"Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 884 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже";

      3-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жетекшілік ететін салада (аяда) немесе өңірде іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сараптама кеңесінің құрамы ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесінің құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіледі.

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттiк органдар жанындағы сараптама кеңесінiң құрамына ұжым мүшесі ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

      5. Сараптама кеңесінің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан (орынбасарларынан), хатшысынан және кеңес мүшелерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі басқарады.

      Орталық мемлекеттік органдар жанынан құрылатын сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен, ал жергілікті атқарушы органдар жанынан облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру жөнінде шешімдер іздеу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар тұжырымдау бойынша ұсынымдар енгізуі;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сараптама кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерінің отырыстары өңірлік деңгейде шешуді талап ететін мәселелер міндетті түрде қаралып, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптама кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен жағдайда жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесінің мүшесіне және ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.

      Жобаға "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптама қорытындысы ұсынылмаған жағдайда жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1090 "Об утверждении Типового положения об экспертных советах по вопросам предпринимательства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2022 года № 884. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2023 года № 603.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.07.2023 № 603 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1090 "Об утверждении Типового положения об экспертных советах по вопросам предпринимательства" следующие изменения и дополнение:

      в Типовом положении об экспертных советах по вопросам частного предпринимательства, утвержденном указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Типовое положение об экспертных советах по вопросам предпринимательства";

      в пункте 3:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) вырабатывает предложения о совершенствовании деятельности государственных органов с целью поддержки и защиты предпринимательства, в том числе устранения административных барьеров, разрешения проблемных вопросов предпринимателей, требующих решения на региональном уровне, совершенствования способов и механизмов защиты предпринимательства;";

      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) содействует улучшению делового и инвестиционного климата, а также восстановлению нарушенных прав субъектов предпринимательства в курируемой отрасли (сфере) или регионе.";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Состав экспертного совета формируется из представителей Национальной палаты, саморегулируемых организаций, объединений субъектов частного предпринимательства и иных некоммерческих организаций, аккредитованных в порядке, установленном законодательством, а также государственного органа.

      При этом в состав экспертного совета, создаваемого при местных исполнительных органах, включаются представители правоохранительных органов.

      Аккредитованные объединения субъектов частного предпринимательства и некоммерческие организации входят в состав экспертного совета при государственных органах в качестве коллективного члена и действуют через своего представителя, полномочие которого подтверждается доверенностью.

      5. Структура экспертного совета состоит из председателя, его заместителя (заместителей), секретаря и членов совета.

      Экспертный совет, создаваемый при местных исполнительных органах, возглавляет аким области, города республиканского значения, столицы.

      Состав экспертного совета, создаваемого при центральных государственных органах, утверждается решением руководителя государственного органа, а при местных исполнительных органах – решением акима области, города республиканского значения, столицы.";

      подпункт 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "4) вносить рекомендации по выработке предложений о совершенствовании деятельности государственных органов с целью поддержки и защиты предпринимательства, в том числе устранения административных барьеров, разрешения проблемных вопросов предпринимателей, требующих решения на региональном уровне, поиска решения по совершенствованию способов и механизмов защиты предпринимательства;";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Заседания экспертных советов проводятся по мере необходимости.

      При этом заседания экспертных советов, создаваемых при местных исполнительных органах, проводятся не менее одного раза в квартал с обязательным рассмотрением вопросов, требующих решения на региональном уровне.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. На рассмотрение экспертного совета может быть вынесен любой вопрос, затрагивающий интересы субъектов предпринимательства, в случае, если данный вопрос относится к компетенции соответствующего государственного органа.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Государственный орган при согласии с экспертным заключением вносит в проект соответствующие изменения и (или) дополнения.

      В случае несогласия с экспертным заключением государственный орган-разработчик в течение десяти рабочих дней со дня получения экспертного заключения направляет члену экспертного совета, давшему данное заключение, и в Национальную палату ответ с обоснованием причин несогласия. Такие ответы с обоснованием являются обязательным приложением к проекту до его принятия.

      В случае непредставления экспертного заключения на проект в срок, установленный государственным органом в соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", проект считается согласованным без замечаний.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов