Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 9-тармағына, 98-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы
28 желтоқсандағы
№ 1090 қаулысымен
бекітілген

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерін қалыптастыру және олардың қызметі тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Сараптама кеңесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан:

      1) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      2) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      3) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама кеңестерінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі – жоба) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;

      2) көрсетілген жобаларға сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;

      3) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;

      4) жетекшілік ететін салада (аяда) немесе өңірде іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Сараптама кеңесінің құрамы ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесінің құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіледі.

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттiк органдар жанындағы сараптама кеңесінiң құрамына ұжым мүшесі ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Сараптама кеңесінің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан (орынбасарларынан), хатшысынан және кеңес мүшелерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі басқарады.

      Орталық мемлекеттік органдар жанынан құрылатын сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен, ал жергілікті атқарушы органдар жанынан облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:

      1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;

      2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;

      3) мыналарға:

      қаралатын жобалар бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуге;

      тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге бастама жасауы;

      4) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру жөнінде шешімдер іздеу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар тұжырымдау бойынша ұсынымдар енгізуі;

      5) сараптамалық кеңестің ішкі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Мемлекеттік органның шешімі бойынша сараптамалық кеңестің тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын оның жұмыс органы сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:

      1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;

      2) сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға хабарлама жібереді және нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырады*;

      3) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

      4) сараптамалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді;

      5) сараптамалық кеңес өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда сараптамалық кеңестің мүшелеріне сараптамалық кеңестің өткізілетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді*;

      6) сараптамалық кеңес отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің мүшелеріне хаттама көшірмесін жолдайды*.

      Ескертпе:

      * Сараптамалық қорытынды алу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға жіберуді және осы жобаны мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды, сондай-ақ сараптамалық кеңестің отырысына шығарылатын жобалар бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыруды әзірлеуші жұмыс органының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-1. Нормативтік-құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп қабылдаған жағдайда, сараптамалық қорытынды алу үшін сараптамалық кеңестерге және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын тиісті бірлескен нормативтік құқықтық акт жобасының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберуді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің бірлескен жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге бастамашылық жасаған әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылықты жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.

      Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.

      10. Сараптамалық кеңестің шешімдері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша төраға және хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      Хатшы сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылмайды және сараптамалық кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.

      Бұл хаттама сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберіледі және жобаға міндетті қосымша болып табылады.

      11. Сараптама кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерінің отырыстары өңірлік деңгейде шешуді талап ететін мәселелер міндетті түрде қаралып, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Жобаларды қарауды сараптамалық кеңес осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асыруы мүмкін.

      13. Егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптама кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Сараптамалық қорытынды сараптамалық кеңес мүшесінің және Ұлттық палатаның жазбаша ұстанымын бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, қабылданғанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір кейінгі келісу кезінде жобаға мiндеттi қосымша болып табылады.

      Сараптамалық қорытынды қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата жоба бойынша ескертулері бар сараптамалық қорытынды берген және сараптамалық кеңес мүшесі сараптамалық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.

      Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде бейнеконференция байланысы немесе интернет-конференциялар өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен жағдайда жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесінің мүшесіне және ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.

      Жобаға "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптама қорытындысы ұсынылмаған жағдайда жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.11.2022 № 884 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Сараптамалық кеңес мүшелерінің және Ұлттық палатаның нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы немесе телефон нөмірі және басқалары) қайта аталған, өзгерген жағдайда сараптамалық кеңес мүшелері және Ұлттық палата осы жағдай басталған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмыс органын хабардар етеді.

      Ескерту. Ереже 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.11.2018 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптама кеңестері
туралы үлгілік ережеге
қосымша

__________________________________________________________ жанындағы (мемлекеттік органның атауы) Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің "__" ________ _____ жылғы № __________ ХАТТАМАСЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Күн тәртібі

      Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – сараптама кеңесі)

      мүшелерінің______________________________________ (нормативтік құқықтық акт

      жобасының атауы немесе қаралатын мәселе) қарауы туралы

      1. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулер мен ұсыныстарсыз берді:

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      2. Мыналар сараптама қорытындысын ескертулермен және ұсыныстармен берді:

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны, оның ішінде

      қабылданған/қабылданбағандар*саны)

      3. Мыналар сараптама қорытындыларын берген жоқ:

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      4. ________________________________________________________________________

      (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау және қабылдамау туралы ақпарат**)

      Сараптама кеңесінің төрағасы

      Сараптама кеңесінің хатшысы

      Ескертпелер:

      * Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3)

      **Бұл жағдайда ескертулердің мәні қысқаша көрсетіледі.

      Ескертулер қабылданған жағдайда оларды қабылдау туралы ақпарат көрсетіледі.

      Келіспеген жағдайда сараптама қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

      бар сараптама кеңесінің мүшелеріне жіберілген хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1090 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 204-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 және 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1513 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 396-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).

      4. "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1417 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1148-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1037-құжат).

      ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады