Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 622 қаулысымен


      Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 622 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 87-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі      К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 маусымдағы
№ 615 қаулысымен
бекітілген

      Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан
жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және
жойылуын ресімдеу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал-жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Егер дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мүлікті қалпына келтіру экономикалық орынсыз және/немесе мүмкін емес болса, ол жойылуға жатады.

      Осы Қағида заттарға қолданылады.

2-тарау. Бұзылуды және жойылуды ресімдеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеуді мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік кәсіпорында құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:

      1) мемлекеттік кәсіпорынның бас инженері немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);

      2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары;

      3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.

      Мемлекеттік мекемелерде құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:

      1) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы не ол уәкілеттік берілген лауазымды адам (Комиссияның төрағасы);

      2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда - бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлға);

      3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.

      Мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешіміне сәйкес мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу кезінде Комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) енгізілуі мүмкін.

            Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Комиссия жойылуға жататын мүлікті тікелей тексеріп қарауды жүргізеді, бұл ретте техникалық құжаттаманы, бухгалтерлік есептің деректерін қолданады және:

      1) оның қайта қалпына келтіруге және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды;

      2) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген бұзылуының себептерін айқындайды;

      3) оның жекелеген бөлшектерін, түйіндерін, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды және оларға бағалау жүргізеді.

      6. Пайдалануға болатын барлық бөлшектер, тораптар, қосалқы бөлшектер, материалдар және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрі - материалдар) үш топқа жатады:

      1) бірінші топ - ықтимал пайдаланылуының бағасы бойынша бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында кіріске алынатын, тікелей мақсаты бойынша одан әрі қолдануға жарамды материалдар;

      2) екінші топ - қайталама шикізат ретінде (қара, түсті және асыл металдар сынықтары, көнерген материал, отын және басқа шикізат) кіріске алынатын, тікелей мақсаты бойынша одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар;

      3) үшінші топ - одан әрі қолдануға жарамсыз және жойылуға жататын материалдар.

      7. Жойылуға жататын мүлікті тексеріп қарау қорытындысы бойынша Комиссия үш жұмыс күні ішінде мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаның балансынан шығаруға негіз болатын хаттама (бұдан әрі - хаттама) жасайды.

      8. Есептен шығару актілері бекітілгенге дейін жойылуға жататын мүлікті ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейді.

      9. Егер есептен шығарылған мүлікті дербес жою мүмкін болмаса, мемлекеттік заңды тұлғалар жою үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларды тартады.

      10. Орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде олардың ведомстволары болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару олардың шешімі бойынша, аумақтық мемлекеттік органдар болатын мемлекеттік органдардың мүлкін - олардың жоғары тұрған мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің мүлкін есептен шығару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      11. Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісім бойынша жүргізіледі.

      12. Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жүргізіледі.

      12-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 01.11.2017 № 695 (халық саны екі мың адамнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап, халық саны екі мың және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен (тиісті жергілікті атқарушы органдармен) келісім бойынша жүзеге асырылады.

      13-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 01.11.2017 № 695 (халық саны екі мың адамнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап, халық саны екі мың және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекіткен нысандарға сәйкес үш данада жасалады.

      15. Комиссия үш данада жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері күнтізбелік жеті күн ішінде осы Қағиданың 10, 11, 12, 12-1, 13 және 13-1-тармақтарына сәйкес мынадай құжаттармен қоса келісуге жіберіледі:

      1) Комиссия хаттамасы;

      2) авария жағдайында - тиісті лауазымды адам жасаған және бекіткен оқиға актісінің немесе оқиға болған жерді қарау хаттамасының көшірмесі;

      3) дүлей зілзала жағдайында - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тексеру актісінің көшірмесі.

      Келісу мерзімі он жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.11.2017 № 695 (халық саны екі мың адамнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап, халық саны екі мың және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген кезде тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.

      Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Келісуден бас тартылған жағдайда мүлікті есептен шығарудан бас тарту негіздемесі бар құжаттар пакеті мемлекеттік заңды тұлғаға қайтарылады.

      18. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам бекітеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2022 № 1027 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуы мен жойылуын ресімдеудің қолданыстағы тәртібі бұзылған жағдайда бұған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.

      20. Осы Қағидада реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады