Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетика мәселелері жөніндегі кеңес туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы энергетика саласының орнықтылығы және оның тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Энергетика мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетика мәселелері жөніндегі кеңес туралы ереже";
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетика мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының энергетика саласын орнықты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Кеңестің міндеттері мен құқықтары";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай-газ кен орындарында жұмыс істейтін шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
5. Кеңестің белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын қалыптастыруға;
3) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
4) осы Ереженің 4-тармағында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
5) Кеңестің құзыреті шеңберінде оның тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Кеңесті қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру";
7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің жұмысы туралы баяндайды.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Кеңес хатшысы:
1) Кеңес отырыстары күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
2) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ Кеңес отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
3) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Кеңес отырыстарын өткізу үшін тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
2) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
3) Кеңес отырысының хаттамасын келісуді жүзеге асырады;
4) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді.
5) Кеңес ұсынымдарының іске асырылуын және қолданылуын мониторингтеу мен талдауды жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кеңестің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе энергетика саласы субъектілерінің назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсілмен жеткізілуі мүмкін. Жариялауға не энергетика саласының субъектілеріне беруге арналған ақпараттың тізбесі мен көлемін Кеңес айқындайды.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Кеңестің қызметін тоқтату";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетика мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы";
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, Кеңес хатшысы";
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі" және "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жолдар алып тасталсын;
"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания "KEGOС" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |