Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) есептік жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылуын бағалау және жүргізілген мониторинг туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есептік жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) жыл сайын есептік жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей жұртшылық тарапынан бағалау алу және қоғамдық пікірді ескеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің ресми интернет-ресурсында жарияласын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімдері |
Болжанатын шығыстар (мың теңге) |
Қаржыландыру көздері |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|
І Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл | |||||||
1 | Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін еселенген айыппұлдарды қолданудың күшін жою бойынша мәселені пысықтау | ПӘ-ге ақпарат |
СҚА (келісу бойынша), |
2022 жылғы | талап етілмейді | ||
2 |
Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдау: | өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актілері, ПӘ-ге ақпарат | ЦДИАӨМ, АШМ, ҰЭМ, ЖАО |
2023 жылғы | талап етіледі | қаражат шегінде* | |
3 | Ұлттық қауіпсіздік және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнама талаптарын ескере отырып, заманауи бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін орнату және ашық цифрлық карталармен қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен және карталармен байланысты функциялардың дәлдігін, қолжетімділігін және автоматтандырылуын арттыру | координаттар жүйесі, ашық кеңістік деректері |
ЦДИАӨМ, |
2023 жылғы | талап етіледі | қаражат шегінде* | |
4 |
Мемлекеттік органдардың мынадай функцияларын бәсекелес ортаға (жеке) беру туралы мәселені пысықтау: | ПӘ-ге ұсыныстар | ИИДМ |
2021 жылғы | талап етілмейді | ||
5 | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын жетілдіру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СҚА (келісу бойынша) |
2023 жылғы | талап етілмейді | ||
6 | Еңбекмині ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелерінде аудио және бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | енгізу актісі | Еңбекмині |
2021 жылғы | талап етіледі | 111 бюджеттік бағдарлама шеңберінде Еңбекминіне республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде | |
7 |
Электрондық форматта 031/у нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды алу және сырттай куәландыруды енгізу мақсатында "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ААЖ-мен "Амбулаториялық-емханалық көмек" ақпараттық жүйесін интеграциялау |
ақпараттық өзара | ДСМ, Еңбекмині |
2021 жылғы | талап етіледі |
104 кіші бағдарламаның 001 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде | |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде Open Api технологияларын енгізу | енгізу актісі | ЦДИАӨМ |
2023 жылғы | талап етіледі | қаражат шегінде* | |
9 | Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттық қызметті автоматтандыру | өндіріске енгізу актісі |
Әділетмині, ЦДИАӨМ, |
2022 жылғы | талап етілмейді | ||
10 | "Е-Saraptama" ақпараттық жүйесін енгізу | енгізу актісі | Әділетмині |
2021 жылғы | талап етіледі | 001 бюджеттік бағдарлама, 104 кіші бағдарлама шеңберінде Әділетминіне республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде | |
11 | Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс көрсеткішін енгізу | бұйрық | СІМ |
2021 жылғы | талап етілмейді | ||
12 | Көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерінің, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелерінің желісін кеңейту | пайдалануға енгізу актісі | ІІМ, ЖАО |
2021 -2023 | талап етіледі | жергілікті бюджет қаражаты есебінен және шегінде | |
13 | Патрульдік полицияны, учаскелік полиция инспекторларын, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, көші-қон қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі және басқа да қызметкерлерді алып жүретін бейне-тіркегіштермен, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізуді енгізуге арналған планшеттермен жарақтандыру | жабдықты қабылдау актісі | ІІМ, ЖАО |
2023 жылғы | талап етіледі |
077 бюджеттік бағдарлама шеңберінде | |
II Қоғамдық бақылау институтын жетілдіру | |||||||
14 | Автожол саласының барлық мемлекеттік кәсіпорындарында ҚР СТ 3049-2017 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі" стандартын енгізу бөлігінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу | бұйрық |
ИИДМ, |
2022 жылғы | талап етілмейді | ||
15 | Қоғамдық бақылауды құқықтық регламенттеу, оның ішінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашықтығы, транспаренттілігі және қоғамға есеп беру тетіктерін қамтамасыз ету | заң | АҚДМ |
2022 жылғы | талап етілмейді | ||
16 | "Ашық бюджеттер" порталын "Е-Қаржымині" және "Мемлекеттік жоспарлау" ақпараттық жүйелерімен интеграциялау | "Ашық бюджеттер" порталының модификациясы | Қаржымині, ЦДИАӨМ, АҚДМ, "ҰАТ" АҚ (келісім бойынша) |
2021 жылғы | талап етіледі | 030 бюджеттік бағдарламаның 102 кіші бағдарламасы шеңберінде Қаржыминіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде | |
III Квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл | |||||||
17 | Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері жұмыскерлері үшін біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарды анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | СҚА (келісу бойынша) |
2022 жылғы | талап етілмейді | ||
18 | Квазимемлекеттік секторда сатып алудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу | Үкіметке ақпарат | СҚА (келісу бойынша) |
жыл сайын, есептік жылдан кейінгі | талап етілмейді | ||
IV Сот және құқық қорғау органдарында жемқорлықтың алдын алу | |||||||
19 |
"Smart-сот" жобасын: | ПӘ-ге ақпарат | ЖС (келісу бойынша) |
2021 жылғы | талап етілмейді | ||
20 | Сот жүйесінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту | сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт | ЖС (келісу бойынша) |
2021 жылғы | талап етілмейді | ||
21 | Сотталғандардың құқық қорғау органдарына және сотқа электрондық өтініштерді делдалдарсыз беру сервисін енгізу | пайдалануға енгізу актісі | ІІМ |
2023 жылғы | талап етілмейді | ||
V Қоғамда парасаттылық жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру | |||||||
22 | Барлық жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық лигасының қағидаттары мен талдау құралдарын енгізу – студенттердің білімі, бағалар медианасы, дәйексөз алу, плагиатқа қарсы қағидалар және басқа | бұйрық |
БҒМ, МСМ, |
2021 жылғы | талап етілмейді | ||
23 | Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында "Таза сессия" акцияларын өткізу | ПӘ-ге ақпарат | БҒМ, МСМ |
жыл сайын, есептік жылдан кейінгі | талап етілмейді | ||
24 | Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар жобаларын іске асыру | жобаларды іске асыру | АҚДМ, ЖАО |
жыл сайын, есептік жылдан кейінгі | талап етіледі | 004 бюджеттік бағдарлама шеңберінде АҚДМ-ға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде | |
25 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ және "Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ студенттерінің "Сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау" тақырыбында дипломдық жұмыстар жазуы | дипломдық жұмыстар |
МСМ, |
жыл сайын, есептік жылдан кейінгі | талап етілмейді | ||
VI Тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл | |||||||
26 | Мемлекеттік көрсетілетін "жасырын" қызметтерді анықтау, ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге оларды цифрлы форматқа ауыстыру мақсатында талдау жүргізу, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 /НҚ бұйрығына кейіннен өзгерістер енгізу | бұйрық |
ЦДИАӨМ, |
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі | талап етілмейді | ||
27 | Көрсетілетін қызметтер толық дайын болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді баламалы ұсынуды алып тастау және "бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту мәселесін кейіннен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 /НҚ бұйрығына өзгерістер немесе толықтырулар енгізе отырып пысықтау | бұйрық | ЦДИАӨМ |
жыл сайын, есептік жылдан кейінгі | талап етілмейді | ||
28 | Автомобиль өткізу пункттерінде, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен Мемлекеттік шекарасында мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінде және ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылау инспекциясы қызметкерлерінде бейне-тіркегіштердің бар болуын қамтамасыз ету | енгізу актісі | Қаржымині, АШМ |
2022 жылғы | талап етіледі | қаражат шегінде | |
29 | Белгіленген тәртіппен үшінші тұлғаның (лауазымды тұлғаның) осы көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігімен, ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы қағаз медициналық анықтамалар мен аурухана парақтарын беруді тоқтату | бұйрық | ДСМ |
2021 жылғы | талап етілмейді | ||
30 | Республикалық және өңірлік телеарналардың эфирінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы телебағдарлама ашу | телебағдарлама шығару | АҚДМ |
2021 жылғы | талап етіледі | 003 бюджеттік бағдарлама шеңберінде АҚДМ-ға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде | |
VII Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту | |||||||
31 |
ГРЕКО, ЭЫДҰ, БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының | ПӘ-ге ұсыныстар | СҚА (келісу бойынша) | жыл сайын, есептік жылдан кейінгі 1-тоқсан | талап етілмейді | ||
VIII Стратегияны іске асыру мониторингі және бағалау | |||||||
32 | Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына мониторинг пен бағалау жүргізуді қамтамасыз ету | мониторинг және бағалау нәтижелері | СҚА (келісу бойынша) | жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 15 ақпаннан кешіктірмей | талап етілмейді |
Ескертпе:
* Бюджет кодексінің 67-бабының 5-тармағына сәйкес шығыстар базалық шығындар қаражатын қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
АҚ | – акционерлік қоғам |
АШМ | – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Әділетмині | – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
БАҚ | – бұқаралық ақпарат құралдары |
БҒМ | – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
БП | – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ДСМ | – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖАО | – жергілікті атқарушы органдар |
ЖС | – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ИИДМ | – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Қаржымині | – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚМА | – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
МҚІА | – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
МСМ | – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
ПӘ | – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
ПМК | – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
СҚА | – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) |
СІМ | – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ҰҚК | – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ІІМ | – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |