Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Абай облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. "Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2019 жылғы 8 қазандағы № 742 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 63 қаулысымен бекітілген |
Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Абай облысы өнеркәсіптік өңір болып табылады, өңір экономикасының негізін тау-кен өндіру саласы құрайды. Облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемінде оның үлесі 58,1 %-ды құрайды.
Саланың ірі кәсіпорны көмір өндіретін "Қаражыра" АҚ болып табылады, бағалы металдар мен мыс кендерін өндірумен жалпы көлемі 570 млрд теңге болатын 6 кәсіпорын айналысады, оның ішінде: "Алел" ҚИК" АҚ (2021 жылғы өндіріс көлемі – 2 203 кг), "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС (56 644,1 мың тонна), "Gold Minerals" ЖШС (696,3 тонна кен), "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС (11,2 тонна алтын, 2 177,0 мың тонна кен өндіру), "Шығыстүстімет" ЖШС (2 397,6 мың тонна мыс-мырыш кені), "Горняк" ЖШС (алтын өндіру).
Энергетикалық кешен Шүлбі гидроэлектр станциясын, 2 жел электр станциясын және ЖЭО-ны қамтиды.
Сондай-ақ облыс металлургияны, жеңіл, тамақ өнеркәсібі мен машина жасауды дамыту әлеуетіне ие. Қолда бар минералды базаны және кадрлық әлеуетті пайдалана отырып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға болады.
Облыс табиғи пайдалы қазбаларға бай және өнеркәсіпте өндірісті дамыту үшін инвесторларға тартымды болып табылады.
Абай облысының аумағында пайдалы қатты қазбалардың 7 резервтік кен орны бар: 6 алтын кен орны және 1 уран кен орны. Кен орындарының ең көп үлесі Жарма ауданында (4 кен орны) орналасқан.
Облыста жер қойнауын пайдаланудан бос пайдалы қазбалардың 77 кен орны бар: әк жағуға арналған карбонатты шикізат, қыш саздар, минералды бояулар, құрамында кварц бар шыны шикізат, пайдаланылған кеңістікті толтыруға арналған минералды шикізат, керамзит және аглопорит шикізаты, отқа төзімді саздар, перлит шикізаты, құрылыс тастары, құм-қиыршықтас материалы, цемент шикізаты, табиғи және беткі тастар, кірпіш шикізаты, құрылыс құмдары, графит.
Абай облысы бойынша пайдалы қазбаларды байыту қорларының ең үлкен үлес салмағын кірпіш шикізаты – 177,5 мың тонна, цемент шикізаты – 124,1 мың тонна, құм-қиыршықтас материалы – 67,2 мың тонна және құрылыс құмы – 51,6 мың тонна құрайды.
2022 жылғы 1 жартыжылдықта ЖӨӨ 871,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 %-ға өсті.
ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің үлес салмағы 37,5 %-ды, көтерме және бөлшек сауда – 9,2 %-ды, ауыл шаруашылығы – 7,7 %-ды құрайды.
2022 жылы облыс халқының саны 610,4 мың адамға жетті, урбандалу деңгейі – 60,5 %.
Соңғы 3 жылда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1,5 мың адамға, 330,7 мың адамнан 329,2 мың адамға дейін азайды.
2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5 % өсу қарқынымен шамамен 257 млрд теңгені құрады немесе 17,9 млрд теңгеге артық (2021 жылғы 9 айда – 2 39,1 млрд теңге).
Инвестициялардың өсуі бюджеттік инвестициялардың және мынадай: "SHARCEM" ЖШС-ның "Жарма ауданында жылдық өнімділігі 1,2 млн тонна цемент зауытын қалпына келтіру және жаңғырту", "Көкпекті ауданында 1543 га алаңда суару жүйелерін салу (17 жаңбырлату машинасын орнату), "Елімай Көкпекті" ЖШС", "Силикат"
ЖШС-ның "Беткі силикат кірпішін дайындау жөніндегі жабдықты жаңғырту", "Қазполиграф" ЖШС-ның "Күрделі конфигурациядағы гофрленген бұйымдарды өндіру желісін іске қосу" және т. б. жеке жобаларды іске асыру есебінен байқалады.
Жалпы өңір солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстырып тұрғандықтан, Қазақстанның логистикалық орталығына айналу әлеуетіне ие. Алайда инфрақұрылым мен жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы тежегіш фактор болып табылады.
Ішкі туризм мультипликативті әсері бар облыстың экономикалық өсу драйверлерінің бірі бола алады.
Осы саланың әлеуетін іске асыру үшін туристік маршруттар бойынша жол инфрақұрылымын жетілдіру және жол бойындағы сервисті дамыту жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Өңірде танымдық, ғылыми және этникалық, іскерлік, спорттық, мәдени-оқиғалық туризмнің негізі ретінде қарастыруға болатын бай тарихи-мәдени мұра бар.
Облыста Қазақстанның ең ірі музейлерінің бірі – "Жидебай-Бөрілі" Абай музейі бар. Семей қаласында оны Қазақстанның тарихи орталығы ретінде көрсететін тарихи-мәдени объектілер, оның ішінде "Алаш Арыстары" музей үйі, Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі, Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музей үйі, Абай мемлекеттік тарихи-мәдени музейі және тағы басқалар орналасқан.
Туристендіру картасына республикалық ауқымдағы басым туристік объектілердің бірі ретінде Алакөл көлі кірді.
Абай облысының Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде Шошқалы көлі орналасқан, ондағы тұздың концентрациясына байланысты оны Израильдегі Өлі теңізбен салыстырады.
Аягөз өзенінің оң жағалауында қазақ аңыздарының ең танымал және сүйікті кейіпкерлерінің құрметіне салынған "Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу" мазары алыстан көз тартады.
Шүлбі су қоймасының жағалауы жағажай демалысы үшін тартымды орын болып табылады.
Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірі туризм мен қажылықтың танымал орны болып табылады, ол адамдарды өзінің емдік қасиеттерімен тартады.
Ақсуат ауданынан солтүстік-батысқа қарай 63 км жерде орналасқан ХIХ ғасыр құрылысы Ырғызбай ата кесенесі Қазақстанның 100 киелі объектісінің тізіміне енді.
"Семей – Қарауыл" трассасында аңызға айналған ғашықтар жұбына құрмет ретінде салынған "Еңлік-Кебек" кесенесі орналасқан.
Облыс аумағында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты бар, оны танымдық туризм ретінде қарастыруға болады.
Республикалық және халықаралық деңгейдегі іскерлік, мәдени, спорттық және басқа да кең ауқымды іс-шараларды өткізу қонақүй қызметтеріне сұранысты арттырады, бұл тиісінше заманауи элиталық қонақүй кешендерінің құрылысына серпін береді.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2022 жылғы 9 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118 %-ға өсу қарқынымен 284,2 млрд теңгені құрады немесе 43,2 млрд теңгеге артық (2021 жылғы 9 айда – 241 млрд теңге). НКИ 103,4 %-ды құрады.
Тауар айналымын ұлғайту мақсатында 2027 жылға қарай "Магнум" супермаркетін орналастыра отырып, "Арман" сауда үйін іске қосу және "Semey mall" көпфункционалды сауда ойын-сауық орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған.
Білім беру саласында 100,5 мың оқушы контингенті бар 307 жалпы білім беретін мектеп бар. Үш ауысымды мектептер жоқ, авариялық жағдайдағы мектептер саны – 2.
Сонымен қатар облыс бойынша 8,7 мың оқушы орны, оның ішінде Семей қаласында – 21 мектепте 4856 орын, Аягөз қаласында – 9 мектепте 1770 орын тапшылығы бар.
510 орындық шағын жинақты 510 орынға арналған 6 мектеп салу және 2100 орындық 6 мектепте қосымша құрылыс салу қажеттілігі бар.
Сондай-ақ облыс бойынша 157 мектепке дейінгі мекеме және жалпы 25611 баланы қамтитын 197 шағын орталық жұмыс істейді. Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарына кезекте 0-ден 6 жасқа дейінгі 6012 бала, 2-ден 6 жасқа дейінгі 4796 бала тұр.
Облыстың кәсіптік-техникалық және жоғары білімі жалпы контингенті 36,9 мың студент болатын 37 колледж бен 3 жоғары оқу орнын қамтиды.
Денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылдағы серпін халықтың, сәбилердің, аналардың және онкологиялық науқастардың жалпы өлім-жітім деңгейінің өскенін көрсетеді.
2022 жылы аналар өлім-жітімінің жоғары деңгейі сақталып отыр – 100 мың тірі туғанға шаққанда 30, сәбилер өлім-жітімі – 1000 тірі туғанға 6,2, қатерлі ісіктерден 334 өлім тіркелді.
Негізгі проблема – қанағаттанарлықсыз экология, аудан орталықтарында заманауи медициналық мекемелердің болмауы, дәрігерлік кадрлардың тапшылығы (150 маман), медициналық ұйымдардың төмен деңгейде жарақталуы.
Экологияның негізгі мәселелері тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату технологияларының болмауы, қалалар мен елді мекендердегі заңсыз қоқыс үйінділерінің көбеюі, автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі болып табылады.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының (жалпы ұзындығы 4527 км) 18 %-ы (813 км) қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Сондай-ақ халықтың әртүрлі топтарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешу өзекті мәселе болып табылады, өйткені 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс бойынша тұрғын үй алуға кезекте 18,7 мың адам тұр. Соңғы 3 жылда 1,7 мыңға жуық отбасы баспана алды.
Сонымен қатар облысты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар 2025 жылға дейінгі ұлттық жобалар шеңберінде де көзделген. Мәселен, Абай облысы бойынша ұлттық жобалар шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттен 136,7 млрд теңге сомасына 36 іс-шараны іске асыру көзделген, оның ішінде:
"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында 10,2 млрд теңге сомасына 2 іс-шара (2023 жылы – 1,9 млрд теңге, 2024 жылы – 3,7 млрд теңге,
2025 жылы – 4,6 млрд теңге);
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасында 45,7 млрд теңге сомасына 2 іс-шара (2023 жылы – 8,0 млрд теңге, 2024 жылы – 16,8 млрд теңге, 2025 жылы – 20,9 млрд теңге);
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобада 30 млрд теңге сомасына 13 іс-шара (2023 жылы – 13,1 млрд теңге, 2024 жылы – 7,8 млрд теңге, 2025 жылы – 9,1 млрд теңге);
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасында 1,5 млрд теңге сомасына 6 іс-шара (2023 жылы – 1,1 млрд теңге, 2024 жылы – 0,4 млрд теңге);
"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасында 38,1 млрд теңге сомасына 11 іс-шара (2023 жылы – 20,4 млрд теңге, 2024 жылы – 10,5 млрд теңге, 2025 жылы – 7,2 млрд теңге);
"Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасында 400 млн теңге сомасына 1 іс-шара (2023 жылы – 400 млн теңге);
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасында 10,8 млрд теңге сомасына 1 іс-шара (2023 жылы – 9,7 млрд теңге, 2024 жылы – 1,1 млрд теңге).
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сондай-ақ өңірдің демографиялық ілгерілеуі мен тұтастай алғанда облыстың дамуы оң серпінге ие екенін назарға ала отырып, бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік саланы, тұрғын алаптарды, инфрақұрылым мен жол саласын дамыту, сондай-ақ өңірдің экологиясын жақсарту жөніндегі тиісті шаралар қабылдау талап етіледі.
Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары
2028 жылға қарай күтілетін нәтижелер:
ЖӨӨ номиналды мәнде 1,9 трлн теңгеден (2021 жыл) 3,2 трлн теңгеге дейін (2027 жыл) өседі;
өнеркәсіп көлемі 1,5 есе ұлғайып, 1,4 трлн теңгені құрайды (2021 жылы – 898,4 млрд теңге), оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,7 есе ұлғаяды және 594,4 млрд теңгені құрайды (2021 жылы – 339,8 млрд теңге);
ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,5 есеге артып, 725,9 млрд теңгені құрайды (2021 жылы – 474,7 млрд теңге);
негізгі капиталға инвестициялар 3,5 есе артып, 1 287,9 млрд теңгені құрайды (2021 жылы – 365,6 млрд теңге);
ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 34 %-ға артып, 118,7 мың адамды құрайды (2021 жылы – 88,5 мың адам);
Кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде шамамен 14 мың жұмыс орны құрылады;
жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ға дейін төмендейді;
шалғайдағы елді мекендердің халқын өрт сөндіру бекеттерімен қорғау деңгейі 78,1 %-дан 93,8 %-ға дейін ұлғаяды;
2100 орынға арналған 9 мектепке дейінгі мекемені пайдалануға беру есебінен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 % қамтылатын болады;
5700 орындық 11 орта мектеп, 510 орындық 6 шағын жинақты мектеп, 200 орындық 1 интернат, 2 100 орындық 9 балабақша, 2 спорт залы салынады, сондай-ақ 27 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізіледі;
көпфункционалды орталықты (оқушылар сарайын) пайдалануға беру есебінен оқушыларды қосымша біліммен қамту 92 %-ға дейін өседі (2021 жылы – 75,1 %);
сәбилер өлім-жітімі 0,3 %-ға азаяды (6,2-ден 5,9 %-ға дейін);
2025 жылға қарай аналар өлім-жітімі 2 есе төмендейді (100 мың тірі туғанға 30-дан 14-ке дейін);
медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі 5,8 %-ға ұлғаяды (60,5-тен 64 %-ға дейін);
ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмек көлемі 59 %-дан 59,7 %-ға дейін кеңейтіледі;
туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1 %-ға артады (72,6 жастан 73,9 жасқа дейін);
65 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісі салынады;
дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамту 50 %-ға жетеді (2021 жылы – 30 %);
16,4 км жылу желілері, 271,9 км су құбыры желілері, 288,2 км кәріз желілері жаңғыртылатын болады;
қолданыстағы 4 қазандықты реконструкциялау арқылы жылу қуаты сағатына 164 Гкал, сонымен қатар су алу өнімділігі тәулігіне 32,4 мың м3 63,0 мың м3 дейін ұлғаяды.
су құбыры желілерінің тозуы 51 %-дан (2021 жыл) 29,3 %-ға (2027 жыл) дейін төмендейді;
ауыл халқы 100 % ауыз суға қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі;
ағынды суларды тазарту деңгейі 67,7 %-дан (2021 жыл) 100 %-ға дейін (2027 жыл) артады;
облыстық және аудандық маңызы бар 1 465 км автомобиль жолы мен Семей және Курчатов қалаларының 530 км жолы жөнделеді;
жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82 %-дан (2021 жыл) 97 %-ға (2027 жыл) дейін артады.
Р/с | Атауы |
Аяқталу | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көздері |
Өнеркәсіп | ||||||
1. | Тау-кен байыту комбинатын одан әрі салумен "Айдарлы" мыс кен орны мен "Жанар" жерасты сулары кен орнын өнеркәсіптік игеру | пайдалануға беру актісі | 2027 жыл | Абай облысының әкімдігі | 560 500 | БК |
2. | Көкентау ауылдық округіндегі Суздаль кен орнында металлургиялық зауыттың СIL учаскесі үшін көмірді десорбциялау және электролиз цехын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 2 344,4 | БК |
3. | Берқара кен орны базасында руда өндіру және оны катодты мысқа қайта өңдеу зауытын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 12 000 | БК |
4. | Құрамында алтын бар шикізатты электрмен хлорлау технологиясы бар тәжірибелік металлургиялық зауыт салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 772,1 | БК |
5. | Хромиттерді байыту және жоғары көміртекті феррохром өндіру зауытын салу | пайдалануға беру актісі | 2026 жыл | Абай облысының әкімдігі | 33 818 | БК |
6. | Алдын ала оқшауланған құбырлар шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 550 | БК |
7. | Күнбағыс майын құю және өлшеп-орау желісі бар өңдеу цехын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 4 857 | БК |
8. | Пайдалы қазбаларды анықтау үшін облыс аумағында кең ауқымды барлауды және геологиялық іздестірулерді жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2023 жыл | ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), ЭМ, ЦДИАӨМ, Абай облысының әкімдігі | 957,5 | РБ |
2024 жыл | 2 734 | |||||
2025 жыл | 4 172,2 | |||||
2026 жыл | 4 650 | |||||
2027 жыл | 2 750 | |||||
2. Агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі | ||||||
9. | Семей қаласында, Көкпекті, Ақсуат, Үржар, Жарма аудандарында суару жүйелерінің жабдықтарын сатып алу және суару учаскелеріне инфрақұрылым салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 3 776 | БК |
2024 жыл | 6 100,4 | |||||
2025 жыл | 3 700 | |||||
10. | Жарма ауданында қуаты жылына 200 тонна түйіршіктелген жемшөп өндіру және қайта өңдеу кешенін салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 3 174,4 | БК |
2024 жыл | 3 174,4 | |||||
11. |
Семей қаласында қуаты ауысымына 35 тонна ет және ет өнімдерін қайта өңдейтін ет комбинатын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 4 897,5 | БК |
2024 жыл | 4 897,5 | |||||
12. | Қуаты жылына 600 тонна ет және балық өнімдерін консервілеу цехын ашу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 130 | БК |
2024 жыл | 130 | |||||
13. | Бесқарағай ауданында қуаты жылына 3,6 мың тонна 1200 орынға арналған сүт-тауар фермасын салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 7 000 | БК |
14. | Жарма ауданында қуаты жылына 1,8 мың тонна 600 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу | пайдалануға беру актісі | 2025 жыл | Абай облысының әкімдігі | 3 500 | БК |
15. |
Бородулиха, Ақсуат, Жарма аудандарында ауыл шаруашылығы жануарларының тектік қорын жақсарту | АШМ-ге ақпарат | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 2 916,5 | БК |
2024 жыл | 5 615,5 | |||||
2025 жыл | 360 | |||||
16. |
Семей қаласында, Бородулиха, Жарма аудандарында ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғырту (реконструкциялау) | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 884 | БК |
2024 жыл | 600 | |||||
2025 жыл | 150 | |||||
17. | Бесқарағай ауданында қуаты жылына 162 тонна 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 1 500 | БК |
18. | Жарма ауданында қуаты жылына 162 тонна 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 200 | БК |
19. | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшін "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын толықтыру | акциялар эмиссиясы | 2023 жыл |
Абай облысының әкімдігі, АШМ, Қаржымині | 18 000 | РБ |
2024 жыл | 18 000 | |||||
2023 жыл | 2 000 | ЖБ | ||||
2024 жыл | 2 000 | |||||
20. |
Аудандарда мал қорымдарын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 138 | ЖБ |
2024 жыл | 138 | |||||
2025 жыл | 222 | |||||
2026 жыл | 300 | |||||
2027 жыл | 300 | |||||
21. |
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 1 287 | ЖБ |
2024 жыл | 1 300 | |||||
2025 жыл | 1 300 | |||||
2026 жыл | 1 300 | |||||
2027 жыл | 1 300 | |||||
3. Кәсіпкерлік пен туризмді дамыту | ||||||
22. | Семей қаласында 2 сауда ойын-сауық орталығын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 350 | БК |
2025 жыл | 3 400 | |||||
23. |
Семей қаласында ауданы 3200 шаршы метр сауда үйін іске қосу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 500 | БК |
24. |
Семей қаласында бес жұлдызды қонақүй салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 12 000 | БК |
2025 жыл | 12 000 | |||||
25. | Алакөл көлінің жағалауында қонақүй кешенін салу | пайдалануға беру актісі | 2026 жыл | Абай облысының әкімдігі | 6 126 | БК |
26. | Алакөл көлінің жағалауында "Alakol Aqua Resort" демалыс базасын салу | пайдалануға беру актісі | 2026 жыл | Абай облысының әкімдігі | 6 400 | БК |
27. |
"Alazone Arena" концерт алаңын кеңейту аясында үш қонақүй мен мейрамхана салу | пайдалануға беру актісі | 2025 жыл | Абай облысының әкімдігі | 250 | БК |
4. Көлік және логистика | ||||||
28. | Абай облысының жергілікті маңызы бар көпірлерін салу және реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл |
ҰЭМ, | 1 715 |
РБ |
2025 жыл | 2 000 | |||||
2026 жыл | 2 700 | |||||
2027 жыл | 6 032 | |||||
2024 жыл | 171 | ЖБ | ||||
2025 жыл | 200 | |||||
2026 жыл | 270 | |||||
2027 жыл | 603,2 | |||||
29. | Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар көпірлерін салу және реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | 2 000 | РБ |
2024 жыл | 12 450 | |||||
2025 жыл | 10 975 | |||||
2026 жыл | 3 600 | |||||
2023 жыл | 200 | ЖБ | ||||
2024 жыл | 1 200 | |||||
2025 жыл | 1 200 | |||||
2026 жыл | 400 | |||||
30. |
"Аягөз – Бақты – Қытай шекарасы" учаскесінде темір жол салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | ТЭН шеңберінде нақтыланатын болады | БК |
2025 жыл | ||||||
31. |
Көлік дәліздерін дамытуды қамтамасыз ету үшін Абай облысы аумағында "Құрғақ порт", "Логистикалық парк" жобаларын іске асыру | пайдалануға беру актісі | 2026 жыл | ИИДМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК АҚ (келісу бойынша), Абай облысының әкімдігі, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | 10 000 | БК |
2027 жыл | 10 000 | |||||
32. |
Семей қаласындағы "Кедентранссервис" АҚ жүк учаскесі базасында көлік-логистикалық қуаттарды дамыту | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | 16 | БК |
2024 жыл | 2 033 | |||||
33. |
Үржар ауылында әуежай терминалын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі, ИИДМ | 810 | РБ |
2025 жыл | 990 | |||||
2024 жыл | 90 | ЖБ | ||||
2025 жыл | 110 | |||||
34. |
Семей қаласында автожолдар салу және реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі | 2 000 | РБ |
2025 жыл | 1 800 | |||||
2026 жыл | 2 800 | |||||
2027 жыл | 6 692 | |||||
2024 жыл | 200 | ЖБ | ||||
2025 жыл | 180 | |||||
2026 жыл | 280 | |||||
2027 жыл | 669,2 | |||||
35. |
Жолдарды күрделі және орташа жөндеу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл |
| 9 923,1 | ЖБ |
2024 жыл | 9 978,9 | |||||
2025 жыл | 9 978,9 | |||||
2026 жыл | 10 000 | |||||
2027 жыл | 10 000 | |||||
36. |
"Семей – Ақтау – Семей", "Семей – Атырау – Семей", "Семей – Шымкент – Семей", "Павлодар – Үржар – Павлодар" авиамаршруттарын субсидиялау | бюджеттік субсидиялау шарты | 2024 жыл | ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | 1 165 | РБ |
2025 жыл | 1 165 | |||||
2026 жыл | 1 165 | |||||
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | ||||||
Жылумен жабдықтау | ||||||
37. |
Семей қаласында ЖЭО-3 салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), Абай облысының әкімдігі | 257 | БК |
2024 жыл | 31 500 | |||||
2025 жыл | 135 000 | |||||
2026 жыл | 135 000 | |||||
2027 жыл | 180 000 | |||||
38. |
Көкпекті ауылында жылу көзін салу | пайдалануға беру актісі |
| ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі | 2 610 | РБ |
290 | ЖБ | |||||
39. |
Курчатов қаласында жылу көзін салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі | 48 | ЖБ |
2026 жыл | 200 | |||||
2027 жыл | 200 | |||||
2026 жыл | 1 800 | РБ | ||||
2027 жыл | 1 800 | |||||
40. |
Аягөз қаласында жылу көзін салу | пайдалануға беру актісі | 2026 жыл | ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі | 300 | ЖБ |
2027 жыл | 300 | |||||
2026 жыл | 2700 | РБ | ||||
2027 жыл | 2700 | |||||
41. |
Жылу көздерін (қазандықтарды) реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ЭМ, Абай облысының әкімдігі | 3 852,3 | РБ |
2024 жыл | 62 280,7 | |||||
2025 жыл | 29 400 | |||||
42. |
Орталық жылу пункттерін реконструкциялау және жылу желілерін ауыстыру | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | 6 709 | РБ |
2024 жыл | 14 097 | |||||
2025 жыл | 18 104 | |||||
2026 жыл | 10 096 | |||||
2027 жыл | 5 932 | |||||
Электрмен жабдықтау | ||||||
43. | Семей қаласында электрмен жабдықтау желілерін салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ЭМ, Абай облысының әкімдігі | 2 091,6 | РБ |
2025 жыл | 11 271,6 | |||||
2026 жыл | 6 120 | |||||
2024 жыл | 232,4 | ЖБ | ||||
2025 жыл | 1 252,4 | |||||
2026 жыл | 680 | |||||
2024 жыл | 1 189,6 | БК | ||||
44. | Үржар ауданында электрмен жабдықтау желілерін салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ЭМ, Абай облысының әкімдігі | 2 091,6 | РБ |
2025 жыл | 2 091,6 | |||||
2024 жыл | 232,4 | ЖБ | ||||
2025 жыл | 232,4 | |||||
Сумен жабдықтау және су бұру | ||||||
45. | Семей және Аягөз қалаларында су тартқыштарды, су құбыры желілерін реконструкциялау және салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | 5 000 | РБ |
2025 жыл | 7 300 | |||||
2026 жыл | 7 000 | |||||
46. | Абай облысының ауылдық елді мекендерінде су құбыры желілерін реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | 526,5 | РБ |
2024 жыл | 1 529,8 | |||||
2025 жыл | 2 814 | |||||
2026 жыл | 2 290 | |||||
47. | Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ИИДМ, Абай облысының әкімдігі | 2 660 | РБ |
2025 жыл | 8 330 | |||||
2026 жыл | 6 590 | |||||
2027 жыл | 1 920 | |||||
2025 жыл | 4 500 | БК | ||||
2026 жыл | 4 500 | |||||
2027 жыл | 3 000 | |||||
Қаланы дамыту | ||||||
48. | Семей қаласының бас жоспарын әзірлеу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 1 200 | ЖБ |
49. | Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 120 | ЖБ |
2024 жыл | 372 | |||||
2025 жыл | 262,5 | |||||
2026 жыл | 157,8 | |||||
2027 жыл | 193 | |||||
6. Әлеуметтік сала | ||||||
6.1. Білім беру | ||||||
50. | Семей қаласында көпфункционалды орталық (оқушылар сарайын) салу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2023 жыл | ОАМ, Абай облысының әкімдігі | 500 | РБ |
2024 жыл | 2 000 | |||||
2025 жыл | 6 000 | |||||
51. | 3 балалар лагерін салу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 жыл | ОАМ, Абай облысының әкімдігі | 180 | РБ |
2025 жыл | 630 | |||||
2026 жыл | 631,2 | |||||
52. | Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша ғимараттар салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ОАМ, Абай облысының әкімдігі | 7 268 | ББИҚҚ |
2025 жыл | 7 268 | |||||
53. | Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақты мектеп салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ОАМ, Абай облысының әкімдігі | 2 803 | ББИҚҚ |
2025 жыл | 3 242 | |||||
54. | Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен Абай ауданы Қарауыл ауылының "Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты" КММ үшін 200 орынға арналған интернат салу | пайдалануға беру актісі | 2025 жыл | ОАМ, Абай облысының әкімдігі | 985 | ББИҚҚ |
55. |
2100 орынға арналған 9 балабақша салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 1 507 | МЖӘ |
2025 жыл | 2 958 | |||||
2026 жыл | 2 958 | |||||
2027 жыл | 2 961,4 | |||||
56. | "М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж" КМҚК аумағында 300 орынға арналған концерт залын салу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 32,8 | ЖБ |
2024 жыл | 1 022,7 | |||||
57. | Мектептерді жаңғырту | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 500 | ЖБ |
2024 жыл | 500 | |||||
2025 жыл | 500 | |||||
2026 жыл | 500 | |||||
2027 жыл | 500 | |||||
58. | Білім беру объектілерін жөндеу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 1 374 | ЖБ |
2024 жыл | 1 000 | |||||
2025 жыл | 1 000 | |||||
2026 жыл | 2 000 | |||||
2027 жыл | 2 000 | |||||
59. | Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарды жарақтандыру | орындалған жұмыстар актісі |
2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 204 | ЖБ |
60. | Көкпекті ауданының "М. Әуезов атындағы орта мектебі" КММ-де интернат ғимаратын шағын орталық етіп реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 490 | ЖБ |
61. | Семей қаласында ең үздік батыс университеттерінің бірінің филиалын ашу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 жыл | ҒЖБМ, Абай облысының әкімдігі | талап етілмейді | |
2025 жыл | ||||||
2026 жыл | ||||||
2027 жыл | ||||||
62. | Облыстың жоғары оқу орындарының жанынан ашылатын ІТ – бағыттағы және тілдерді тереңдетіп оқыту мектептерінде мемлекеттік тапсырыс орналастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2023 жыл | ҒЖБМ, ОАМ, Абай облысының әкімдігі | жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде | РБ |
2024 жыл | ||||||
2025 жыл | ||||||
63. | Мемлекеттік білім беру тапсырысын 500 грантқа ұлғайту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2023 жыл |
ҒЖБМ, | көзделген қаражат шеңберінде | РБ |
2024 жыл | ||||||
2025 жыл | ||||||
2026 жыл | ||||||
2027 жыл | ||||||
6.2. Денсаулық сақтау | ||||||
64. | Семей қаласында университеттік аурухана салу | пайдалануға беру актісі | 2027 жыл | ДСМ, Абай облысының әкімдігі | ТЭН шеңберінде нақтыланатын болады |
БК |
65. |
Семей қаласында 400 төсек-орынға арналған облыстық көпбейінді аурухана салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ДСМ, Абай облысының әкімдігі | 255 | ЖБ |
2024 жыл | 1 250 | |||||
2025 жыл | 1 250 | |||||
2026 жыл | 2 500 | |||||
2024 жыл | 11 250 |
РБ | ||||
2025 жыл | 11 250 | |||||
2026 жыл | 22 500 | |||||
66. |
Семей қаласында емханасы бар 300 орынға арналған көпбейінді балалар ауруханасын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ДСМ, Абай облысының әкімдігі | 52 | ЖБ |
2024 жыл | 925 | |||||
2025 жыл | 925 | |||||
2026 жыл | 1 850 | |||||
2024 жыл | 8 325 | РБ | ||||
2025 жыл | 8 325 | |||||
2026 жыл | 16 650 | |||||
67. |
Семей қаласында облыстық қан орталығын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ДСМ, Абай облысының әкімдігі | 50 | ЖБ |
2024 жыл | 167,5 | |||||
2025 жыл | 167,5 | |||||
2026 жыл | 335 | |||||
2024 жыл | 1 507,5 | РБ | ||||
2025 жыл | 1 507,5 | |||||
2026 жыл | 2 907 | |||||
68. |
Семей қаласындағы перинаталдық орталықты жаңғырту | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ДСМ, Абай облысының әкімдігі | 84,2 | ЖБ |
2024 жыл | 84,2 | |||||
2023 жыл | 757,4 | РБ | ||||
2024 жыл | 757,4 | |||||
69. | Семей қаласының оң жағалау бөлігінде 300 келушіге арналған емхана салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ДСМ, Абай облысының әкімдігі | 45 | ЖБ |
2024 жыл | 160 | |||||
2025 жыл | 160 | |||||
2024 жыл | 1 440 | РБ | ||||
2025 жыл | 1 440 | |||||
70. | Семей қаласының сол жағалау бөлігінде 300 келушіге арналған емхана салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ДСМ, Абай облысының әкімдігі | 45 | ЖБ |
2024 жыл | 160 | |||||
2025 жыл | 160 | |||||
2024 жыл | 1 440 | РБ | ||||
2025 жыл | 1 440 | |||||
6.3. Мәдениет және спорт | ||||||
71. | "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылдарда мәдениет объектілерін салу және реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ҰЭМ, МСМ, Абай облысының әкімдігі | 15 | ЖБ |
2024 жыл | 125 | |||||
2025 жыл | 105 | |||||
2026 жыл | 110 | |||||
2027 жыл | 55 | |||||
2024 жыл | 225 | РБ | ||||
2025 жыл | 720 | |||||
2026 жыл | 988 | |||||
2027 жыл | 492 | |||||
72. | "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде жүзу бассейні мен 5 спорт модулін салу | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жыл | ҰЭМ, МСМ, Абай облысының әкімдігі | 134 | ЖБ |
2026 жыл | 64 | |||||
2027 жыл | 64 | |||||
2025 жыл | 1 212 | РБ | ||||
2026 жыл | 573 | |||||
2027 жыл | 573 | |||||
73. | Семей қаласында мұз сарайын салу | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 4 400 | БК |
2025 жыл | 4 400 | |||||
74. | Семей қаласында 80 адамға арналған қонақүйі бар спорт кешенін салу | орындалған жұмыстар актісі | 2026 жыл | Абай облысының әкімдігі | 3 000 | БК |
2027 жыл | 3 000 | |||||
6.4 Әлеуметтік қорғау | ||||||
75. | Үржар ауданының Ақжар ауылындағы "Үржар балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ қазіргі ғимаратына 2 қабатты жапсарлас құрылыс салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 50 | ЖБ |
2024 жыл | 419,1 | |||||
76. | Семей қаласында 150 төсек-орынға арналған балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесін салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі, Еңбекмині | 4 000 | РБ |
400 | ЖБ | |||||
2025 жыл | 4 000 | РБ | ||||
400 | ЖБ | |||||
77. | Аягөз қаласында 150 төсек-орынға арналған тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығын салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі, Еңбекмині, | 4 000 | РБ |
400 | ЖБ | |||||
2025 жыл | 4 000 | РБ | ||||
400 | ЖБ | |||||
78. |
Әлеуметтік қорғау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 120 | ЖБ |
2024 жыл | 100 | |||||
2025 жыл | 100 | |||||
2026 жыл | 100 | |||||
2027 жыл | 100 | |||||
79. | Әлеуметтік қорғау объектілерін жөндеу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 200 | ЖБ |
2024 жыл | 100 | |||||
2025 жыл | 100 | |||||
7. Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету | ||||||
80. | Үржар ауданының Қабанбай ауылында 2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу |
пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 25 | ЖБ |
2024 жыл | 800 | |||||
81. |
Семей қаласында Қарағайлы тұрғын алабында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 25 | ЖБ |
2024 жыл | 75 | |||||
2025 жыл | 75 | |||||
2024 жыл | 675 | РБ | ||||
2025 жыл | 675 | |||||
82. | Семей қаласының Қызыл Кардон ауданында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 25 | ЖБ |
2025 жыл | 75 | |||||
2026 жыл | 75 | |||||
2025 жыл | 675 | РБ | ||||
2026 жыл | 675 | |||||
83. |
Семей қаласының Восход кентінде 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | 2025 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 25 | ЖБ |
2026 жыл | 75 | |||||
2027 жыл | 75 | |||||
2026 жыл | 675 | РБ | ||||
2027 жыл | 675 | |||||
84. |
Аягөз қаласында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | 2025 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 25 | ЖБ |
2026 жыл | 75 | |||||
2027 жыл | 75 | |||||
2026 жыл | 675 | РБ | ||||
2027 жыл | 675 | |||||
85. | Құлақтандыру жүйесі бар аудандық басқару пульттерінің 9 жиынтығын енгізу | қабылдау-тапсыру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 59,9 | ЖБ |
86. |
Дабылды-сөйлеу құрылғыларының 160 жиынтығын енгізу | қабылдау- тапсыру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 236 | ЖБ |
2025 жыл | 236 | |||||
2026 жыл | 236 | |||||
2027 жыл | 236 | |||||
87. |
Семей қаласында жедел-құтқару жасағы үшін ғимарат салу | пайдалануға беру актісі | 2026 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 13 | ЖБ |
2027 жыл | 65 | |||||
2027 жыл | 585 | РБ | ||||
88. | Семей қаласында әуе кемелері мен техникалық қызмет көрсетуге арналған ангар салу | пайдалануға беру актісі | 2025 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 90 | МБ |
2027 жыл | 810 | РБ | ||||
89. | Абай облысы әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 250 | ЖБ |
90. | Абай облысы әкімінің қала сыртындағы қосалқы басқару пунктін күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл | Абай облысының әкімдігі | 475 | ЖБ |
2025 жыл | 475 | |||||
91. | Абай облысы әкімінің жылжымалы басқару пунктін сатып алу | қабылдау-тапсыру актісі | 2025 жыл | Абай облысының әкімдігі | 505 | ЖБ |
92. | Жаңа аймақтың жағалауын қоса алғанда, Алакөл көлінің жағалауында жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу | пайдалануға беру актісі | 2025 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 7 200 | РБ |
2026 жыл | 7 200 | |||||
2027 жыл | 8 100 | |||||
2025 жыл | 800 | ЖБ | ||||
2026 жыл | 800 | |||||
2026 жыл | 900 | |||||
93. | "Бобровка" саяжай алабы ауданындағы Ертіс өзенінің сол жағалау сызығының жағалауын нығайту | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 13 | ЖБ |
2024 жыл | 70 | |||||
2024 жыл | 630 | РБ | ||||
94. | "Орлиное гнездо" кафесі ауданында Ертіс өзенінің 1000 м жағалау сызығының жағалауын нығайту | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жыл | ТЖМ, Абай облысының әкімдігі | 14 | ЖБ |
2025 жыл | 90 | |||||
2025 жыл | 810 | РБ | ||||
8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп | ||||||
95. |
Абай облысының полиция департаменті үшін автокөлікті, арнайы техниканы және техникалық құралдарды сатып алу | қабылдау- тапсыру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 366 | ЖБ |
2024 жыл | 200 | |||||
2025 жыл | 200 | |||||
2026 жыл | 200 | |||||
2027 жыл | 200 | |||||
96. | Көліктегі полиция департаментінің Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі ғимаратын салу | қабылдау- тапсыру актісі | 2024 жыл | ІІМ | 30 | РБ |
2025 жыл | 634 | |||||
2026 жыл | 984 | |||||
97. | Семей қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін 300 орынға арналған казарма салу | қабылдау- тапсыру актісі | 2024 жыл | ІІМ | 57 | РБ |
2025 жыл | 1 678 | |||||
98. | Семей қаласында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ғимараттар кешенін салу | қабылдау- тапсыру актісі | 2024 жыл | ІІМ | 82 | РБ |
2025 жыл | 750 | |||||
2026 жыл | 250 | |||||
99. | Семей қаласында 400 орынға арналған тергеу изоляторының ғимараттар кешенін салу | қабылдау- тапсыру актісі | 2024 жыл | ІІМ | 56 | РБ |
2025 жыл | 5 250 | |||||
2026 жыл | 3 250 | |||||
100. | Семей қаласында 100 орынға арналған қауіпсіздік деңгейі төмен мекеменің (колония-қоныс) ғимараттарын салу | қабылдау- тапсыру актісі | 2025 жыл | ІІМ | 151 | РБ |
2026 жыл | 1 250 | |||||
2027 жыл | 750 | |||||
9. Экология | ||||||
101. | Семей қаласында ТҚҚ полигонын салу | пайдалануға беру актісі | 2024 жыл |
ЭТРМ, | 2 313 | РБ |
2025 жыл | 1 134 | |||||
2023 жыл | 100 | ЖБ | ||||
2024 жыл | 141 | |||||
2025 жыл | 142 | |||||
102. | Қоқыс сұрыптау желісін орналастыру үшін Семей қаласындағы ТҚҚ полигонында құрылыс (ангар) салу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Абай облысының әкімдігі | 100 | ЖБ |
2024 жыл | 1 000 | |||||
2025 жыл | 1 092,4 |
* республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде белгіленетін болады.
Қаржыландыру көлемі
Қаржыландыру көзі | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | Барлығы |
Республикалық бюджет | 33 302,7 | 167 592,6 | 162 504,9 | 110 719,2 | 40 486 | 514 605,4 |
Жергілікті бюджет | 18 320,1 | 26 816,1 | 24 460,1 | 22 820,8 | 17 835,4 | 110 252,5 |
МЖӘ | 0 | 1 507 | 2 958 | 2 958 | 2 961,4 | 10 384,4 |
Басқа көздер (жеке инвестициялар) | 37 602,8 | 80 162,5 | 167 260 | 198 844 | 756 500 | 1 240 369,3 |
ББИҚҚ | 0 | 10 071 | 11 495 | 0 | 0 | 21 566 |
Барлығы | 89 225,6 | 286 149,2 | 368 678 | 335 342 | 817 782,8 | 1 897 177,6 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Алел" ҚИК" АҚ | – | "Алел" қаржы инвестициялық корпорациясы" акционерлік қоғамы |
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ББИҚҚ | – | Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры |
БК | – | басқа көздер |
гкал | – | гигакалорий |
ҒЖБМ | – | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖБ | – | жергілікті бюджет |
ЖӨӨ | – | жалпы өңірлік өнім |
ЖШС | – | жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
ЖЭО | – | жылу электр орталығы |
ЖЭС | – | жел электр станциясы |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ | – | "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
км | – | километр |
КМҚК | – | коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын |
КММ | – | коммуналдық мемлекеттік мекеме |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
МВт | – | мегаватт |
МЖӘ | – | мемлекеттік-жекешелік әріптестік |
млрд | – | миллиард |
МӘМС | – | міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру |
МСМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
НКИ | – | нақты көлем индексі |
ОАМ | – | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
РБ | – | республикалық бюджет |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы | |
ТЖМ | – | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
ТҚҚ | – | тұрмыстық қатты қалдықтар |
ТМККБК | – | тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі |
трлн | – | триллион |
ТЭН | – | техникалық-экономикалық негіздеме |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ШОБ | – | шағын және орта бизнес |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |