Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 63 қаулысы

      Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар, Абай облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4.  "Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2019 жылғы 8 қазандағы № 742 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 63 қаулысымен
бекітілген

Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

Кіріспе

      Абай облысы өнеркәсіптік өңір болып табылады, өңір экономикасының негізін тау-кен өндіру саласы құрайды. Облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемінде оның үлесі 58,1 %-ды құрайды.

      Саланың ірі кәсіпорны көмір өндіретін "Қаражыра" АҚ болып табылады, бағалы металдар мен мыс кендерін өндірумен жалпы көлемі 570 млрд теңге болатын 6 кәсіпорын айналысады, оның ішінде: "Алел" ҚИК" АҚ (2021 жылғы өндіріс көлемі – 2 203 кг), "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС (56 644,1 мың тонна), "Gold Minerals" ЖШС (696,3 тонна кен), "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС (11,2 тонна алтын, 2 177,0 мың тонна кен өндіру), "Шығыстүстімет" ЖШС (2 397,6 мың тонна мыс-мырыш кені), "Горняк" ЖШС (алтын өндіру).

      Энергетикалық кешен Шүлбі гидроэлектр станциясын, 2 жел электр станциясын және ЖЭО-ны қамтиды.

      Сондай-ақ облыс металлургияны, жеңіл, тамақ өнеркәсібі мен машина жасауды дамыту әлеуетіне ие. Қолда бар минералды базаны және кадрлық әлеуетті пайдалана отырып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға болады.

      Облыс табиғи пайдалы қазбаларға бай және өнеркәсіпте өндірісті дамыту үшін инвесторларға тартымды болып табылады.

      Абай облысының аумағында пайдалы қатты қазбалардың 7 резервтік кен орны бар: 6 алтын кен орны және 1 уран кен орны. Кен орындарының ең көп үлесі Жарма ауданында (4 кен орны) орналасқан.

      Облыста жер қойнауын пайдаланудан бос пайдалы қазбалардың 77 кен орны бар: әк жағуға арналған карбонатты шикізат, қыш саздар, минералды бояулар, құрамында кварц бар шыны шикізат, пайдаланылған кеңістікті толтыруға арналған минералды шикізат, керамзит және аглопорит шикізаты, отқа төзімді саздар, перлит шикізаты, құрылыс тастары, құм-қиыршықтас материалы, цемент шикізаты, табиғи және беткі тастар, кірпіш шикізаты, құрылыс құмдары, графит.

      Абай облысы бойынша пайдалы қазбаларды байыту қорларының ең үлкен үлес салмағын кірпіш шикізаты – 177,5 мың тонна, цемент шикізаты – 124,1 мың тонна, құм-қиыршықтас материалы – 67,2 мың тонна және құрылыс құмы – 51,6 мың тонна құрайды.

      2022 жылғы 1 жартыжылдықта ЖӨӨ 871,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 %-ға өсті.

      ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің үлес салмағы 37,5 %-ды, көтерме және бөлшек сауда – 9,2 %-ды, ауыл шаруашылығы – 7,7 %-ды құрайды.

      2022 жылы облыс халқының саны 610,4 мың адамға жетті, урбандалу деңгейі – 60,5 %.

      Соңғы 3 жылда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1,5 мың адамға, 330,7 мың адамнан 329,2 мың адамға дейін азайды.

      2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5 % өсу қарқынымен шамамен 257 млрд теңгені құрады немесе 17,9 млрд теңгеге артық (2021 жылғы 9 айда – 2 39,1 млрд теңге).

      Инвестициялардың өсуі бюджеттік инвестициялардың және мынадай: "SHARCEM" ЖШС-ның "Жарма ауданында жылдық өнімділігі 1,2 млн тонна цемент зауытын қалпына келтіру және жаңғырту", "Көкпекті ауданында 1543 га алаңда суару жүйелерін салу (17 жаңбырлату машинасын орнату), "Елімай Көкпекті" ЖШС", "Силикат"
ЖШС-ның "Беткі силикат кірпішін дайындау жөніндегі жабдықты жаңғырту", "Қазполиграф" ЖШС-ның "Күрделі конфигурациядағы гофрленген бұйымдарды өндіру желісін іске қосу" және т. б. жеке жобаларды іске асыру есебінен байқалады.

      Жалпы өңір солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстырып тұрғандықтан, Қазақстанның логистикалық орталығына айналу әлеуетіне ие. Алайда инфрақұрылым мен жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы тежегіш фактор болып табылады.

      Ішкі туризм мультипликативті әсері бар облыстың экономикалық өсу драйверлерінің бірі бола алады.

      Осы саланың әлеуетін іске асыру үшін туристік маршруттар бойынша жол инфрақұрылымын жетілдіру және жол бойындағы сервисті дамыту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

      Өңірде танымдық, ғылыми және этникалық, іскерлік, спорттық, мәдени-оқиғалық туризмнің негізі ретінде қарастыруға болатын бай тарихи-мәдени мұра бар.

      Облыста Қазақстанның ең ірі музейлерінің бірі – "Жидебай-Бөрілі" Абай музейі бар. Семей қаласында оны Қазақстанның тарихи орталығы ретінде көрсететін тарихи-мәдени объектілер, оның ішінде "Алаш Арыстары" музей үйі, Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі, Ф.М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музей үйі, Абай мемлекеттік тарихи-мәдени музейі және тағы басқалар орналасқан.

      Туристендіру картасына республикалық ауқымдағы басым туристік объектілердің бірі ретінде Алакөл көлі кірді.

      Абай облысының Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде Шошқалы көлі орналасқан, ондағы тұздың концентрациясына байланысты оны Израильдегі Өлі теңізбен салыстырады.

      Аягөз өзенінің оң жағалауында қазақ аңыздарының ең танымал және сүйікті кейіпкерлерінің құрметіне салынған "Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу" мазары алыстан көз тартады.

      Шүлбі су қоймасының жағалауы жағажай демалысы үшін тартымды орын болып табылады.

      Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірі туризм мен қажылықтың танымал орны болып табылады, ол адамдарды өзінің емдік қасиеттерімен тартады.

      Ақсуат ауданынан солтүстік-батысқа қарай 63 км жерде орналасқан ХIХ ғасыр құрылысы Ырғызбай ата кесенесі Қазақстанның 100 киелі объектісінің тізіміне енді.

      "Семей – Қарауыл" трассасында аңызға айналған ғашықтар жұбына құрмет ретінде салынған "Еңлік-Кебек" кесенесі орналасқан.

      Облыс аумағында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты бар, оны танымдық туризм ретінде қарастыруға болады.

      Республикалық және халықаралық деңгейдегі іскерлік, мәдени, спорттық және басқа да кең ауқымды іс-шараларды өткізу қонақүй қызметтеріне сұранысты арттырады, бұл тиісінше заманауи элиталық қонақүй кешендерінің құрылысына серпін береді.

      Бөлшек тауар айналымының көлемі 2022 жылғы 9 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118 %-ға өсу қарқынымен 284,2 млрд теңгені құрады немесе 43,2 млрд теңгеге артық (2021 жылғы 9 айда – 241 млрд теңге). НКИ 103,4 %-ды құрады.

      Тауар айналымын ұлғайту мақсатында 2027 жылға қарай "Магнум" супермаркетін орналастыра отырып, "Арман" сауда үйін іске қосу және "Semey mall" көпфункционалды сауда ойын-сауық орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған.

      Білім беру саласында 100,5 мың оқушы контингенті бар 307 жалпы білім беретін мектеп бар. Үш ауысымды мектептер жоқ, авариялық жағдайдағы мектептер саны – 2.

      Сонымен қатар облыс бойынша 8,7 мың оқушы орны, оның ішінде Семей қаласында – 21 мектепте 4856 орын, Аягөз қаласында – 9 мектепте 1770 орын тапшылығы бар.

      510 орындық шағын жинақты 510 орынға арналған 6 мектеп салу және 2100 орындық 6 мектепте қосымша құрылыс салу қажеттілігі бар.

      Сондай-ақ облыс бойынша 157 мектепке дейінгі мекеме және жалпы 25611 баланы қамтитын 197 шағын орталық жұмыс істейді. Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарына кезекте 0-ден 6 жасқа дейінгі 6012 бала, 2-ден 6 жасқа дейінгі 4796 бала тұр.

      Облыстың кәсіптік-техникалық және жоғары білімі жалпы контингенті 36,9 мың студент болатын 37 колледж бен 3 жоғары оқу орнын қамтиды.

      Денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылдағы серпін халықтың, сәбилердің, аналардың және онкологиялық науқастардың жалпы өлім-жітім деңгейінің өскенін көрсетеді.

      2022 жылы аналар өлім-жітімінің жоғары деңгейі сақталып отыр – 100 мың тірі туғанға шаққанда 30, сәбилер өлім-жітімі – 1000 тірі туғанға 6,2, қатерлі ісіктерден 334 өлім тіркелді.

      Негізгі проблема – қанағаттанарлықсыз экология, аудан орталықтарында заманауи медициналық мекемелердің болмауы, дәрігерлік кадрлардың тапшылығы (150 маман), медициналық ұйымдардың төмен деңгейде жарақталуы.

      Экологияның негізгі мәселелері тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату технологияларының болмауы, қалалар мен елді мекендердегі заңсыз қоқыс үйінділерінің көбеюі, автокөлік құралдары санының өсуіне байланысты атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі болып табылады.

      Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының (жалпы ұзындығы 4527 км) 18 %-ы (813 км) қанағаттанарлықсыз жағдайда.

      Сондай-ақ халықтың әртүрлі топтарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешу өзекті мәселе болып табылады, өйткені 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс бойынша тұрғын үй алуға кезекте 18,7 мың адам тұр. Соңғы 3 жылда 1,7 мыңға жуық отбасы баспана алды.

      Сонымен қатар облысты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар 2025 жылға дейінгі ұлттық жобалар шеңберінде де көзделген. Мәселен, Абай облысы бойынша ұлттық жобалар шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттен 136,7 млрд теңге сомасына 36 іс-шараны іске асыру көзделген, оның ішінде:

      "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында 10,2 млрд теңге сомасына 2 іс-шара (2023 жылы – 1,9 млрд теңге, 2024 жылы – 3,7 млрд теңге,
2025 жылы – 4,6 млрд теңге);

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасында 45,7 млрд теңге сомасына 2 іс-шара (2023 жылы – 8,0 млрд теңге, 2024 жылы – 16,8 млрд теңге, 2025 жылы – 20,9 млрд теңге);

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобада 30 млрд теңге сомасына 13 іс-шара (2023 жылы – 13,1 млрд теңге, 2024 жылы – 7,8 млрд теңге, 2025 жылы – 9,1 млрд теңге);

      "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасында 1,5 млрд теңге сомасына 6 іс-шара (2023 жылы – 1,1 млрд теңге, 2024 жылы – 0,4 млрд теңге);

      "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасында 38,1 млрд теңге сомасына 11 іс-шара (2023 жылы – 20,4 млрд теңге, 2024 жылы – 10,5 млрд теңге, 2025 жылы – 7,2 млрд теңге);

      "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасында 400 млн теңге сомасына 1 іс-шара (2023 жылы – 400 млн теңге);

      "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасында 10,8 млрд теңге сомасына 1 іс-шара (2023 жылы – 9,7 млрд теңге, 2024 жылы – 1,1 млрд теңге).

      Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сондай-ақ өңірдің демографиялық ілгерілеуі мен тұтастай алғанда облыстың дамуы оң серпінге ие екенін назарға ала отырып, бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік саланы, тұрғын алаптарды, инфрақұрылым мен жол саласын дамыту, сондай-ақ өңірдің экологиясын жақсарту жөніндегі тиісті шаралар қабылдау талап етіледі.

Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      2028 жылға қарай күтілетін нәтижелер:

      ЖӨӨ номиналды мәнде 1,9 трлн теңгеден (2021 жыл) 3,2 трлн теңгеге дейін (2027 жыл) өседі;

      өнеркәсіп көлемі 1,5 есе ұлғайып, 1,4 трлн теңгені құрайды (2021 жылы – 898,4 млрд теңге), оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,7 есе ұлғаяды және 594,4 млрд теңгені құрайды (2021 жылы – 339,8 млрд теңге);

      ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,5 есеге артып, 725,9 млрд теңгені құрайды (2021 жылы – 474,7 млрд теңге);

      негізгі капиталға инвестициялар 3,5 есе артып, 1 287,9 млрд теңгені құрайды (2021 жылы – 365,6 млрд теңге);

      ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 34 %-ға артып, 118,7 мың адамды құрайды (2021 жылы – 88,5 мың адам);

      Кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде шамамен 14 мың жұмыс орны құрылады;

      жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ға дейін төмендейді;

      шалғайдағы елді мекендердің халқын өрт сөндіру бекеттерімен қорғау деңгейі 78,1 %-дан 93,8 %-ға дейін ұлғаяды;

      2100 орынға арналған 9 мектепке дейінгі мекемені пайдалануға беру есебінен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 % қамтылатын болады;

      5700 орындық 11 орта мектеп, 510 орындық 6 шағын жинақты мектеп, 200 орындық 1 интернат, 2 100 орындық 9 балабақша, 2 спорт залы салынады, сондай-ақ 27 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізіледі;

      көпфункционалды орталықты (оқушылар сарайын) пайдалануға беру есебінен оқушыларды қосымша біліммен қамту 92 %-ға дейін өседі (2021 жылы – 75,1 %);

      сәбилер өлім-жітімі 0,3 %-ға азаяды (6,2-ден 5,9 %-ға дейін);

      2025 жылға қарай аналар өлім-жітімі 2 есе төмендейді (100 мың тірі туғанға 30-дан 14-ке дейін);

      медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі 5,8 %-ға ұлғаяды (60,5-тен 64 %-ға дейін);

      ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмек көлемі 59 %-дан 59,7 %-ға дейін кеңейтіледі;

      туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1 %-ға артады (72,6 жастан 73,9 жасқа дейін);

      65 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісі салынады;

      дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамту 50 %-ға жетеді (2021 жылы – 30 %);

      16,4 км жылу желілері, 271,9 км су құбыры желілері, 288,2 км кәріз желілері жаңғыртылатын болады;

      қолданыстағы 4 қазандықты реконструкциялау арқылы жылу қуаты сағатына 164 Гкал, сонымен қатар су алу өнімділігі тәулігіне 32,4 мың м3 63,0 мың м3 дейін ұлғаяды.

      су құбыры желілерінің тозуы 51 %-дан (2021 жыл) 29,3 %-ға (2027 жыл) дейін төмендейді;

      ауыл халқы 100 % ауыз суға қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі;

      ағынды суларды тазарту деңгейі 67,7 %-дан (2021 жыл) 100 %-ға дейін (2027 жыл) артады;

      облыстық және аудандық маңызы бар 1 465 км автомобиль жолы мен Семей және Курчатов қалаларының 530 км жолы жөнделеді;

      жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82 %-дан (2021 жыл) 97 %-ға (2027 жыл) дейін артады.


Р/с

Атауы

Аяқталу
нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі
(млн теңге)

Қаржыландыру көздері

Өнеркәсіп

1.

Тау-кен байыту комбинатын одан әрі салумен "Айдарлы" мыс кен орны мен "Жанар" жерасты сулары кен орнын өнеркәсіптік игеру

пайдалануға беру актісі

2027 жыл

Абай облысының әкімдігі

560 500

БК

2.

Көкентау ауылдық округіндегі Суздаль кен орнында металлургиялық зауыттың СIL учаскесі үшін көмірді десорбциялау және электролиз цехын салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

2 344,4

БК

3.

Берқара кен орны базасында руда өндіру және оны катодты мысқа қайта өңдеу зауытын салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

12 000

БК

4.

Құрамында алтын бар шикізатты электрмен хлорлау технологиясы бар тәжірибелік металлургиялық зауыт салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

772,1

БК

5.

Хромиттерді байыту және жоғары көміртекті феррохром өндіру зауытын салу

пайдалануға беру актісі

2026 жыл

Абай облысының әкімдігі

33 818

БК

6.

Алдын ала оқшауланған құбырлар шығаратын зауыт салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

550

БК

7.

Күнбағыс майын құю және өлшеп-орау желісі бар өңдеу цехын салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

4 857

БК

8.

Пайдалы қазбаларды анықтау үшін облыс аумағында кең ауқымды барлауды және геологиялық іздестірулерді жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023 жыл

ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), ЭМ, ЦДИАӨМ, Абай облысының әкімдігі

957,5

РБ

2024 жыл

2 734

2025 жыл

4 172,2

2026 жыл

4 650

2027 жыл

2 750

2. Агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі

9.

Семей қаласында, Көкпекті, Ақсуат, Үржар, Жарма аудандарында суару жүйелерінің жабдықтарын сатып алу және суару учаскелеріне инфрақұрылым салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

3 776

БК

2024 жыл

6 100,4

2025 жыл

3 700

10.

Жарма ауданында қуаты жылына 200 тонна түйіршіктелген жемшөп өндіру және қайта өңдеу кешенін салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

3 174,4

БК

2024 жыл

3 174,4

11.

Семей қаласында қуаты ауысымына 35 тонна ет және ет өнімдерін қайта өңдейтін ет комбинатын салу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

4 897,5

БК

2024 жыл

4 897,5

12.

Қуаты жылына 600 тонна ет және балық өнімдерін консервілеу цехын ашу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

130

БК

2024 жыл

130

13.

Бесқарағай ауданында қуаты жылына 3,6 мың тонна 1200 орынға арналған сүт-тауар фермасын салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

7 000

БК

14.

Жарма ауданында қуаты жылына 1,8 мың тонна 600 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу

пайдалануға беру актісі

2025 жыл

Абай облысының әкімдігі

3 500

БК

15.

Бородулиха, Ақсуат, Жарма аудандарында ауыл шаруашылығы жануарларының тектік қорын жақсарту
 

АШМ-ге ақпарат

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

2 916,5

БК

2024 жыл

5 615,5

2025 жыл

360

16.

Семей қаласында, Бородулиха, Жарма аудандарында ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғырту (реконструкциялау)
 

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

884

БК

2024 жыл

600

2025 жыл

150

17.

Бесқарағай ауданында қуаты жылына 162 тонна 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

1 500

БК

18.

Жарма ауданында қуаты жылына 162 тонна 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

200

БК

19.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшін "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын толықтыру

акциялар эмиссиясы

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі, АШМ, Қаржымині
 

18 000

РБ

2024 жыл

18 000

2023 жыл

2 000

ЖБ

2024 жыл

2 000

20.

Аудандарда мал қорымдарын салу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

138

ЖБ

2024 жыл

138

2025 жыл

222

2026 жыл

300

2027 жыл

300

21.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу
 

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

1 287

ЖБ

2024 жыл

1 300

2025 жыл

1 300

2026 жыл

1 300

2027 жыл

1 300

3. Кәсіпкерлік пен туризмді дамыту

22.

Семей қаласында 2 сауда ойын-сауық орталығын салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

350

БК

2025 жыл

3 400

23.

Семей қаласында ауданы 3200 шаршы метр сауда үйін іске қосу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

500

БК

24.

Семей қаласында бес жұлдызды қонақүй салу
 

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

12 000

БК

2025 жыл

12 000

25.

Алакөл көлінің жағалауында қонақүй кешенін салу

пайдалануға беру актісі

2026 жыл

Абай облысының әкімдігі

6 126

БК

26.

Алакөл көлінің жағалауында "Alakol Aqua Resort" демалыс базасын салу

пайдалануға беру актісі

2026 жыл

Абай облысының әкімдігі

6 400

БК

27.

"Alazone Arena" концерт алаңын кеңейту аясында үш қонақүй мен мейрамхана салу
 

пайдалануға беру актісі

2025 жыл

Абай облысының әкімдігі

250

БК

4. Көлік және логистика

28.

Абай облысының жергілікті маңызы бар көпірлерін салу және реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ҰЭМ,
Абай облысының әкімдігі

1 715

РБ
 

2025 жыл

2 000

2026 жыл

2 700

2027 жыл

6 032

2024 жыл

171

ЖБ

2025 жыл

200

2026 жыл

270

2027 жыл

603,2

29.

Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар көпірлерін салу және реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

2 000

РБ

2024 жыл

12 450

2025 жыл

10 975

2026 жыл

3 600

2023 жыл

200

ЖБ

2024 жыл

1 200

2025 жыл

1 200

2026 жыл

400

30.

"Аягөз – Бақты – Қытай шекарасы" учаскесінде темір жол салу
 

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

ТЭН шеңберінде нақтыланатын болады

БК

2025 жыл

31.

Көлік дәліздерін дамытуды қамтамасыз ету үшін Абай облысы аумағында "Құрғақ порт", "Логистикалық парк" жобаларын іске асыру
 

пайдалануға беру актісі

2026 жыл

ИИДМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК АҚ (келісу бойынша), Абай облысының әкімдігі, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

10 000

БК

2027 жыл

10 000

32.

Семей қаласындағы "Кедентранссервис" АҚ жүк учаскесі базасында көлік-логистикалық қуаттарды дамыту
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

16

БК

2024 жыл

2 033

33.

Үржар ауылында әуежай терминалын реконструкциялау
 

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі, ИИДМ

810

РБ

2025 жыл

990

2024 жыл

90

ЖБ

2025 жыл

110

34.

Семей қаласында автожолдар салу және реконструкциялау
 

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі

2 000

РБ

2025 жыл

1 800

2026 жыл

2 800

2027 жыл

6 692

2024 жыл

200

ЖБ

2025 жыл

180

2026 жыл

280

2027 жыл

669,2

35.

Жолдарды күрделі және орташа жөндеу
 

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

 
Абай облысының әкімдігі

9 923,1

ЖБ

2024 жыл

9 978,9

2025 жыл

9 978,9

2026 жыл

10 000

2027 жыл

10 000

36.

"Семей – Ақтау – Семей", "Семей – Атырау – Семей", "Семей – Шымкент – Семей", "Павлодар – Үржар – Павлодар" авиамаршруттарын субсидиялау
 

бюджеттік субсидиялау шарты

2024 жыл

ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

1 165

РБ

2025 жыл

1 165

2026 жыл

1 165

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жылумен жабдықтау

37.

Семей қаласында ЖЭО-3 салу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), Абай облысының әкімдігі

257

БК

2024 жыл

31 500

2025 жыл

135 000

2026 жыл

135 000

2027 жыл

180 000

38.

Көкпекті ауылында жылу көзін салу
 

пайдалануға беру актісі

 
2025 жыл
 
 

ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі

2 610

РБ

290

ЖБ

39.

Курчатов қаласында жылу көзін салу
 

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі

48

ЖБ

2026 жыл

200

2027 жыл

200

2026 жыл

1 800

РБ

2027 жыл

1 800

40.

Аягөз қаласында жылу көзін салу
 

пайдалануға беру актісі

2026 жыл

ҰЭМ, Абай облысының әкімдігі

300

ЖБ

2027 жыл

300

2026 жыл

2700

РБ

2027 жыл

2700

41.

Жылу көздерін (қазандықтарды) реконструкциялау
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ЭМ, Абай облысының әкімдігі

3 852,3

РБ

2024 жыл

62 280,7

2025 жыл

29 400

42.

Орталық жылу пункттерін реконструкциялау және жылу желілерін ауыстыру
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

6 709

РБ

2024 жыл

14 097

2025 жыл

18 104

2026 жыл

10 096

2027 жыл

5 932

Электрмен жабдықтау

43.

Семей қаласында электрмен жабдықтау желілерін салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ЭМ, Абай облысының әкімдігі

2 091,6

РБ

2025 жыл

11 271,6

2026 жыл

6 120

2024 жыл

232,4

ЖБ

2025 жыл

1 252,4

2026 жыл

680

2024 жыл

1 189,6

БК

44.

Үржар ауданында электрмен жабдықтау желілерін салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ЭМ, Абай облысының әкімдігі

2 091,6

РБ

2025 жыл

2 091,6

2024 жыл

232,4

ЖБ

2025 жыл

232,4

Сумен жабдықтау және су бұру

45.

Семей және Аягөз қалаларында су тартқыштарды, су құбыры желілерін реконструкциялау және салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

5 000

РБ

2025 жыл

7 300

2026 жыл

7 000

46.

Абай облысының ауылдық елді мекендерінде су құбыры желілерін реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

526,5

РБ

2024 жыл

1 529,8

2025 жыл

2 814

2026 жыл

2 290

47.

Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ИИДМ, Абай облысының әкімдігі

2 660

РБ

2025 жыл

8 330

2026 жыл

6 590

2027 жыл

1 920

2025 жыл

4 500

БК

2026 жыл

4 500

2027 жыл

3 000

Қаланы дамыту

48.

Семей қаласының бас жоспарын әзірлеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

1 200

ЖБ

49.

Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

120

ЖБ

2024 жыл

372

2025 жыл

262,5

2026 жыл

157,8

2027 жыл

193

6. Әлеуметтік сала

6.1. Білім беру

50.

Семей қаласында көпфункционалды орталық (оқушылар сарайын) салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023 жыл

ОАМ, Абай облысының әкімдігі

500

РБ

2024 жыл

2 000

2025 жыл

6 000

51.

3 балалар лагерін салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жыл

ОАМ, Абай облысының әкімдігі

180

РБ

2025 жыл

630

2026 жыл

631,2

52.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша ғимараттар салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ОАМ, Абай облысының әкімдігі

7 268

ББИҚҚ

2025 жыл

7 268

53.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақты мектеп салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ОАМ, Абай облысының әкімдігі

2 803

ББИҚҚ

2025 жыл

3 242

54.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен Абай ауданы Қарауыл ауылының "Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты" КММ үшін 200 орынға арналған интернат салу

пайдалануға беру актісі

2025 жыл

ОАМ, Абай облысының әкімдігі

985

ББИҚҚ

55.

2100 орынға арналған 9 балабақша салу
 

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

1 507

МЖӘ

2025 жыл

2 958

2026 жыл

2 958

2027 жыл

2 961,4

56.

"М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж" КМҚК аумағында 300 орынға арналған концерт залын салу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

32,8

ЖБ

2024 жыл

1 022,7

57.

Мектептерді жаңғырту

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

500

ЖБ

2024 жыл

500

2025 жыл

500

2026 жыл

500

2027 жыл

500

58.

Білім беру объектілерін жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

1 374

ЖБ

2024 жыл

1 000

2025 жыл

1 000

2026 жыл

2 000

2027 жыл

2 000

59.

Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарды жарақтандыру

орындалған жұмыстар актісі

2024 жыл
 

Абай облысының әкімдігі

204

ЖБ

60.

Көкпекті ауданының "М. Әуезов атындағы орта мектебі" КММ-де интернат ғимаратын шағын орталық етіп реконструкциялау


пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

490

ЖБ

61.

Семей қаласында ең үздік батыс университеттерінің бірінің филиалын ашу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жыл

ҒЖБМ, Абай облысының әкімдігі

талап етілмейді

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

62.

Облыстың жоғары оқу орындарының жанынан ашылатын ІТ – бағыттағы және тілдерді тереңдетіп оқыту мектептерінде мемлекеттік тапсырыс орналастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023 жыл

ҒЖБМ, ОАМ, Абай облысының әкімдігі

жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде

РБ

2024 жыл

2025 жыл

63.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын 500 грантқа ұлғайту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2023 жыл

ҒЖБМ,
Абай облысының әкімдігі

көзделген қаражат шеңберінде

РБ

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

6.2. Денсаулық сақтау

64.

Семей қаласында университеттік аурухана салу

пайдалануға беру актісі

2027 жыл

ДСМ, Абай облысының әкімдігі

ТЭН шеңберінде нақтыланатын болады

БК
 

65.

Семей қаласында 400 төсек-орынға арналған облыстық көпбейінді аурухана салу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ДСМ, Абай облысының әкімдігі

255

ЖБ

2024 жыл

1 250

2025 жыл

1 250

2026 жыл

2 500

2024 жыл

11 250

РБ
 

2025 жыл

11 250

2026 жыл

22 500

66.

Семей қаласында емханасы бар 300 орынға арналған көпбейінді балалар ауруханасын салу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ДСМ, Абай облысының әкімдігі

52

ЖБ

2024 жыл

925

2025 жыл

925

2026 жыл

1 850

2024 жыл

8 325

РБ

2025 жыл

8 325

2026 жыл

16 650

67.

Семей қаласында облыстық қан орталығын салу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ДСМ, Абай облысының әкімдігі

50

ЖБ

2024 жыл

167,5

2025 жыл

167,5

2026 жыл

335

2024 жыл

1 507,5

РБ

2025 жыл

1 507,5

2026 жыл

2 907

68.

Семей қаласындағы перинаталдық орталықты жаңғырту
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ДСМ, Абай облысының әкімдігі

84,2

ЖБ

2024 жыл

84,2

2023 жыл

757,4

РБ

2024 жыл

757,4

69.

Семей қаласының оң жағалау бөлігінде 300 келушіге арналған емхана салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ДСМ, Абай облысының әкімдігі

45

ЖБ

2024 жыл

160

2025 жыл

160

2024 жыл

1 440

РБ

2025 жыл

1 440

70.

Семей қаласының сол жағалау бөлігінде 300 келушіге арналған емхана салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ДСМ, Абай облысының әкімдігі

45

ЖБ

2024 жыл

160

2025 жыл

160

2024 жыл

1 440

РБ

2025 жыл

1 440

6.3. Мәдениет және спорт

71.

"Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылдарда мәдениет объектілерін салу және реконструкциялау

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ҰЭМ, МСМ, Абай облысының әкімдігі

15

ЖБ

2024 жыл

125

2025 жыл

105

2026 жыл

110

2027 жыл

55

2024 жыл

225

РБ

2025 жыл

720

2026 жыл

988

2027 жыл

492

72.

"Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде жүзу бассейні мен 5 спорт модулін салу

орындалған жұмыстар актісі

2025 жыл

ҰЭМ, МСМ, Абай облысының әкімдігі

134

ЖБ

2026 жыл

64

2027 жыл

64

2025 жыл

1 212

РБ

2026 жыл

573

2027 жыл

573

73.

Семей қаласында мұз сарайын салу

орындалған жұмыстар актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

4 400

БК

2025 жыл

4 400

74.

Семей қаласында 80 адамға арналған қонақүйі бар спорт кешенін салу

орындалған жұмыстар актісі

2026 жыл

Абай облысының әкімдігі

3 000

БК

2027 жыл

3 000

6.4 Әлеуметтік қорғау

75.

Үржар ауданының Ақжар ауылындағы "Үржар балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ қазіргі ғимаратына 2 қабатты жапсарлас құрылыс салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

50

ЖБ

2024 жыл

419,1

76.

Семей қаласында 150 төсек-орынға арналған балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесін салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі, Еңбекмині

4 000

РБ

400

ЖБ

2025 жыл

4 000

РБ

400

ЖБ

77.

Аягөз қаласында 150 төсек-орынға арналған тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығын салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі, Еңбекмині,

4 000

РБ

400

ЖБ

2025 жыл

4 000

РБ

400

ЖБ

78.

Әлеуметтік қорғау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту
 

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

120

ЖБ

2024 жыл

100

2025 жыл

100

2026 жыл

100

2027 жыл

100

79.

Әлеуметтік қорғау объектілерін жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

200

ЖБ

2024 жыл

100

2025 жыл

100

7. Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету

80.

Үржар ауданының Қабанбай ауылында 2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу

пайдалануға беру актісі
 

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

25

ЖБ

2024 жыл

800

81.

Семей қаласында Қарағайлы тұрғын алабында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу
 

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

25

ЖБ

2024 жыл

75

2025 жыл

75

2024 жыл

675

РБ

2025 жыл

675

82.

Семей қаласының Қызыл Кардон ауданында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

25

ЖБ

2025 жыл

75

2026 жыл

75

2025 жыл

675

РБ

2026 жыл

675

83.

Семей қаласының Восход кентінде 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу
 

пайдалануға беру актісі

2025 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

25

ЖБ

2026 жыл

75

2027 жыл

75

2026 жыл

675

РБ

2027 жыл

675

84.

Аягөз қаласында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу
 

пайдалануға беру актісі

2025 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

25

ЖБ

2026 жыл

75

2027 жыл

75

2026 жыл

675

РБ

2027 жыл

675

85.

Құлақтандыру жүйесі бар аудандық басқару пульттерінің 9 жиынтығын енгізу

қабылдау-тапсыру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

59,9

ЖБ

86.

Дабылды-сөйлеу құрылғыларының 160 жиынтығын енгізу
 

қабылдау- тапсыру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

236

ЖБ

2025 жыл

236

2026 жыл

236

2027 жыл

236

87.

Семей қаласында жедел-құтқару жасағы үшін ғимарат салу
 

пайдалануға беру актісі

2026 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

13

ЖБ

2027 жыл

65

2027 жыл

585

РБ

88.

Семей қаласында әуе кемелері мен техникалық қызмет көрсетуге арналған ангар салу

пайдалануға беру актісі

2025 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

90

МБ

2027 жыл

810

РБ

89.

Абай облысы әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін күрделі жөндеу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

250

ЖБ

90.

Абай облысы әкімінің қала сыртындағы қосалқы басқару пунктін күрделі жөндеу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

Абай облысының әкімдігі

475

ЖБ

2025 жыл

475

91.

Абай облысы әкімінің жылжымалы басқару пунктін сатып алу

қабылдау-тапсыру актісі

2025 жыл

Абай облысының әкімдігі

505

ЖБ

92.

Жаңа аймақтың жағалауын қоса алғанда, Алакөл көлінің жағалауында жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу

пайдалануға беру актісі

2025 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

7 200

РБ

2026 жыл

7 200

2027 жыл

8 100

2025 жыл

800

ЖБ

2026 жыл

800

2026 жыл

900

93.

"Бобровка" саяжай алабы ауданындағы Ертіс өзенінің сол жағалау сызығының жағалауын нығайту

орындалған жұмыстар актісі

2023 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

13

ЖБ

2024 жыл

70

2024 жыл

630

РБ

94.

"Орлиное гнездо" кафесі ауданында Ертіс өзенінің 1000 м жағалау сызығының жағалауын нығайту

орындалған жұмыстар актісі

2024 жыл

ТЖМ, Абай облысының әкімдігі

14

ЖБ

2025 жыл

90

2025 жыл

810

РБ

8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

95.

Абай облысының полиция департаменті үшін автокөлікті, арнайы техниканы және техникалық құралдарды сатып алу
 

қабылдау- тапсыру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

366

ЖБ

2024 жыл

200

2025 жыл

200

2026 жыл

200

2027 жыл

200

96.

Көліктегі полиция департаментінің Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі ғимаратын салу

қабылдау- тапсыру актісі

2024 жыл

ІІМ

30

РБ

2025 жыл

634

2026 жыл

984

97.

Семей қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін 300 орынға арналған казарма салу

қабылдау- тапсыру актісі

2024 жыл

ІІМ

57

РБ

2025 жыл

1 678

98.

Семей қаласында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ғимараттар кешенін салу

қабылдау- тапсыру актісі

2024 жыл

ІІМ

82

РБ

2025 жыл

750

2026 жыл

250

99.

Семей қаласында 400 орынға арналған тергеу изоляторының ғимараттар кешенін салу

қабылдау- тапсыру актісі

2024 жыл

ІІМ

56

РБ

2025 жыл

5 250

2026 жыл

3 250

100.

Семей қаласында 100 орынға арналған қауіпсіздік деңгейі төмен мекеменің (колония-қоныс) ғимараттарын салу

қабылдау- тапсыру актісі

2025 жыл

ІІМ

151

РБ

2026 жыл

1 250

2027 жыл

750

9. Экология

101.

Семей қаласында ТҚҚ полигонын салу

пайдалануға беру актісі

2024 жыл

ЭТРМ,
Абай облысының әкімдігі

2 313

РБ

2025 жыл

1 134

2023 жыл

100

ЖБ

2024 жыл

141

2025 жыл

142

102.

Қоқыс сұрыптау желісін орналастыру үшін Семей қаласындағы ТҚҚ полигонында құрылыс (ангар) салу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Абай облысының әкімдігі

100

ЖБ

2024 жыл

1 000

2025 жыл

1 092,4


      * республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде белгіленетін болады.


      Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

Барлығы

Республикалық бюджет

33 302,7

167 592,6

162 504,9

110 719,2

40 486

514 605,4

Жергілікті бюджет

18 320,1

26 816,1

24 460,1

22 820,8

17 835,4

110 252,5

МЖӘ

0

1 507

2 958

2 958

2 961,4

10 384,4

Басқа көздер (жеке инвестициялар)

37 602,8

80 162,5

167 260

198 844

756 500

1 240 369,3

ББИҚҚ

0

10 071

11 495

0

0

21 566

Барлығы

89 225,6

286 149,2

368 678

335 342

817 782,8

1 897 177,6

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Алел" ҚИК" АҚ

"Алел" қаржы инвестициялық корпорациясы" акционерлік қоғамы

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

ББИҚҚ

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры

БК

басқа көздер

гкал

гигакалорий

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖБ

жергілікті бюджет

ЖӨӨ

жалпы өңірлік өнім

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖЭО

жылу электр орталығы

ЖЭС

жел электр станциясы

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

км

километр

КМҚК

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

КММ

коммуналдық мемлекеттік мекеме

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

МВт

мегаватт

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

млрд

миллиард

МӘМС

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

НКИ

нақты көлем индексі

ОАМ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

РБ

республикалық бюджет

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

ТҚҚ

тұрмыстық қатты қалдықтар

ТМККБК

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

трлн

триллион

ТЭН

техникалық-экономикалық негіздеме

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ШОБ

шағын және орта бизнес

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭТРМ

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады