2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 388-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысымен бекітілген |
Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2024 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруының тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қарыз шарты – оператор өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін ақша қаражатының белгілі бір мөлшерін ұйымның меншігіне беруге міндеттенетін, ал ұйым осы Қағидалардың шарттарын ескере отырып, операторға ақша қаражатын уақтылы қайтаруға міндеттенетін шарт;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және оның (олардың) қаптамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) өңдеу саласындағы жоба – өңдеу өнеркәсібі саласындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған:
Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту;
серпінді, технологиялық және инновациялық шешімдерді іске асыру;
қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға және кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары жаппай санитариялық кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу жөніндегі жоба;
6) ұйым – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған шарттарда серпінді өңдеу жобаларын қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін "Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 521 қаулысына сәйкес құрылған "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
7) техникалық регламент – көлік құралдарына қатысты – Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты – Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 2012 жылғы шілдедегі № 60 техникалық регламенті (КО ТР 031/2012);
8) лизингтік компания – "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы лизингін жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған, жұмыс көлемі 50 текше сантиметрден асатын іштен жану қозғалтқышының немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты 4 кВт-тан асатын электр қозғалтқышының (қозғалтқыштарының) көмегімен өздігінен қозғалысқа келтірілетін техникалық құрал.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2024 № 558 (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Оператордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын өңдеу саласындағы жобалар осы Қағидаларға және ұйымның ішкі актілеріне сәйкес, бұл ретте Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған жобалар мынадай шарттарда іріктеледі:
1) оператордың қаржыландырудың қорытынды көлемі:
Қазақстан Республикасында отандық өндірістің жаңа жеңіл автокөлігіне тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын жаңартуға байланысты өңдеу саласындағы жобаларды 2022 жылы қаржыландыруының қорытынды көлемі 100000000000 (бір жүз миллиард) теңгені, отандық өндірістің автобустарына 30000000000 (отыз миллиард) теңгені және отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына 30000000000 (отыз миллиард) теңгені;
Қазақстан Республикасында отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы техниканы жаңартуға байланысты өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыруының қорытынды көлемі 2023 жылы 20000000000 (жиырма миллиард) теңгені құрайды;
2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:
қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100000000000 (бір жүз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 30 жыл, нысаналы мақсаты: отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы жеке тұлғаларды қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – қарыз алушылар) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту арқылы кейіннен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру үшін түпкі қарыз алушылардың қарыз алушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуіне қарай қайтарылатын қаражатты ұйым осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасының талаптарына сәйкес:
көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын автоөндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс автобустарын;
көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес отандық өндіріс троллейбустарын;
көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден отандық өндіріс трамвайларын сатып алатын лизинг алушыларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін жібереді;
қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 30 жыл, нысаналы мақсаты: жергілікті атқарушы органдар жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) және (немесе) техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс автобустарын көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын автоөндірушілерден сатып алып, оларды кейіннен жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бірлесіп басқаруға беретін тасымалдаушыларды (бұдан әрі бірлесіп – автобустарды лизингке алушылар деп аталады) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;
қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 15 жыл, нысаналы мақсаты: ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан отандық өндірушілердің техникалық регламенттерінде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жаңа техникасын қаржы лизингіне сатып алатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін лизингтік компанияларды (бұдан әрі – техниканы лизингке алушылар) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;
қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20000000000 (жиырма миллиард) теңге, қарыз мерзімі 15 жыл, нысаналы мақсаты: техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру үшін лизингтік компанияларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;
негізгі борышты өтеу – ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;
ұйым оператордан қарыз алғанда қамтамасыз ету ұсынылмайды;
3) ұйым қарыз алушылармен мынадай негізгі шарттарда қарыз шарттарын жасасады:
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1,0 %-дан аспайды;
қарыз мерзімі – 2030 жылғы 31 шілдеге дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 рет;
қарыз алушылардың қарыз қаражатын игеру мерзімі – ұйым мен қарыз алушы арасында қарыз сомасын ұлғайту туралы қарыз шарты/қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін;
қарыз валютасы – теңге;
негізгі борышты өтеу – ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;
қарыз шарты шеңберінде қаражат жеке тұлғаларды – отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларды қаржыландыру мақсаттарына жіберіледі, бұл ретте қарыз алушыларға бөлінетін қаражатты шетел валютасына не қарыздың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін өзге құралдарға инвестициялауға жіберуге тыйым салынады;
қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және (немесе) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;
4) әрбір отандық жеңіл автокөлік өндірушіге арналған қаржыландыру лимиті уәкілетті органның Өнеркәсіп комитеті бекіткен, осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын өнеркәсіп орындары өкілдерінен құралған комиссияның шешімімен айқындалады және оны ұйымның басқармасы бекітеді.
Лизинг алушыларды, оның ішінде автобустарды, трамвайларды, троллейбустар мен техниканы лизингке алушыларды қаржыландыруды ұйым және лизингтік компаниялар қаржыландыру лимитін автобустарды, трамвайларды, троллейбустар мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын әрбір отандық өндірушіге бөлмей, лизинг алушылар өтінімдерінің түсуіне қарай жүргізеді.
Осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды, техника мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілердің тізбесін ұйымға уәкілетті органның тиісті ведомствосы ұсынады;
5) бөлінетін қаражат мақсатсыз пайдаланылған және (немесе) уақтылы игерілмеген және (немесе) түпкі қарыз алушылар өтейтін қаражат ұйымға уақтылы қайтарылмаған, сондай-ақ ұйым мен қарыз алушы арасындағы қарыз шартында көзделген жағдайлар туындаған жағдайларда ұйым тиісті қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алуға құқылы;
6) қарыз алушы қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда осы қаражатты қайта пайдалану ұйымның уәкілетті органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады;
7) отандық өндірістің автомобильдерін сатып алатын түпкі қарыз алушыларды қаржыландырудың негізгі шарттары:
нысаналы топ – жеке тұлғалар, техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушылар;
кредит түпкі қарыз алушыларға нысаналы пайдалану, ақылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында беріледі, оның ішінде:
жеңіл автокөліктің 1 бірлігі үшін қаржыландыру сомасы 10000000 (он миллион) теңгеден аспайды, жеңіл автокөліктің құны 15000000 (он бес миллион) теңгеден қымбат емес;
бір түпкі қарыз алушыға қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді;
қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;
кредит беру валютасы – теңге;
түпкі қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4,0 %-дан аспауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес айқындалатын түпкі қарыз алушы үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге) бойынша түпкі қарыз алушының шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5 %-дан аспауға тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысымен бекітілген берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларында көзделген;
отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сақтандыру және кепілге ресімдеу жөніндегі шығыстарды түпкі қарыз алушылар төлейді;
8) ұйым отандық өндірістің автобустарын сатып алушы – автобустарға лизинг алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:
лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;
автобустарға лизинг алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі – лизингтің бүкіл мерзімі үшін 0,01 % біржолғы төлеммен;
лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 0 %-ынан бастап;
қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанасын ұстау) – автобустарды лизингке алушы есебінен;
бірлескен қызмет туралы шарттар шеңберінде тасымалдаушының лизинг нысанасын пайдаланғаны үшін сыйақы және басқа да комиссиялар төлеуге байланысты шығыстарын ұлғайтуға ӘКК-нің лизинг алушысының құқығы жоқ;
автобустарды лизингке алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер автобустарды лизингке алушылармен жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберіледі;
Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларында және (немесе) облыс орталықтарында қызметін жүзеге асыратын тасымалдаушылар (оның ішінде ӘКК-мен бірлескен қызметті жүзеге асыратындар) қаржыландыру шарттарын пайдалана алмайды, бұл ретте ұйым қаржыландыруға мақұлдаған тасымалдаушылардың (оның ішінде ӘКК-мен бірлескен қызметті жүзеге асыратындардың) өтінімдері болмаған жағдайда оларды оператордан алған күннен не оларды револьверлік қағидат бойынша қайтарған күннен бастап бір жыл өткен соң ұйым Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды (оның ішінде ӘКК-мен бірлескен қызметті жүзеге асыратындарды) қаржыландыруға құқылы;
тасымалдаушының міндеттемелері бойынша ӘКК тарапынан осы тасымалдаушы үшін толық ортақ жауапкершілік туралы кепілдік беру және (немесе) оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде қаржыландыру және (немесе) ұйымның ішкі актілеріне сәйкес осы тасымалдаушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етудің жеткіліктілігі ӘКК болып табылмайтын тасымалдаушыларды қаржыландыру кезінде ұйымның міндетті талаптары болып табылады;
қаржы лизингі шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және (немесе) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;
9) ұйым отандық өндіріс автобустарын, трамвайларын, троллейбустарын сатып алатын лизинг алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:
лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,0 %, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері оператордың қаражатын ұйымның өзге қаражатымен 80/20 пропорциясында микширлеу есебінен белгіленеді;
лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 15 %-ынан басталады, бұл ретте дәнекерлеу және бояу операцияларын қамтитын әдіспен шығарылған автобустардың, трамвайлардың, троллейбустардың моделінде аванстық төлем кемінде 5 %-ды құрайды;
ұйым лизинг алушылардың шанақты дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялармен шығарылған отандық өндіріс автобустарына, трамвайларына, троллейбустарына берген өтінімдерін басымдықпен қарайды;
қаржы лизингі шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және (немесе) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;
10) ұйым лизингтік компаниялармен мынадай негізгі шарттарда қарыз шарттарын жасасады:
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,35 %-дан аспайды;
қарыз мерзімі – 15 жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 рет;
лизингтік компаниялардың қарыз қаражатын игеру мерзімі – ұйым мен лизингтік компания арасындағы қарыз сомасын ұлғайту туралы қарыз шарты/қарыз шартына қосымша келісім жасалған күннен бастап 18 айға дейін;
қарыз валютасы – теңге;
негізгі борышты өтеу – ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;
қарыз шарты шеңберінде қаражат техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру мақсаттарына жіберіледі, бұл ретте лизингтік компанияларға бөлінетін қаражатты шетел валютасына не қарыздың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін өзге құралдарға инвестициялауға жіберуге тыйым салынады;
бөлінетін қаражат мақсатсыз пайдаланылған және (немесе) уақтылы игерілмеген, сондай-ақ ұйым мен лизингтік компания арасындағы қарыз шартында көзделген жағдайлар туындаған жағдайларда ұйым тиісті қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алуға құқылы;
қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және (немесе) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;
11) лизингтік компания отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушы – техниканы лизингке алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:
лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,0 %. Жылдық 6,0 % мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесі ұйымның қаражатын лизингтік компаниялардың өзге қаражатымен 80/20 пропорциясында микширлеу есебінен белгіленеді.
Револьверлік қаржыландыру кезінде жылдық 6,0 % сыйақы мөлшерлемесін сақтау мақсатында лизингтік компаниялардың қаражатты микширлеу пропорциясын өзгертуіне жол беріледі;
лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 0 %-ынан бастап;
негізгі қарызды өтеу – жылына 1 рет;
қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік қызмет көрсету және лизинг нысанасын ұстау) – техниканы лизингке алушының есебінен;
техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады (ұйымнан тартылған қарыз сомасы шегінде), қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер техниканы лизингке алушылармен жаңадан қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберіледі;
техниканы лизингке алушының біреуіне арналған қаржыландыру сомасы 205000000 (екі жүз бес миллион) теңгеден және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен аспайды, техниканы лизингке алушының біреуіне қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді. Егер лизинг нысаналарының жиынтық құны Қағидаларда белгіленген техниканы лизингке алушының біреуін қаржыландыру сомасынан асып кеткен жағдайда соңғысы лизинг берушіге айырманы бастапқы жарна (аванс) түрінде төлеуге құқылы;
қаржы лизингі шартының өзге талаптары лизингтік компанияның талаптарына сәйкес және (немесе) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2024 № 558 (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру, орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша оператордың қаражаты есебінен қаржыландыратын өңдеу саласындағы жобалар осы Қағидаларға және ұйымның ішкі актілеріне сәйкес мынадай шарттармен іріктеледі:
1) оператор қаржыландыратын қорытынды көлем:
2024 – 2026 жылдары қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру, орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 290000000000 (екі жүз тоқсан миллиард) теңге, оның ішінде:
орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің өрт сөндіру техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын сатып алуға – 35000000000 (отыз бес миллиард) теңге;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алуға – 5000000000 (бес миллиард) теңге;
көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс автобустарын сатып алуға – 2024 жылы 15000000000 (он бес миллиард) теңге;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын сатып алуға – 2024 жылы 50000000000 (елу миллиард) теңге;
2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:
қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 15 жылдан аспайды;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;
экологиялық сыныптағы автобустарды отандық өндірушілерден, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден сатып алатын лизинг алушыларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 30 жыл;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 15 жылдан аспайды;
негізгі борышты өтеу – жылына 1 рет, ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен негізгі борышты өтеу бойынша кемінде 2 жыл жеңілдікті кезеңмен;
ұйым оператордан қарыз алғанда қамтамасыз ету ұсынылмайды;
3) ұйым лизинг алушылармен (оның ішінде автобустарды лизингке алушылармен)/қарыз алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шартын жасасады:
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3 %-дан аспайды;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9 %-дан аспайды, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері оператор қаражатын ұйымның өзге қаражатымен микширлеу есебінен белгіленуі мүмкін;
қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға және кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг/қарыз мерзімі – 3 жылдан бастап 15 жылға дейін;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қоспағанда, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;
лизинг алушының/қарыз алушының өзінің қатысуы – қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жоба құнының кемінде 20 %-ы, оның ішінде кемінде 10 %-ы ақшалай қаражат;
орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %;
ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %, табиғат қорғау ұйымдарының меншікті қаражаты есебінен өтелетін болса – кемінде 20 %;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %;
қамтамасыз ету – ұйымның талаптарына сәйкес;
қарыз валютасы – теңге;
қосымша шығыстар (сақтандыру) – ұйымның ішкі актілеріне сәйкес;
автобустарды лизингке алушылар үшін қаржыландырудың негізгі шарттары осы Қағидалардың 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілгенге ұқсас;
қаржы лизингі/қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.07.2024 № 558 (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Осы Қағидаларға сәйкес өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды ұйым жүзеге асырады.
6. Осы Қағидаларға сәйкес оператордан ұйым алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды оператор, уәкілетті орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
7. Оператор бұған дейін қаржыландыруды жүзеге асырған өңдеу саласындағы жоба қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мақсаттарына қол жеткізбеген жағдайда ұйым жіберілген қаражат көлемін қарыз шартында айқындалатын тәртіппен және шарттарда операторға қайтарады.
2-тарау. Қаржыландыру тәртібі
1-параграф. Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жөніндегі өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі
8. Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) уәкілетті орган жыл сайынғы негізде тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде операторға өңдеу саласындағы жобаларды оператордың қаражаты есебінен қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемін ұсыну туралы сауал (бұдан әрі – сауал) жібереді;
2) оператор сауалды қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне қосады және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тарту жіберген жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясаттағы қаржыландыру көлемін келіскен жағдайда оператор келісім алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті қаржы жылына арналған сауалға жауап жібереді;
5) уәкілетті орган сауалға жауап алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымға өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпарат жібереді;
6) ұйым өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпаратты алғаннан кейін өңдеу саласындағы жобаны қаржыландыру үшін қаралып отырған, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтитын бизнес-жоспармен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және уәкілетті органға келісуге жібереді.
Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, сондай-ақ трамвайларды, троллейбустар мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін техниканы жаңартуға бағытталған жобалар бойынша ұйым техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныпқа сәйкес келетін отандық өндірістің көлік құралдары жөніндегі ақпаратпен қоса қаржыландырудың бүкіл көлеміне арналған өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және уәкілетті органға келісуге жібереді.
Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған жобалар бойынша ұйым техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы туралы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган берген, болуы техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестікті растайтын сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қамтитын ақпаратпен қоса қаржыландырудың бүкіл көлеміне арналған өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және уәкілетті орган өтінімді алғаннан кейін жиырма екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылған өңдеу саласындағы жобаны қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне немесе техникалық регламентке және көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ұсынылған өтінімді келіседі не дәлелді бас тартуды ұсынады;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан және уәкілетті органнан бас тартуды алған жағдайда ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келісу үшін қайта жібереді;
8) ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан және уәкілетті органнан осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасында көзделген келісімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін өңдеу саласындағы әрбір жеке жоба бойынша оператормен қарыз шартын жасасады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.07.2024 № 558 (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыруды ұйым Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын жаңартуға бағытталған жобалар үшін, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және (немесе) ұйымның уәкілетті органдарының ішкі актілері мен шешімдерінің шарттарына сәйкес 3 % дейінгі, сондай-ақ 0,01-ден бастап және одан жоғары пайыз мөлшерлемелері бойынша жүзеге асырады.
2-параграф. Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі зауыттарды (өндірістерді) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі
10. Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі зауыттарды (өндірістерді) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі зауыттарды (өндірістерді) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі өңдеу саласындағы жобаның қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген (бұдан әрі – қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нысаналы көрсеткіштер) Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамада көзделген тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталғаны туралы ақпаратты көздейтін бизнес-жоспармен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жібереді;
3) облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті жобаны іске асыру қажеттілігі және тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу туралы хатты қарайды және жібереді;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органынан осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ұйымға жобаны іске асыру қажеттілігін және оның қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және айналыс саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталғанын растайтын хат жолдайды немесе дәлелді бас тартуды ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан бас тартуды алған жағдайда ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келісу үшін қайта жібереді;
5) ұйым тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде Операторға осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның хатын және қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен пайдалануға дайындық бойынша зауыттар (өндірістер) салу жөніндегі өңдеуші саладағы жобаларды қаржыландырудың болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату, жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, жобаларды қаржыландыру үшін қаралатын бизнес-жоспарды және Жобаның қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы тиісті қаржы жылына арналған нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталғандығы туралы ақпаратты қоса бере отырып, тиісті қаржы жылына арналған қалдықтарды сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
6) оператор осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне қосады және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тартуды жіберген жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;
8) оператор осы Қағидалардың 10-тармағының 7) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау бойынша зауыттарды (өндірістерді) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың мақұлданған көлемі сомасына ұйыммен қарыз шартын жасасады.
3-параграф. Орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі
Ескерту. 3-параграф жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.07.2024 № 558 (қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ұйым тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін орманда өрт шығуының алдын алу және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобалардың қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталғаны және орманда өрт шығуының алдын алу және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыруға, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындауға, қайта өңдеуге арналған отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасының (оның ішінде өрт сөндіру көлігінің, орман өртін сөндіретін шағын кешеннің, трактордың) және (немесе) жабдығының техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қамтитын ақпаратпен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына жібереді;
3) уәкілетті орган және облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы тиісті жобаны іске асыру қажеттігі туралы хатты қарайды және бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органнан және облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органынан осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған өңдеу саласындағы жобаны техникалық регламентке сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ұсынылған өтінімді келіседі немесе дәлелді бас тартуды ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан бас тартуды алған жағдайда ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келісу үшін қайта жібереді;
5) ұйым тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде операторға осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның хатын және орманда өрт шығуының алдын алу және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман және табиғат қорғау мекемелері санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өндеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпаратты жобаның қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталғаны және орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыруға, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындауға, қайта өңдеуге арналған техниканың (оның ішінде өрт сөндіру көлігінің, орман өртін сөндіретін шағын кешеннің, трактордың) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығының техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы ақпаратпен қоса жібереді;
6) оператор осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне қосады және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тартуды жіберген жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;
8) оператор осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен одан әрі қаржыландыру үшін орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды тиісті жылы қаржыландырудың мақұлданған көлемінің сомасына ұйыммен қарыз шартын жасасады.