"Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шiлдедегi № 558 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өңдеу саласындағы жоба – өңдеу өнеркәсібі саласындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған:

      Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту;

      серпінді, технологиялық және инновациялық шешімдерді іске асыру;

      қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға және кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру;

      орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу;

      ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары жаппай санитариялық кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу жөніндегі жоба;".

      3-тармақтың 2), 4) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100000000000 (бір жүз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 30 жыл, нысаналы мақсаты: отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы жеке тұлғаларды қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – қарыз алушылар) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту арқылы кейіннен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру үшін түпкі қарыз алушылардың қарыз алушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуіне қарай қайтарылатын қаражатты ұйым осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасының талаптарына сәйкес:

      көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын автоөндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс автобустарын;

      көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес отандық өндіріс троллейбустарын;

      көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден отандық өндіріс трамвайларын сатып алатын лизинг алушыларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін жібереді;

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 30 жыл, нысаналы мақсаты: жергілікті атқарушы органдар жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі – ӘКК) және (немесе) техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс автобустарын көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын автоөндірушілерден сатып алып, оларды кейіннен жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге бірлесіп басқаруға беретін тасымалдаушыларды (бұдан әрі бірлесіп – автобустарды лизингке алушылар деп аталады) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30000000000 (отыз миллиард) теңге, қарыз мерзімі 15 жыл, нысаналы мақсаты: ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан отандық өндірушілердің техникалық регламенттерінде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің жаңа техникасын қаржы лизингіне сатып алатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін лизингтік компанияларды (бұдан әрі – техниканы лизингке алушылар) шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20000000000 (жиырма миллиард) теңге, қарыз мерзімі 15 жыл, нысаналы мақсаты: техниканы лизингке алушыларды қаржыландыру үшін лизингтік компанияларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін;

      негізгі борышты өтеу – ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен мерзімнің соңында;

      ұйым оператордан қарыз алғанда қамтамасыз ету ұсынылмайды;";

      "4) әрбір отандық жеңіл автокөлік өндірушіге арналған қаржыландыру лимиті уәкілетті органның Өнеркәсіп комитеті бекіткен, осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын өнеркәсіп орындары өкілдерінен құралған комиссияның шешімімен айқындалады және оны ұйымның басқармасы бекітеді.

      Лизинг алушыларды, оның ішінде автобустарды, трамвайларды, троллейбустар мен техниканы лизингке алушыларды қаржыландыруды ұйым және лизингтік компаниялар қаржыландыру лимитін автобустарды, трамвайларды, троллейбустар мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын әрбір отандық өндірушіге бөлмей, лизинг алушылар өтінімдерінің түсуіне қарай жүргізеді.

      Осы Қағидалар шеңберінде қаржыландыруға қатысатын автобустарды, трамвайларды, троллейбустарды, техника мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілердің тізбесін ұйымға уәкілетті органның тиісті ведомствосы ұсынады;";

      "9) ұйым отандық өндіріс автобустарын, трамвайларын, троллейбустарын сатып алатын лизинг алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шарттарын жасасады:

      лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,0 %, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері оператордың қаражатын ұйымның өзге қаражатымен 80/20 пропорциясында микширлеу есебінен белгіленеді;

      лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 15 %-ынан басталады, бұл ретте дәнекерлеу және бояу операцияларын қамтитын әдіспен шығарылған автобустардың, трамвайлардың, троллейбустардың моделінде аванстық төлем кемінде 5 %-ды құрайды;

      ұйым лизинг алушылардың шанақты дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялармен шығарылған отандық өндіріс автобустарына, трамвайларына, троллейбустарына берген өтінімдерін басымдықпен қарайды;

      қаржы лизингі шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және (немесе) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру, орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша оператордың қаражаты есебінен қаржыландыратын өңдеу саласындағы жобалар осы Қағидаларға және ұйымның ішкі актілеріне сәйкес мынадай шарттармен іріктеледі:

      1) оператор қаржыландыратын қорытынды көлем:

      2024 – 2026 жылдары қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру, орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 290000000000 (екі жүз тоқсан миллиард) теңге, оның ішінде:

      орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің өрт сөндіру техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын сатып алуға – 35000000000 (отыз бес миллиард) теңге;

      ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алуға – 5000000000 (бес миллиард) теңге;

      көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс автобустарын сатып алуға – 2024 жылы 15000000000 (он бес миллиард) теңге;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын сатып алуға – 2024 жылы 50000000000 (елу миллиард) теңге;

      2) ұйым оператордан қарыз алуды мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырады:

      қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 15 жылдан аспайды;

      орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;

      ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 7 жылдан аспайды;

      экологиялық сыныптағы автобустарды отандық өндірушілерден, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндірушілерден сатып алатын лизинг алушыларды шартты қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру және көлік құралдарын жаңарту жолымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 30 жыл;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға қарыздың бүкіл мерзімі үшін біржолғы төлеммен 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша, қарыз мерзімі 15 жылдан аспайды;

      негізгі борышты өтеу – жылына 1 рет, ұйымның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен негізгі борышты өтеу бойынша кемінде 2 жыл жеңілдікті кезеңмен;

      ұйым оператордан қарыз алғанда қамтамасыз ету ұсынылмайды;

      3) ұйым лизинг алушылармен (оның ішінде автобустарды лизингке алушылармен)/қарыз алушылармен мынадай негізгі шарттарда қаржы лизингі шартын жасасады:

      сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3 %-дан аспайды;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9 %-дан аспайды, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері оператор қаражатын ұйымның өзге қаражатымен микширлеу есебінен белгіленуі мүмкін;

      қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға және кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг/қарыз мерзімі – 3 жылдан бастап 15 жылға дейін;

      орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;

      ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі – 7 жылға дейін;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;

      орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыру, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қоспағанда, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;

      лизинг алушының/қарыз алушының өзінің қатысуы – қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, сұрыптауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау зауыттарын (өндірістерін) салу, қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыру бойынша өңдеу саласындағы жоба құнының кемінде 20 %-ы, оның ішінде кемінде 10 %-ы ақшалай қаражат;

      орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %;

      ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік (отандық өндірістің аналогтары болмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша) өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %, табиғат қорғау ұйымдарының меншікті қаражаты есебінен өтелетін болса – кемінде 20 %;

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін көрсетілген құралдарды өндірушілерден техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныптағы отандық өндіріс техникасын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларға лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизингтік төлемдер республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін болса – 0 %;

      қамтамасыз ету – ұйымның талаптарына сәйкес;

      қарыз валютасы – теңге;

      қосымша шығыстар (сақтандыру) – ұйымның ішкі актілеріне сәйкес;

      автобустарды лизингке алушылар үшін қаржыландырудың негізгі шарттары осы Қағидалардың 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілгенге ұқсас;

      қаржы лизингі/қарыз шартының өзге талаптары ұйымның талаптарына сәйкес және тараптардың келісуі бойынша белгіленеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) уәкілетті орган жыл сайынғы негізде тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде операторға өңдеу саласындағы жобаларды оператордың қаражаты есебінен қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемін ұсыну туралы сауал (бұдан әрі – сауал) жібереді;

      2) оператор сауалды қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне қосады және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тарту жіберген жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясаттағы қаржыландыру көлемін келіскен жағдайда оператор келісім алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті қаржы жылына арналған сауалға жауап жібереді;

      5) уәкілетті орган сауалға жауап алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұйымға өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпарат жібереді;

      6) ұйым өңдеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпаратты алғаннан кейін өңдеу саласындағы жобаны қаржыландыру үшін қаралып отырған, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтитын бизнес-жоспармен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы көлік құралдарын, сондай-ақ трамвайларды, троллейбустар мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарының, мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдарының техникалық базасын жаңарту үшін техниканы жаңартуға бағытталған жобалар бойынша ұйым техникалық регламентке сәйкес экологиялық сыныпқа сәйкес келетін отандық өндірістің көлік құралдары жөніндегі ақпаратпен қоса қаржыландырудың бүкіл көлеміне арналған өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұранысты ынталандыру арқылы өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталған жобалар бойынша ұйым техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық өндірістің өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы туралы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган берген, болуы техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестікті растайтын сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қамтитын ақпаратпен қоса қаржыландырудың бүкіл көлеміне арналған өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және уәкілетті орган өтінімді алғаннан кейін жиырма екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылған өңдеу саласындағы жобаны қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне немесе техникалық регламентке және көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ұсынылған өтінімді келіседі не дәлелді бас тартуды ұсынады;

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан және уәкілетті органнан бас тартуды алған жағдайда ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келісу үшін қайта жібереді;

      8) ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан және уәкілетті органнан осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасында көзделген келісімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін өңдеу саласындағы әрбір жеке жоба бойынша оператормен қарыз шартын жасасады.";

      3-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі

      11. Орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ұйым тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін орманда өрт шығуының алдын алу және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобалардың қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталғаны және орманда өрт шығуының алдын алу және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыруға, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындауға, қайта өңдеуге арналған отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасының (оның ішінде өрт сөндіру көлігінің, орман өртін сөндіретін шағын кешеннің, трактордың) және (немесе) жабдығының техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін қамтитын ақпаратпен қоса өтінімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына жібереді;

      3) уәкілетті орган және облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы тиісті жобаны іске асыру қажеттігі туралы хатты қарайды және бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органнан және облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органынан осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған өңдеу саласындағы жобаны техникалық регламентке сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ұсынылған өтінімді келіседі немесе дәлелді бас тартуды ұсынады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан бас тартуды алған жағдайда ұйым өтінімді пысықтайды және оны осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келісу үшін қайта жібереді;

      5) ұйым тиісті жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде операторға осы Қағидалардың 11-тармағының 4) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның хатын және орманда өрт шығуының алдын алу және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман және табиғат қорғау мекемелері санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өндеу саласындағы жобаларды қаржыландырудың тиісті қаржы жылына арналған болжамды көлемі туралы ақпаратты жобаның қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталғаны және орманда өрт шығуының алдын алуды және өрт сөндіруді ұйымдастыруға, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындауға, қайта өңдеуге арналған техниканың (оның ішінде өрт сөндіру көлігінің, орман өртін сөндіретін шағын кешеннің, трактордың) және (немесе) отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығының техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы ақпаратпен қоса жібереді;

      6) оператор осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты қарағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін өзінің инвестициялық саясатының тиісті бөліміне қосады және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган инвестициялық саясатты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган дәлелді бас тартуды жіберген жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартудың себебін жояды және инвестициялық саясатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қайта келісуге жібереді;

      8) оператор осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен одан әрі қаржыландыру үшін орманда өрт шығуының алдын алуды және өртті орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының сөндіруін ұйымдастыру үшін көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім жасасқан өндірушілерден отандық өндіріс техникасын (оның ішінде өрт сөндіру көлігін, орман өртін сөндіретін шағын кешен, трактор) және (немесе) техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс жабдығын сатып алу, ағаш дайындау ұйымдары, орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесуді жүргізген кезде сүрек пен басқа да ағаш өнімдерін дайындау, қайта өңдеу үшін техникалық регламентте айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін отандық және (немесе) шетелдік өндіріс техникасын және (немесе) жабдығын сатып алу бойынша өңдеу саласындағы жобаларды тиісті жылы қаржыландырудың мақұлданған көлемінің сомасына ұйыммен қарыз шартын жасасады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады