Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"37) әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту;";
63-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"63-2) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
119), 119-1), 119-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"119) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
119-1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
119-2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 119-3) тармақшамен толықтырылсын:
"119-3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
121-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"121-2) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
121-3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 121-4), 121-5), 121-6), 121-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"121-4) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау тәртібінің қағидаларын әзірлеу;
121-5) мүгедектер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
121-6) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
121-7) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 154-14) тармақшамен толықтырылсын:
"154-14) бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесін бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |