Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 638 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арақтарға, және айрықша арақтарға күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ең төмен бөлшек сауда бағалары:
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге;
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |