Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 911 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСМ | наурыз | сәуір | маусым | А.С. Есмағамбетова |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27 және 28-жолдармен толықтырылсын:
"
27. | Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы | ҰЭМ | қыркүйек | қазан | желтоқсан | Б.Б. Омарбеков |
28. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰЭМ | қыркүйек | қазан | желтоқсан | Б.Б. Омарбеков |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |