"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы 528,7 гектарға азайтылсын.
2. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
"Ақмола облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) | 99471,3 | Біржан сал ауданы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
";
"Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
Түркістан облысы | ||||
107 | Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы | 131934 | Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби және Бәйдібек аудандары, Жамбыл облысының Жуалы ауданы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
108 | Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы | 34300 | Сауран ауданы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
109 | Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 149037,1 | Қазығұрт, Төле би және Түлкібас аудандары | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
110 | Ақдала мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) | 2000 | Арыс қаласы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
110 | Жамбыл мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) | 8600 | Бәйдібек ауданы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
112 | Задария мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) | 8400 | Арыс қаласы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
113 | Боралдай мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді) | 28140 | Түлкібас, Бәйдібек аудандары | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
114 | Темір мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) | 4000 | Отырар ауданы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
115 | Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы | 404000 | Отырар, Шардара аудандары және Арыс қаласы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
116 | Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы | 6258000 | Жамбыл облысының Сарысу және Шу аудандары, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы, Түркістан облысының Созақ, Сарыағаш, Ордабасы аудандары және Арыс қаласы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |