Республикалық маңызы бар Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 351 қаулысы.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы 528,7 гектарға азайтылсын.

      2. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Ақмола облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық)

99471,3

Біржан сал ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ";

      "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Түркістан облысы

107

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

131934

Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби және Бәйдібек аудандары, Жамбыл облысының Жуалы ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

108

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

34300

Сауран ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

109

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

149037,1

Қазығұрт, Төле би және Түлкібас аудандары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

110

Ақдала мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)

2000

Арыс қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

110

Жамбыл мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)

8600

Бәйдібек ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

112

Задария мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)

8400

Арыс қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

113

Боралдай мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)

28140

Түлкібас, Бәйдібек аудандары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

114

Темір мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)

4000

Отырар ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

115

Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы

404000

Отырар, Шардара аудандары және Арыс қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

116

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы

6258000

Жамбыл облысының Сарысу және Шу аудандары, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы, Түркістан облысының Созақ, Сарыағаш, Ордабасы аудандары және Арыс қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады