"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 991 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 269 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 911 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ДСМ

наурыз

сәуір

маусым

А.С. Есмағамбетова

                                                                                   ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 27 және 28-жолдармен толықтырылсын:

      "

27.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы

ҰЭМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Б.Б. Омарбеков

28.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Б.Б. Омарбеков

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады