"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 921 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларында:

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырған деректер банкінен алушыға мүгедектік белгіленуі туралы мәліметтерді сұратады.;";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарда мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік алып тасталған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері БЖЗҚ мен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2013 года № 1042 "Об утверждении Правил осуществления пенсионных выплат, единовременных пенсионных выплат в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов из единого накопительного пенсионного фонда, возврата их в единый накопительный пенсионный фонд, методики осуществления расчета размера пенсионных выплат, методики определения коэффициента замещения среднемесячного дохода получателя пенсионными выплатами, методики определения порога минимальной достаточности пенсионных накоплений"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2021 года № 921. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.06.2023 № 528 (вводится в действие с 01.07.2023).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2013 года № 1042 "Об утверждении Правил осуществления пенсионных выплат, единовременных пенсионных выплат в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов из единого накопительного пенсионного фонда, возврата их в единый накопительный пенсионный фонд, методики осуществления расчета размера пенсионных выплат, методики определения коэффициента замещения среднемесячного дохода получателя пенсионными выплатами, методики определения порога минимальной достаточности пенсионных накоплений" следующее изменение и дополнение:

      в Правилах осуществления пенсионных выплат, единовременных пенсионных выплат в целях улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов из единого накопительного пенсионного фонда, возврата их в единый накопительный пенсионный фонд, утвержденных указанным постановлением:

      абзац первый пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "8. В случае, если получателями являются лица, указанные в подпункте 3) пункта 1 статьи 31, подпункте 3) пункта 1 статьи 32 Закона, ЕНПФ запрашивает сведения об установлении инвалидности получателю из централизованного банка данных системы учета инвалидов.";

      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:

      "8-1. В случае снятия инвалидности первой или второй группы, установленной бессрочно у лиц, указанных в подпункте 3) пункта 1 статьи 31 и подпункте 3) пункта 1 статьи 32 Закона, пенсионные выплаты из единого накопительного пенсионного фонда прекращаются с месяца, следующего за месяцем получения сведений о снятии инвалидности.

      Порядок и сроки предоставления сведений о снятии инвалидности установлены соответствующим соглашением, заключенным между ЕНПФ и уполномоченным органом в сфере социальной защиты.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин