұмыстар жазуы

дипломдық жұмыстар

МСМ,
СҚА (келісу бойынша)

жыл сайын, есептік жылдан кейінгі
1-тоқсан

талап етілмейді


VI Тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

26

Мемлекеттік көрсетілетін "жасырын" қызметтерді анықтау, ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге оларды цифрлы форматқа ауыстыру мақсатында талдау жүргізу, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 /НҚ бұйрығына кейіннен өзгерістер енгізу

бұйрық

ЦДИАӨМ,
МҚІА (келісім бойынша)

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі
1-тоқсан

талап етілмейді


27

Көрсетілетін қызметтер толық дайын болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді баламалы ұсынуды алып тастау және "бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту мәселесін кейіннен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 /НҚ бұйрығына өзгерістер немесе толықтырулар енгізе отырып пысықтау

бұйрық

ЦДИАӨМ

жыл сайын, есептік жылдан кейінгі
1-тоқсан

талап етілмейді


28

Автомобиль өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен Мемлекеттік шекарасында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінде және ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылау инспекциясы қызметкерлерінде бейне-тіркегіштердің бар болуын қамтамасыз ету

енгізу актісі

Қаржымині, АШМ

2022 жылғы
4-тоқсан

талап етіледі

қаражат шегінде

29

Белгіленген тәртіппен үшінші тұлғаның (лауазымды тұлғаның) осы көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігімен, ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы қағаз медициналық анықтамалар мен аурухана парақтарын беруді тоқтату

бұйрық

ДСМ

2021 жылғы
4-тоқсан

талап етілмейді


30

Республикалық және өңірлік телеарналардың эфирінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы телебағдарлама ашу

телебағдарлама шығару

АҚДМ

2021 жылғы
4- тоқсан

талап етіледі

003 бюджеттік бағдарлама шеңберінде АҚДМ-ға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде

VII Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту

31

ГРЕКО, ЭЫДҰ, БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының
ұсынымдары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

ПӘ-ге ұсыныстар

СҚА (келісу бойынша)

жыл сайын, есептік жылдан кейінгі 1-тоқсан

талап етілмейді


VIII Стратегияны іске асыру мониторингі және бағалау

32

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына мониторинг пен бағалау жүргізуді қамтамасыз ету

мониторинг және бағалау нәтижелері

СҚА (келісу бойынша)

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 15 ақпаннан кешіктірмей

талап етілмейді



      Ескертпе:

      * Бюджет кодексінің 67-бабының 5-тармағына сәйкес шығыстар базалық шығындар қаражатын қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚДМ

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

АҚ

– акционерлік қоғам

АШМ

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині

– Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БАҚ

– бұқаралық ақпарат құралдары

БҒМ

– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БП

– Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ДСМ

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖАО

– жергілікті атқарушы органдар

ЖС

– Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ИИДМ

– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині

– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚМА

– Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

МҚІА

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МСМ

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ПӘ

– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

ПМК

– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

СҚА

– Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

СІМ

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ҰҚК

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

– Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ

– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі


Об утверждении Плана мероприятий на 2021 – 2023 годы по реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015 – 2025 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2021 года № 576. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2022 года № 158.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.03.2022 № 158 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 986 "Об Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015 – 2025 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый План мероприятий на 2021 – 2023 годы по реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015 – 2025 годы (далее – План).

      2. Центральным и местным исполнительным органам, государственным органам, непосредственно подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан (по согласованию), а также организациям, ответственным за реализацию Плана (по согласованию):

      1) принять необходимые меры по реализации Плана;

      2) один раз в год, не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным годом, представлять информацию о ходе реализации мероприятий Плана в Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционную службу).

      3. Агентству Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службе) (по согласованию) не позднее 15 февраля, следующего за отчетным годом, представлять в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан сводную информацию о проведенном мониторинге и оценке реализации мероприятий Плана.

      4. Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан не позднее 15 марта, следующего за отчетным годом, представлять в Администрацию Президента Республики Казахстан информацию о ходе реализации Плана по итогам года.

      5. Агентству Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службе) (по согласованию) ежегодно, не позднее 15 апреля, следующего за отчетным годом, опубликовывать в средствах массовой информации, а также на своем официальном интернет-ресурсе отчеты о ходе реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015 – 2025 годы в целях получения оценки со стороны населения и учета общественного мнения.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 августа 2021 года № 576

План мероприятий на 2021 – 2023 годы по реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015 – 2025 годы


п/п
Наименование
мероприятия
Форма завершения Ответственные за исполнение Сроки исполнения Предполагаемые расходы (тыс. тенге) Источники финансирования
1 2 3 4 5 6 7

I Противодействие коррупции в сфере государственной службы

1

Проработка вопроса по отмене применения кратных штрафов за совершение особо тяжких коррупционных преступлений

информация в АП

АПК (по согласованию) ВС (по согласованию), ГП (по согласованию), КНБ (по согласованию), МВД, АФМ (по согласованию)
 

2 квартал 2022 года

не требуются


2

Принятие комплексных мер по противодействию коррупции в сфере земельных отношений:
1) внедрение геоинформационного портала в сфере землеустройства и кадастрового учета;
2) внедрение единого государственного кадастра недвижимости;
3) размещение на государственных интернет-ресурсах информацию со списками лиц, получивших земельные участки, с указанием целевого назначения, площади, месторасположения, вида права и срока аренды

акты ввода в промышленную эксплуатацию, информация в АП

МЦРИАП, МСХ, МНЭ, МИО
 

4 квартал 2021 года

требуются

в пределах средств*
 

3

Повышение точности, доступности и автоматизации государственных услуг и функций, связанных с цифровыми картами, путем установления современной единой государственной системы координат и обеспечения открытыми цифровыми картами с учетом требований законодательства о национальной безопасности и доступе к информации

система координат, открытые пространственные данные

МЦРИАП, КНБ (по согласованию)

4 квартал 2023 года

требуются

в пределах средств*

4

Проработка вопроса передачи в конкурентную (частную) среду следующих функций государственных органов:
1) по измерению весовых и (или) габаритных параметров автотранспортных средств;
2) по выдаче международного сертификата взвешивания грузовых транспортных средств;
3) по аудиту системы управления безопасности и выдаче сертификата безопасности;
4) по выдаче лицензии на перевозку грузов в сфере железнодорожного транспорта

предложения в АП

МИИР

4 квартал 2021 года

не требуются


5

Усовершенствование правил проведения внешнего анализа коррупционных рисков

постановление Правительства Республики Казахстан

АПК (по согласованию)

4 квартал 2023 года

не требуются


6

Обеспечение функционирования системы аудио и видеонаблюдения в учреждениях медико-социальной экспертизы территориальных подразделений ведомства МТЗСН

акт внедрения

МТЗСН

4 квартал 2021 года

требуются

за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете МТСЗН в рамках бюджетной программы 001 подпрограммы 111

7

Интеграция информационной системы "Амбулаторно-поликлиническая помощь" с АИС "Централизованный банк данных лиц, имеющих инвалидность" в целях получения заключения на медико-социальную экспертизу формы 031/у в электронном формате и введения заочного освидетельствования

акт об успешном тестировании и вводе в эксплуатацию информационного взаимодействия

МЗ, МТСЗН

4 квартал 2021 года

требуются

за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете МЗ в рамках бюджетной программы 001 подпрограммы 104

8

Внедрение технологии Open Api при получении государственных услуг

акт внедрения

МЦРИАП

3 квартал 2023 года

требуются

в пределах средств*

9

Автоматизация адвокатской деятельности в рамках оказания гарантированной государством юридической помощи

акт ввода в производство

МЮ, МЦРИАП, ГП (по согласованию), ВС (по согласованию), МВД, АПК (по согласованию), АО "НИТ" (по согласованию)

1 квартал 2022 года

не требуются


10

Внедрение информационной системы "Е-Saraptama"

акт внедрения

МЮ

4 квартал 2021 года

требуются

за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете МЮ в рамках бюджетной программы 001, подпрограмма 104

11

Внедрение в методику ежегодной оценки деятельности загранучреждений Республики Казахстан показателя антикоррупционной работы

приказ

МИД

3 квартал 2021 года

не требуются


12

Расширение сети систем видеонаблюдения на улицах и в общественных местах, а также автоматических систем фиксации нарушений Правил дорожного движения

акт ввода в эксплуатацию

МВД, МИО

4 квартал 2021 – 2023 годы

требуются

за счет и в пределах средств местного бюджета

13

Оснащение патрульной полиции, участковых инспекторов полиции, по делам несовершеннолетних, миграционной службы, уголовно-исполнительной системы и других сотрудников носимыми видеорегистраторами, а также планшетами для введения административного производства

акт приема оборудования

МВД, МИО

4 квартал 2023 года

требуются

за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете МВД в рамках бюджетной программы 077 и за счет средств местного бюджета

II Совершенствование института общественного контроля

14

Разработка нормативно-технической документации в части внедрения стандарта СТ РК 3049-2017 "Система менеджмента противодействия коррупции" во всех государственных предприятиях автодорожной отрасли

приказ

МИИР, АПК (по согласованию), МИО
 

2 квартал 2022 года

не требуются


15

Правовая регламентация общественного контроля, в том числе обеспечение механизмов открытости, транспарентности и подотчетности обществу государственных органов и субъектов квазигосударственного сектора

Закон

МИОР

3 квартал 2022 года

не требуются


16

Интеграция портала "Открытые бюджеты" с информационными системами "Е-Минфин" и "Госпланирование"

модификация портала "Открытые бюджеты"

МФ, МЦРИАП, МИОР, АО "НИТ" (по согласованию)

4 квартал 2021 года

требуются

за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете МФ в рамках бюджетной программы 030 подпрограммы 102

III Противодействие коррупции в квазигосударственном и частном секторах

17

Разработка методических рекомендаций по определению квалификационных требований и должностных инструкций для работников антикоррупционных комплаенс служб субъектов квазигосударственного сектора

методические рекомендации

АПК (по согласованию)

1 квартал 2022 года

не требуются


18

Проведение антикоррупционного мониторинга закупок в квазигосударственном секторе

информация в Правительство

АПК (по согласованию)

ежегодно, 1 квартал, следующий за отчетным годом

не требуются


IV Предупреждение коррупции в судебных и правоохранительных органах

19

Развитие проекта "smart-сот" в части:
1) дальнейшего увеличения доли дел, рассмотренных в "виртуальном суде";
2) внедрения искусственного интеллекта в судопроизводстве (цифровая аналитика);
3) создания антикоррупционной краудсорсинговой платформы;
4) обеспечения внутренней безопасности (видео аналитика)

Информация в АП

ВС (по согласованию)

3 квартал 2021 года

не требуются


20

Утверждение антикоррупционных стандартов для сотрудников судебной системы

антикоррупционный стандарт

ВС (по согласованию)

3 квартал 2021 года

не требуются


21

Внедрение сервиса подачи осужденными электронных обращений в правоохранительные органы и суд без посредников

акт ввода в эксплуатацию

МВД

1 квартал 2023 года

не требуются


V Формирование системы добропорядочности и антикоррупционной культуры в обществе

22

Внедрение во всех высших учебных заведениях принципов и аналитических инструментов Лиги академической честности – знание студентов, медиана оценок, правила цитирования, антиплагиат и другие

приказ

МОН, МКС, АПК (по согласованию)

4 квартал 2021 года

не требуются


23

Проведение акции "Чистая сессия" в организациях образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального образования, и высших учебных заведениях

информация в АП

МОН, МКС

ежегодно, 1 квартал, следующий за отчетным годом

не требуются


24

Реализация проектов государственного социального заказа, грантов для неправительственных организаций по формированию антикоррупционного сознания среди населения

реализация проектов

МИОР, МИО

ежегодно, 1 квартал, следующий за отчетным годом

требуются

за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете МИОР в рамках бюджетной программы 004

25

Создание дипломных работ студентами РГУ "Казахский национальный университет искусств" и РГУ "Казахская национальная академия искусств имени Т.К. Жургенова" Министерства культуры и спорта Республики Казахстан на тему: "Всеобщее неприятие коррупции"

дипломные работы

МКС,
АПК (по согласованию)

ежегодно, 1 квартал, следующий за отчетным годом

не требуются


VI Противодействие бытовой коррупции

26

Выявление "скрытых" государственных услуг, а также проведение анализа предоставляемых государственных услуг с целью их перевода в цифровой формат с последующим внесением изменений дополнением в приказ и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 39 /НҚ "Об утверждении реестра государственных услуг"

приказ
 

МЦРИАП,
АДГС (по согласованию)
 

ежегодно, 1 квартал, следующий за отчетным годом

не требуются


27

Проработка вопроса исключения альтернативного предоставления государственных услуг через услугодателя при наличии полной готовности услуги и увеличения количества государственных услуг, оказываемых по принципу "одного заявления", с последующим внесением изменений или дополнений в приказ и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 января 2020 года № 39 /НҚ "Об утверждении реестра государственных услуг"

приказ

МЦРИАП

ежегодно, 1 квартал, следующий за отчетным годом

не требуются


28

Обеспечение наличия видеорегистраторов у работников органов государственных доходов на автомобильных пунктах пропуска, Государственной границе Республики Казахстан со странами ЕАЭС и сотрудников инспекции ветеринарно-санитарного и карантинного фитосанитарного контроля

акт внедрения

МФ, МСХ
 

4 квартал 2022 года

требуются

в пределах средств *

29

Отмена выдачи бумажных медицинских справок и больничных листов путем интеграции информационных систем с возможностью получения этих услуг третьим лицом (должностным лицом) в установленном порядке

приказ

МЗ

4 квартал 2021 года

не требуются


30

Открытие специальной антикоррупционной телепрограммы в эфирах республиканских и региональных телеканалов

выпуск телепрограммы

МИОР

4 квартал 2021 года

требуются

за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете МИОР в рамках бюджетной программы 003

VII Развитие международного сотрудничества по вопросам противодействия коррупции

31

Выработка предложений по повышению эффективности противодействия коррупции на основе рекомендаций ГРЕКО, ОЭСР, Конвенции ООН против коррупции

предложения в АП

АПК (по согласованию)

ежегодно, 1 квартал, следующий за отчетным годом

не требуются


VIII Мониторинг и оценка реализации стратегии

32

Обеспечить проведение мониторинга и оценки реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы

результаты мониторинга и оценки
 

АПК (по согласованию)

ежегодно по итогам года, не позднее 15 февраля

не требуются



      Примечание: * в соответствии с пунктом 5 статьи 67 Бюджетного кодекса расходы будут осуществляться за счет перераспределения средств базовых расходов.

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МИОР – Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан

      МСХ – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

      МЮ – Министерство юстиции Республики Казахстан

      СМИ – средства массовой информации

      МОН – Министерство образования и науки Республики Казахстан

      ГП – Генеральная прокуратура Республики Казахстан

      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан

      МТСЗН – Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      МИО – местные исполнительные органы

      ВС – Верховный Суд Республики Казахстан

      МИИР – Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

      МФ – Министерство финансов Республики Казахстан

      АФМ – Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу

      АДГС – Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы

      МКС – Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

      АП – Администрация Президента Республики Казахстан

      КПМ – Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан

      АПК – Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба)

      МИД – Министерство иностранных дел Республики Казахстан

      АО "НИТ" – акционерное общество "Национальные информационные технологии"

      КНБ – Комитет национальной безопасности Республики Казахстан

      МНЭ – Министерство национальной экономики Республики Казахстан

      МЦРИАП – Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

      МВД – Министерство внутренних дел Республики Казахстан