Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 279 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттарында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 8612030000 (сегіз миллиард алты жүз он екі миллион отыз мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға 2022 жылға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |