Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 991 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 991 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 269; 26.05.2022 № 343 қаулыларымен.

Р/с

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты адам

Әділетмині

Үкімет

Парламент


1

2

3

4

5

6

7

1.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 269 қаулысымен.

2.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 269 қаулысымен.

3.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

қаңтар

қаңтар

наурыз

Н.В. Пан

4.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.05.2022 № 343 қаулысымен.

5.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСМ

наурыз

сәуір

маусым

А.С. Есмағамбетова

6.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

наурыз

сәуір

маусым

А.К. Әмрин

7.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

наурыз

сәуір

маусым

А.К. Әмрин

8.

Кәсіптік біліктіліктер туралы

Еңбекмині

сәуір

маусым

тамыз

А.Ә. Сарбасов

9.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктіліктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

сәуір

маусым

тамыз

А.Ә. Сарбасов

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ҰЭМ

шілде

тамыз

тамыз

А.К. Әмрин

11.

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

ҰЭМ

тамыз

тамыз

тамыз

А.К. Әмрин

12.

2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

тамыз

тамыз

тамыз

Т.М. Савельева

13.

Агломерацияларды дамыту туралы

ҰЭМ

маусым

шілде

қыркүйек

Ә.Е. Әбдіқадыров

14.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

маусым

шілде

қыркүйек

Ә.Е. Әбдіқадыров

15.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП

маусым

шілде

қыркүйек

Ә.Қ. Шындалиев

16.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгездікпен қараудың алдын алу саласында адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

маусым

шілде

қыркүйек

А.Р. Заппаров

16-1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МҚІА

шілде

тамыз

қазан

А.С. Жолманов

17.

Жылу энергетикасы туралы

ЭМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Қ.Б. Рахимов

18.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Қ.Б. Рахимов

19.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Қ.Б. Рахимов

20.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қорғанысмині

тамыз

қазан

желтоқсан

М.Р. Құсайынов

21.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

Еңбекмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

А.Ә. Сарбасов

22.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

А.Ә. Сарбасов

23.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Р.К. Сәкеев

24.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Р.К. Сәкеев

25.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ә.Е. Әбдіқадыров

26.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ә.Е. Әбдіқадыров

27.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы

ҰЭМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Б.Б. Омарбеков

28.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Б.Б. Омарбеков

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады