Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 622 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 87-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал- жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Бұзылуды және жойылуды ресімдеу тәртібі";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген кезде тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.
Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам бекітеді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қорытынды ережелер".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |