"Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 823 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;

      4) міндетті сақтандыру түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;

      5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (типтері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғары сыйымдылығы);

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы үш айдан астам салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;

      7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;

      8) қатаң есептілік бланкілерінің үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);

      9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;

      10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар;

      11) халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлік (субсидияланатын халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурсқа қатысқан кезде).

      19. Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бір данада ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігіледі, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылады. Құжаттар жолдар арасында кірістірмелерсіз ресімделеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Конверттер конкурсты ұйымдастырушыға (комиссияға) заңды тұлғаның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылатын мынадай белгілермен жіберіледі: "Конкурста ғана ашылсын" және "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беруге конкурстық өтінім".";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысушы авиакомпаниялардың атауы мен орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты хабарлайды.

      Авиакомпаниялар ұсынған жиіліктер саны мен тариф азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Егер конкурс өтті деп танылған жағдайда қатысушылардың конкурстық шарттары жарияланады.

      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия тиісті хаттама жасап, оған қол қояды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін, осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған авиакомпаниялардың өтінімдері қабылданбайды.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2013 года № 69 "Об утверждении Правил проведения конкурса на субсидируемые авиамаршруты и выдачи свидетельств на субсидируемые авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 "Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2022 года № 823. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2023 года № 1128.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.12.2023 № 1128 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.2

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2013 года № 69 "Об утверждении Правил проведения конкурса на субсидируемые авиамаршруты и выдачи свидетельств на субсидируемые авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1511 "Об утверждении Правил субсидирования авиамаршрутов" следующие изменения:

      в Правилах проведения конкурса на субсидируемые авиамаршруты и выдачи свидетельств на субсидируемые авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 18 и 19 изложить в следующей редакции:

      "18. Для участия в конкурсе участниками представляются следующие документы:

      1) заявление установленной формы на участие в конкурсе согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копия свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица.

      Примечание: *свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица;

      3) копия сертификата эксплуатанта гражданских воздушных судов со всеми приложениями;

      4) копия страховых полисов (договоров), подтверждающих наличие обязательных видов страхования;

      5) сведения о парке воздушных судов, выставляемых на субсидируемые авиамаршруты (типы, количество, регистрационные бортовые номера, максимальная вместимость);

      6) оригинал справки установленной формы соответствующего налогового органа об отсутствии (наличии) налоговой задолженности и задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам в единый накопительный пенсионный фонд более чем за три месяца, предшествующих дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками, за исключением случаев, когда срок уплаты отсрочен в соответствии с законодательством Республики Казахстан. В случае, если в справке указана задолженность, необходимо приложить документы, подтверждающие сроки образования данной задолженности;

      7) информация по опыту выполнения регулярных пассажирских рейсов в виде справки, заверенной подписью первого руководителя и печатью авиакомпании (за исключением субъектов частного предпринимательства);

      8) образцы бланков строгой отчетности (образцы перевозочных документов);

      9) копия соглашения о размещении ресурсов в автоматизированной системе бронирования и продажи авиаперевозок;

      10) конкурсные предложения по обеспечению основных условий и требований к организации перевозок пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений по выставленным на конкурс субсидируемым авиамаршрутам;

      11) свидетельство на международный авиамаршрут (при участии в конкурсе на субсидируемый международный авиамаршрут).

      19. Требуемые для участия в конкурсе документы представляются на государственном или русском языках в одном экземпляре, прошиваются, страницы нумеруются, последняя страница заверяется печатью юридического лица (за исключением субъектов частного предпринимательства). Документы оформляются без вставок между строчками.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Конверты адресуются организатору конкурса (комиссии) с пометками: "Вскрывать только на конкурсе" и "Конкурсная заявка на субсидируемые авиамаршруты и выдачу свидетельств на субсидируемые авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений", которые заверяются печатью юридического лица (за исключением субъектов частного предпринимательства).";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. При процедуре вскрытия конвертов с конкурсными заявками комиссия объявляет присутствующим лицам наименования и местонахождение авиакомпаний, участвующих в конкурсе, информацию о наличии или отсутствии документов, составляющих конкурсную заявку.

      Предложенные авиакомпаниями количество частот и тариф размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа в сфере гражданской авиации.

      Конкурсные условия участников публикуются в случае, если конкурс признается состоявшимся.

      Не позднее одного рабочего дня, следующего за днем вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе, комиссия составляет и подписывает соответствующий протокол.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Заявки авиакомпаний, не соответствующих квалификационным требованиям, указанным в пункте 9 настоящих Правил, не представивших документов, предусмотренных пунктом 18 настоящих Правил, отклоняются.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов