Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 979 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2022 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нысаналы индикаторлар

      Нысаналы индикаторлар:

      1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2023 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға төмендету;

      2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2023 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.";

      7-тармақтың төртінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) көрсетілген офшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері офшорлық аймақтарда тіркелген ЖКС жобалары қаржыландырылмайды;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын ЕДБ кредиттеріне/ЛК қаржылық лизингіне кепілдік берілуге тиіс. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит/қаржылық лизинг сомасының 50 %-ынан аспайды.

      Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады.

      Қаржылық лизинг бойынша ЖКС лизинг нысанасы құнының кемінде 20 %-ы мөлшерінде меншікті қаражатымен (ақшасымен) қатысуды қамтамасыз етеді.

      Қаржылық лизинг бойынша жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қосымша қамтамасыз ету ретінде қабылдауға жол беріледі.

      Бұл ретте ҚДБ-нің орта және ірі бизнестің жобаларына мынадай шарттарда кепілдік беруіне жол беріледі:

      қарыз алушының бір кредиті шеңберіндегі кепілдік мөлшері – 3,5 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін;

      ҚДБ кепілдігі бойынша комиссия мөлшері 3,5 %-дан аспайды;

      кепілдік мерзімі 10 жылдан аспайды.

      Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ олардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ олардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. ";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 "О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования" и от 31 декабря 2019 года № 1060 "О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № 979. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 2024 года № 336.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.04.2024 № 336 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 "О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования":

      в механизме кредитования и финансового лизинга приоритетных проектов, утвержденном указанным постановлением:

      часть первую пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Общий объем финансирования Национальным Банком Республики Казахстан банков второго уровня (далее – БВУ) и АО "Аграрная кредитная корпорация" (далее – АКК) в 2018 – 2022 годах для поддержки субъектов частного предпринимательства (далее – СЧП), осуществляющих деятельность в обрабатывающей промышленности и агропромышленном комплексе, составит до 1 трлн тенге.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Целевые индикаторы

      Целевые индикаторы:

      1) снижение доли импорта по товарам экономики простых вещей на 20 % к 2023 году от уровня 2018 года;

      2) рост выпуска продукции экономики простых вещей на 20 % к 2023 году от уровня 2018 года.";

      подпункт 4) части четвертой пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "4) которые зарегистрированы в офшорных зонах, указанных в постановлении правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 24 февраля 2020 года № 8 "Об установлении Перечня офшорных зон для целей банковской и страховой деятельности, деятельности профессиональных участников рынка ценных бумаг и иных лицензируемых видов деятельности на рынке ценных бумаг, деятельности акционерных инвестиционных фондов и деятельности организаций, осуществляющих микрофинансовую деятельность" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20095), а также участники и (или) акционеры которых зарегистрированы в офшорных зонах;";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Условия гарантирования проектов СЧП:

      Гарантированию подлежат кредиты БВУ/финансовый лизинг ЛК с номинальной ставкой вознаграждения, не превышающей 15 % годовых. Размер гарантии в рамках одного проекта заемщика не может превышать 50 % от суммы кредита/финансового лизинга до 1 млрд тенге включительно.

      Срок гарантии – не более срока кредита.

      При этом разница в обеспечении по кредиту (залоговая стоимость) покрывается предпринимателем.

      По финансовому лизингу СЧП обеспечивает участие собственными средствами (деньгами) в размере не менее 20 % от стоимости предмета лизинга.

      По финансовому лизингу допускается принятие в качестве дополнительного обеспечения недвижимого и/или движимого имущества, а также гарантий учредителей/участников/акционеров и/или третьих лиц.

      При этом допускается гарантирование БРК проектов субъектов среднего и крупного предпринимательства на следующих условиях:

      размер гарантии в рамках одного кредита заемщика – от 3,5 млрд тенге до 10 млрд тенге;

      размер комиссии по гарантии БРК составляет не более 3,5 %;

      срок гарантии – не более 10 лет.

      Условия, порядок и механизм гарантирования, а также мониторинг реализуемых проектов в рамках настоящего механизма регламентируются Правилами гарантирования по кредитам в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025", утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060.

      Условия, порядок и механизм гарантирования, а также мониторинг реализуемых проектов по производству и переработке в агропромышленном комплексе регламентируются приказом уполномоченного государственного органа в области развития агропромышленного комплекса.";

      2) Утратил силу постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин