"Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 161 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 638 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 638 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арақтарға, және айрықша арақтарға күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ең төмен бөлшек сауда бағалары:

      1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге;

      2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 187 "Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, крепкие ликероводочные изделия"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2022 года № 161. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2023 года № 638

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.08.2023 № 638.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 187 "Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, крепкие ликероводочные изделия" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, водки с защищенным наименованием места происхождения товара, крепкие ликероводочные изделия, коньяк и бренди";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить минимальные розничные цены на:

      1) водки и водки особые, водки с защищенным наименованием места происхождения товара, крепкие ликероводочные изделия в размере 1 980 тенге за литр;

      2) коньяк и бренди в размере 2 930 тенге за литр.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов