Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 54-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары бекітілсін.
2. "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында:
1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.1. Орындаушы авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды осы шартта айқындалған шарт сомасы шегінде, оның қолданыс мерзімі ішінде жүзеге асырады.";
1.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.3. Кіріс деңгейі қамтамасыз етілмейтін авиамаршруттардың тізбесі және әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген сома осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында берілген.";
Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысымен бекітілген |
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін
тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын
авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын
авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) авиакомпаниялар үшін жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде субсидияланатын авиамаршруттарға тұрақты авиарейстерді орындау құқығына конкурс өткізу тәртібін, конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, субсидияланатын авиамаршруттарға куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына сәйкес конкурс субсидияланатын авиамаршруттарда жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиакомпанияны айқындау мақсатында субсидияланатын авиамаршруттар тізбесіне енгізілген авиамаршруттар бойынша өткізіледі.
3. Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын субсидияланатын авиамаршруттар тізбесі, әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген субсидиялардың жылдық жалпы сомасы, әрбір субсидияланатын авиамаршрутқа жиіліктердің ең төменгі саны, тарифі және әуе кемесіндегі ең төменгі талап етілетін отыратын орын саны көрсетілген конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.
5. Конкурсқа осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиакомпания қатыса алады.
6. Конкурсқа шығарылатын әрбір субсидияланатын авиамаршрут жеке лот болып табылады.
7. Егер конкурсқа шығарылатын субсидияланатын авиамаршрутқа кемінде екі конкурсқа қатысушы өтінім берсе, осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурс өтті деп танылады.
8. Конкурс жеңiмпазына жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік (бұдан әрі – субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік) беріледі.
2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
9. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға авиакомпанияларға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар, субсидиялауға жататын, басым халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурсқа қатысу кезінде халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлігі бар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;
4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар авиакомпаниялар конкурсқа қатыса алады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу тәртібі
10. Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізуді және куәлiктер беруді қамтамасыз ету үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің қатарынан конкурстық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қалыптастырылады, оның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
11. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және кемінде бес адамнан құралуы тиiс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төраға орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған жағдайда дауыс беруге құқығы жоқ.
12. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қабылдайды және қарайды, конкурс өткiзедi және жеңiмпаздарды айқындайды, сондай-ақ субсидияланатын авиамаршрутқа өтінімдерді қажеттілігі авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурстар арасындағы кезеңде туындаған авиамаршрутты уақытша пайдалану үшін авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурсты өткізбей қарайды.
13. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары комиссия қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды.
14. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткізу туралы шешімді республикалық бюджет туралы заңмен субсидиялауға арналған бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткізу туралы қолдаухаттармен жүгінеді.
15. Қосымша бюджет қаражатын бөлу немесе бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат үнемделген жағдайларды қоспағанда, конкурс келесі есепті жылдың басынан кешіктірілмей жылына 1 рет өткізіледі.
Қосымша бюджет қаражаты бөлінген немесе бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат үнемделген жағдайда екінші конкурс өткізіледі.
Екінші конкурс азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындаған авиамаршруттар бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.06.2020 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын, конкурс қайталап өткізілген жағдайда қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.
Екінші конкурс өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 5 күн бұрын, конкурс қайталап өткізілген жағдайда қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күн бұрын конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.06.2020 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Конкурсты ұйымдастырушының конкурсты өткізу мерзімі мен орны туралы хабарландыруынан кейін конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
18. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;
4) міндетті сақтандыру түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;
5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (типтері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғары сыйымдылығы);
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы үш айдан астам салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;
7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;
8) қатаң есептілік бланкілерінің үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);
9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;
10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар;
11) халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлік (субсидияланатын халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурсқа қатысқан кезде).
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 823 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).19. Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бір данада ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігіледі, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылады. Құжаттар жолдар арасында кірістірмелерсіз ресімделеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 823 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).20. Осы Қағидалардың 18-тармағында тізбеленген құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетілген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.
21. Конверттер конкурсты ұйымдастырушыға (комиссияға) заңды тұлғаның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылатын мынадай белгілермен жіберіледі: "Конкурста ғана ашылсын" және "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беруге конкурстық өтінім".
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 823 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22. Конкурстық өтінімді ұсынған авиакомпаниялар конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін қайтып ала алады. Мұндай қайтып алу туралы хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы (комиссия) конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
23. Өз өтінімдерін қайтып алған авиакомпаниялардың конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайта ұсынуға құқығы бар.
24. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау өтінімдерді тіркеу журналына енгізу жолымен (комиссия хатшысы тіккен, нөмірлеген, қол қойған және мөрмен куәландырылған) жүзеге асырылады және конкурсты өткізу күніне дейін бір жұмыс күні қалғанда аяқталады.
25. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді қатысушылардың немесе олардың өкілеттіктері комиссия отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
26. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысушы авиакомпаниялардың атауы мен орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты хабарлайды.
Авиакомпаниялар ұсынған жиіліктер саны мен тариф азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Егер конкурс өтті деп танылған жағдайда қатысушылардың конкурстық шарттары жарияланады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия тиісті хаттама жасап, оған қол қояды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 823 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).27. Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне авиакомпаниялардың өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жолдайды не ұсынады;
2) өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында қамтылған және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі адамдардың танысуы үшін ақы алынбай қолжетімді болуы тиіс.
28. Конкурсқа қатысқан, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдері салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған авиакомпаниялар, конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі олардың жазбаша сұрауы не олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сұрауы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осындай сұрауды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылады.
29. Конкурстық комиссия конверттерді ашқаннан кейін әлеуетті қатысушылар ұсынған конкурстық құжаттаманың толықтығына бағалау жүргізеді және конверттерді ашқан сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде әлуетті қатысушылардың конкурсқа қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды
30. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін, осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған авиакомпаниялардың өтінімдері қабылданбайды.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 823 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).31. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін қарауға қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жиіліктердің ең көбін ұсынған конкурс жеңімпазын айқындайды. Егер конкурсқа қатысушылар ұсынған жиіліктер саны тең болса, онда маршрутта тасымалдау сыйымдылығының жоғары санын ұсынған қатысушыға басымдық беріледі. Тасымалдау сыйымдылығы тең болған кезде басымдық өтінім берілген әуе кемелерінің шығарылған орташа мерзімі кейінірек авиакомпанияларға беріледі.
Әрбір субсидияланатын авиамаршрут бойынша бір ғана жеңімпаз айқындалады.
Екінші конкурс өткізілген жағдайда әрбір субсидияланатын авиамаршрут бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.06.2020 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде комиссия конкурсқа қатысатын авиакомпаниялардан олардың өтінімдерінде қамтылатын мәліметтерді нақтылау мақсатында өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірмелер сұратуы мүмкін. Комиссия қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан да сұратуы мүмкін.
Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді сәйкес келтіру үшін сауалдарға, ұсыныстарға немесе рұқсаттарға жол берілмейді
33. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссия шешімі заңды деп танылады.
Конкурс қорытындыларын шығару кезінде кез келген мүшенің болмауына дәлелді себептер болған кезде осы фактіні растайтын құжатты ұсына отырып жол беріледі.
34. Комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы рәсімдей отырып, конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен аспайтын мерзімде комиссияның мүшелері мен комиссия хатшысы қол қоятын конкурс қорытындыларын шығарады.
Комиссия конкурс қорытындыларын шығару кезінде әрбір субсидияланатын авиамаршруттағы конкурс жеңімпазынан басқа конкурсқа қатысқан, ұсыныстары конкурс жеңімпазынан кейін неғұрлым ұтымды болған авиакомпанияларды айқындайды.
35. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысқан авиакомпанияларға конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін жібереді;
2) конкурстың қорытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтінін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды. Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада бар және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі адамдар танысу үшін ақы алынбай қолжетімді болуы тиіс.
36. Конкурс жеңімпазы мен тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің арасында хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына сәйкес Шарт жасалады.
37. Конкурс жеңімпазы тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен шарт жасасудан бас тартқан кезде комиссия тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінішхаты бойынша конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсынысы конкурс жеңімпазынан (жеңімпаздарынан) кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпаниямен шарт жасасу туралы келіссөздерді бастайды.
Конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсыныстары конкурс жеңімпазынан кейін неғұрлым үздік болып бағаланған авиакомпания тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісімен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ егер авиамаршрутқа конкурсқа қатысушылардың екіден кем өтінімі ұсынылса, онда аталған авиамаршрут бойынша конкурс өтпеді деп танылады.
Екінші конкурс өткізілген жағдайда және конкурсқа қатысатын жалғыз қатысушы осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда аталған конкурс өтті деп саналады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.06.2020 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.38. Егер комиссия конкурсты өтпеді деп таныған жағдайда, комиссия конкурсты қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды;
39. Қайталама конкурс осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте конкурсқа қайта қатысып отырған авиакомпаниялар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ғана ұсынуы тиіс.
Қайталама конкурс кезінде, егер бір субсидияланатын авиамаршрут бойынша конкурсқа қатысушылардың екіден кем өтінімі түссе және егер конкурстың жалғыз қатысушысы осы қағидаларда белгіленген талаптарға сай келген жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурс өтті деп танылады.
40. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі сот тәртібінде шағымдалуы мүмкін.
41. Конкурсқа қатысқан авиакомпаниялардың конкурстық өтінімдерінің сақталуын конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық өтінімдерді сақтау мерзімі берілген күннен бастап бір жылды құрайды.
42. Халықтың әуе қатынасына қажеттілігін қанағаттандыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қажеттілігі авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурстар арасындағы кезеңде туындаған субсидияланатын авиамаршрутты пайдалану үшін авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурсты өткізбей, авиакомпанияларға конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін субсидияланатын авиамаршрутқа уақытша куәлік береді.
Пайдалану қажеттілігі конкурстар арасындағы кезеңде туындаған субсидияланатын авиамаршрутты бөлу кезінде авиакомпаниялар осы Қағидаларда көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігі жағдайында куәлік өтінімдер ұсынған барлық авиакомпанияларға беріледі.
4. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік беру тәртібі
43. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлікті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шартқа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурс жеңімпазына береді.
44. Куәлікте субсидияланатын авиамаршрутта аптадағы рейстер саны, қолданылу мерзімі, есепке алу сериясы және нөмірі көрсетіледі.
45. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік қатаң есептіліктегі құжат болып табылады.
46. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
47. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік иеліктен айырылмайтын болып табылады және басқа авиакомпанияларға берілмейді.
48. Бір субсидиялық авиамаршрутқа бір куәлік беріледі.
49. Субсидияланатын авиамаршрутқа берілген куәлік кезекті конкурс қорытындылары шыққанға дейін қолданыста болады.
50. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиамаршрутты пайдалану шарттарын орындамаған жағдайда авиакомпаниядан субсидияланатын авиамаршрутқа куәлікті қайтып алады.
51. Мыналар:
1) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды және (немесе) еңсерілмейтін күштің салдарын қоспағанда, субсидияланатын авиамаршрутты пайдаланудың басталған күнін, белгілі бір уақыт кезеңінде тұрақты рейстердің белгіленген санын орындауды және әуе кемелерінің субсидияланатын авиамаршрутында кестеде белгіленген үлгілерді және (немесе) сыйымдылықты қолдануды қамтитын кестені авиакомпанияның сақтауы;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарға сәйкестігі;
3) бекітілген кестеге сәйкес ұдайы әуе тасымалдарын қамтамасыз ету үшін болжамды кірісті ескермегенде бір ай ішінде қажетті қаржы қаражатының жеткілікті резервінің болуы авиамаршрутты пайдаланудың талаптары болып түсініледі.
52. Субсидияланатын авиамаршруттарға куәлікті қайтып алу кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиакомпанияға куәлікті қайтып алу туралы хабарлама жібереді.
53. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлік азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында қайтып алу туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң қайтып алынған болып саналады.
54. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның субсидияланатын авиамаршрутқа куәлікті қайтып алу туралы шешімі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
Өтініш
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________________
_______________________________________________ тасымалдау мақсатында
(тасымалдау объектілері көрсетіледі)
________________________________ субсидияланатын авиамаршруты бойынша
(субсидиялық авиамаршруттың атауы)
тұрақты субсидияланатын авиарейстер орындау құқығына арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді өтінемін.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ______________________________________________
2. Құрылған жылы ______________________________________________
3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлік* немесе анықтама _____________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
4. Банктің деректемелері _____________________________________
(есеп шот нөмірі, корреспонденттік
_____________________________________________________________________
есеп шоттар, ФАА, БСН, банктің атауы мен орналасқан орны)
5. Заңды мекенжайы және басқа да деректемелері ________________
_____________________________________________________________________
(почталық мекенжайы, телефоны, телефакс, телекс, телетайп,
_____________________________________________________________________
телеграфтық және телефондық шақыру белгілері, ИКАО, ИАТА, СИТА,
_____________________________________________________________________
АФТН кодтары)
6. ____________________________________________________________
(кәсіпорынның бірінші басшысының Т.А.Ә)
7. Қоса беріліп отырған құжаттар _____________________________
Кәсіпорын басшысы: Т.А.Ә., қолы, күні.
Мөр орны
Өтініш 20___ жылғы "____" ________ қарауға қабылданды.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлік
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________ тасымалдау мақсатында
(тасымалдау объектілері көрсетіледі)
________________________________________________ авиамаршруты бойынша
(субсидияланатын авиамаршрут атауы)
__________________________________________________________ жиіліктегі
(аптасына ұшудың рұқсат етілген рейстер саны)
тұрақты субсидияланатын авиарейстерді орындау құқығы берілді.
Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлікті берген мемлекеттік орган _____
_____________________________________________________________________
(куәлік берген мемлекеттік органның толық атауы)
Басшы _________________________________________________________
(куәлік берген мемлекеттік орган басшысының тегі және аты-жөні)
Куәліктің берілген күні: 20___ жылғы "____" ________
Куәліктің қолданылу мерзімі: 20___ жылғы "____" ________ бастап субсидияланатын авиамаршрутқа кезекті конкурс өткізгенге дейін
Куәліктің нөмірі ____________ № ____________
____________ қаласы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына қосымша |
|
Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялаудың 20 жылғы " " № шартына қосымша |
Кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиамаршруттар тізбесі
Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен
Р/с № | Авиамаршрут | Авиамаршрутқа бөлінген сома | Жиілік саны (аптасына) | Тариф (әуежай және сақтандыру алымдарын есепке алғанда) | 1 кг жүктің және багаждың тарифі | Өзге де шығыстар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Осы қосымша Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялаудың 20 __ жылғы "____" ______ № шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тапсырыс беруші Орындаушы
_____________________________ __________________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
20 __ жылғы "___"___________ 20 __ жылғы "___" __________