"Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидаларын және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 312 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 134 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидаларын және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 312 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, өзгерістер енгізу, оның қолданысын тоқтату қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) инвестициялық міндеттемелер туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын, заңды тұлғаның осындай келісім жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, сегіз жыл ішінде капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) тіркелген жаңа активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркелген активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және оны жасасуға өтінім берілген жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын жиынтық мөлшердегі міндеттемелерін көздейтін шарт;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Келісімді жасасу үшін өтініш беруші инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасығыштағы мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім жасасуға өтініш;

      2) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;

      3) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      4) өтініш берушінің қаржылық дәрменділігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сай әзірленген бизнес-жоспар;

      6) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен басшының қолымен куәландырылған қорытындысы.

      Қағидалардың осы тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қоса беріледі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес:

      бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органнан;

      кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміндегі мәліметтерді сұратады.

      7. Салықтар мен бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сұрау салу қаралған күні өтініш берушіде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек пен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы мәліметтерді ұсынады.

      Өтініш берушінің салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің бар болуы туралы мәліметтер ескертулерді жою мақсатында өтінішті қайтаруға негіз болып табылады.

      Анықталған ескертулер жойылған жағдайда өтініш беруші қайтадан өтініш жіберуге құқылы.

      Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес өтініш берушіге қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміндегі кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы мәліметтерді сұратады.

      Өтініш берушінің Кәсіпкерлік кодексінің 295-3-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі өтінішті қараудан бас тартуға негіз болып табылады.";

      12-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес мәліметтерді сұратады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Келісімге өзгерістер енгізу туралы шешімді өтініш берушінің ресми арызы және оған қоса берілетін, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде өзгерістер енгізу және салықтар мен бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес келісу шарттарына және кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанында (бұдан әрі – келісімнің үлгілік нысаны):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық міндеттемелер туралы осы келісім бұдан әрі тараптар деп аталатын, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан әрекет ететін

      _________________________ (бұдан әрі – Үкімет)

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      және ________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркелген нөмірі,

      күні)

      атынан___________________________________________ негізінде әрекет ететін
(жарғы немесе сенімхат)

      ______________________________________________________________________
(бұдан әрі – инвестор)

      (басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      арасында жасалды.

      Мыналарды:

      Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал құру мемлекеттің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын,

      инвестор осы келісімге сәйкес инвестицияларды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексі) 289-бабының 3-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 712-5-бабына сәйкес салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктер алуға мүдделі екенін ескере отырып,

      Үкімет пен инвестор инвестициялық міндеттемелер туралы осы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасты және келісім ол қолданылатын мерзім ішінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтін болады деп уағдаласты.";

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) салық заңнамасының тұрақтылығы – Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылықтың кепілі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы келісімнің 3-тарамағының ережелерін ескере отырып, инвестордың сегіз жыл бойы __________ теңге мөлшеріндегі инвестициялық міндеттемелерді жүзеге асыруы келісімнің нысаны болып табылады.

      Осы келісімді жасасқан инвесторға Кәсіпкерлік кодексінің 289-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Инвестор инвестицияларға _________ теңге жұмсайды.

      Бұл ретте осы келісімнің 2-тармағында көзделген инвестициялық міндеттемелер сомасының кемінде елу пайызын қаржыландыру осы келісімді жасауға өтінім берілген жылды қоса алғанда, алғашқы төрт жыл ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

      Инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде:

      1) өзара байланысты тараппен жасалған шарттар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде, бірақ осы келісімнің 2-тармағында көзделген міндеттемелер сомасының елу пайызынан аспайтын мөлшерде ескеріледі;

      2) өзара байланысты тараппен құны іс жүзінде шеккен шығыстар мөлшерінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан кезде мұндай өзара байланысты тарап Қазақстан Республикасының резиденті болып табылуға тиіс.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Келісімге тараптардың уәкілетті өкілдері ____ жылғы __ _________ Астана қаласында, Қазақстан Республикасы, қол қойды.";

      Келісімнің үлгілік нысанына 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 134 қаулысына
1-қосымша
Инвестициялық міндеттемелер
туралы келісімді жасасу, оған
өзгерістер енгізу, оның
қолданысын тоқтату
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтініш

Р/с

1-тарау. Инвестор туралы мәліметтер

1.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


2.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы және нақты орналасқан жері


3.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)


4.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(телефоны, электрондық поштасы)

5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(телефоны, электрондық поштасы)

6.

Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім менеджері

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(телефоны, электрондық поштасы)

7.

Өткен жылғы жиынтық жылдық кіріс


8.

Өз өндірісінің тауарларын өткізуден не өндірілген пайдалы қазбаларды және (немесе) пайдалы қазбаларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден өткен жылғы табыс


9.

Өз өндірісінің тауарларын өткізуден не өндірілген пайдалы қазбаларды және (немесе) пайдалы қазбаларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден түскен табыстың жылдық жиынтық табыстағы мынадай формула бойынша есептелетін үлесі: (өз өндірісінің тауарларын өткізуден не өндірілген пайдалы қазбаларды және (немесе) пайдалы қазбаларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден түскен табыс өткен жыл үшін / өткен жыл үшін жиынтық табыс)* 100%


10.

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты


2-тарау. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер (инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда толтырылады)

11.

Инвестициялық
жобаның атауы


12.

Инвестициялық жоба іске асырылатын жер (облыс, аудан, қала)


13.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 295-3-бабының 1-тармағына сәйкес өтінім берілген жылды қоса алғанда, алдағы 8 жылға инвестициялар сомасы


14.

Жаңа жұмыс орындарын құру (уақытша/тұрақты)


15.

Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландырудың жылдық көлемі


3-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бойынша инвестициялар салу кестесі

Инвестициялық міндеттемелер, мың теңге 

Р/с

Инвестициялық міндеттемелердің түрі

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

кейінгі жылдар



































4-тарау. Өтініш беруші өтініш берген күнгі жағдай бойынша төлейтін салықтар мен төлемдердің түрлері

16.


______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)

17.


______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)

18.


______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)

19.


______________________________
(кезең, тіркелген салық мөлшерлемесі)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 134 қаулысына
2-қосымша
Инвестициялық міндеттемелер
туралы келісімнің үлгілік
нысанына
1-қосымша

      Нысан

Инвестициялар салу графигі

      Инвестордың атауы: _________________________________

      Инвестициялық міндеттемелер, мың теңге

Р/с

Инвестициялық міндеттемелердің түрі

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

кейінгі жылдар


































Уәкілетті орган:
Қолы __________ М.О.

Инвестор:
Қолы _____________ М.О.
(бар болса)


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2022 года № 312 "Об утверждении Правил заключения, внесения изменений, прекращения действия соглашения об инвестиционных обязательствах и типовой формы соглашения об инвестиционных обязательствах"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2023 года № 134.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2022 года № 312 "Об утверждении Правил заключения, внесения изменений, прекращения действия соглашения об инвестиционных обязательствах и типовой формы соглашения об инвестиционных обязательствах" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 295-3 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах заключения, внесения изменений, прекращения действия соглашения об инвестиционных обязательствах (далее – Правила), утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) соглашение об инвестиционных обязательствах (далее – соглашение) – договор, заключаемый между Правительством Республики Казахстан и юридическим лицом, предусматривающий обязательства юридического лица по финансированию капитализируемых последующих расходов и (или) расходов на приобретение, производство, строительство новых фиксированных активов, а также по финансированию других затрат, увеличивающих стоимость фиксированных активов в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и (или) требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, в течение восьми лет, включая год подачи заявки на заключение такого соглашения, суммарно в размере не менее семидесятипяти миллионнократного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января года, в котором подана заявка на его заключение;";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Для заключения соглашения заявитель обращается в уполномоченный орган по инвестициям с приложением следующих документов на государственном и русском языках на бумажном носителе:

      1) заявление на заключение соглашения по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копия устава заявителя;

      3) справка о государственной регистрации (перерегистрации) заявителя;

      4) копии документов, подтверждающих финансовую состоятельность заявителя;

      5) бизнес-план, разработанный в соответствии с требованиями к составлению бизнес-плана инвестиционного проекта, согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      6) заключение комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства, заверенное подписью руководителя, в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.

      Документы, предусмотренные подпунктами 5) и 6) настоящего пункта Правил, прилагаются при реализации инвестиционных проектов.";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Уполномоченный орган по инвестициям в течение пяти рабочих дней со дня поступления заявления запрашивает сведения согласно пункту 7 настоящих Правил:

      у уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет;

      в реестре субъектов предпринимательства.

      7. Уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет, в течение пяти рабочих дней со дня получения запроса представляет сведения о наличии или отсутствии задолженности по налогам и другим обязательным платежам в бюджет и задолженности по социальным платежам у заявителя на дату рассмотрения запроса.

      Сведения о наличии задолженности у заявителя по налогам и другим обязательным платежам в бюджет и задолженности по социальным платежам являются основанием для возвращения заявления в целях устранения замечаний.

      В случае устранения выявленных замечаний заявитель вправе повторно направить заявление.

      Уполномоченный орган по инвестициям запрашивает в реестре субъектов предпринимательства сведения о категории субъекта предпринимательства в отношении заявителя в соответствии с Правилами ведения и использования реестра субъектов предпринимательства, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1091.

      Несоответствие заявителя условиям пункта 2 статьи 295-3 Предпринимательского кодекса является основанием для отказа в рассмотрении заявления.";

      в пункт 12 вносится изменение на русском языке, текст на казахском языке не меняется;

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. Внесение изменений в график вложения инвестиций рассматривается уполномоченным органом по инвестициям на основании официального обращения заявителя с вложением пояснительной записки с подтверждающими документами и проекта графика вложения инвестиций.

      13. Уполномоченный орган по инвестициям в течение десяти рабочих дней со дня поступления такого заявления запрашивает сведения согласно пункту 7 настоящих Правил.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Решение о внесении изменений в соглашение принимается Правительством Республики Казахстан на основании официального обращения заявителя и прилагаемых к нему документов, указанных в пункте 12 настоящих Правил, при соответствии условиям для внесения изменений и согласования согласно сведениям уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет, и реестру субъектов предпринимательства.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      в типовой форме соглашения об инвестиционных обязательствах (далее – типовая форма соглашения), утвержденной указанным постановлением:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "Настоящее соглашение об инвестиционных обязательствах заключено между Правительством Республики Казахстан в лице ________________________________________________________

      ____________________________________________________________,

      (фамилия, имя, отчество (при наличии))

      действующего на основании Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан" (далее – Правительство), и ___________________________________________________________________________________

      (наименование юридического лица Республики Казахстан, номер, дата государственной регистрации)

      в лице _____________________________________________________________________________,

      (фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя или иного уполномоченного лица)

      действующего на основании _____________________________________________________ (далее – инвестор),

      (устава или доверенности)

      именуемые в дальнейшем стороны.

      Принимая во внимание, что:

      создание благоприятного инвестиционного климата в Республике Казахстан является одним из приоритетных направлений экономической политики государства,

      инвестор заинтересован в получении гарантий стабильности налогового законодательства в соответствии с пунктом 3 статьи 289 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Предпринимательский кодекс) и статьей 712-5 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс) при осуществлении инвестиций согласно настоящему соглашению,

      Правительство и инвестор заключили настоящее соглашение об инвестиционных обязательствах (далее – соглашение) и договорились о том, что соглашение будет регулировать их взаимные права и обязанности в течение срока его действия.";

      подпункт 4) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "4) стабильность налогового законодательства – гарантия стабильности при изменении налогового законодательства Республики Казахстан в соответствии с Налоговым кодексом.";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Предметом соглашения является осуществление инвестором инвестиционных обязательств в размере __________ тенге в течение восьми лет с учетом положений главы 3 настоящего соглашения.

      Инвестору, заключившему настоящее соглашение, гарантируется стабильность налогового законодательства Республики Казахстан в соответствии со статьей 289 Предпринимательского кодекса.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Инвестор направит на инвестиции _________ тенге.

      При этом финансирование не менее пятидесяти процентов от суммы инвестиционных обязательств, предусмотренной в пункте 2 настоящего соглашения, должно быть осуществлено в течение первых четырех лет, включая год подачи заявки на заключение настоящего соглашения.

      При исполнении инвестором инвестиционных обязательств:

      1) стоимость товаров, работ и услуг по договорам, заключенным со взаимосвязанной стороной, учитывается в размере фактически понесенных расходов, но не более пятидесяти процентов от суммы обязательств, предусмотренной в пункте 2 настоящего соглашения;

      2) при заключении договоров на приобретение товаров, работ и услуг, стоимость которых учитывается в размере фактически понесенных расходов, со взаимосвязанной стороной такая взаимосвязанная сторона должна являться резидентом Республики Казахстан.";

      пункт 38 изложить в следующей редакции:

      "38. Соглашение подписано __ _________ ____ года в городе Астане, Республика Казахстан, уполномоченными представителями Сторон.";

      приложение 1 к типовой форме соглашения изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр Республики Казахстан А. Смаилов

  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от " " 2023 года
  Приложение 1
к Правилам заключения,
внесения изменений,
прекращения
действия соглашения об
инвестиционных обязательствах
  Форма

Заявление на заключение соглашения об инвестиционных обязательствах


п/п

Глава 1. Сведения об инвесторе

1.

Наименование юридического лица Республики Казахстан


2.

Местонахождение: юридический адрес и фактическое местонахождение


3.

Бизнес-идентификационный номер (БИН)


4.

Руководитель юридического лица Республики Казахстан

(фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________
(телефон, электронная почта)

5.

Главный бухгалтер юридического лица Республики Казахстан

_______________________________________
(фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________
(телефон, электронная почта)

6.

Менеджер соглашения об инвестиционных обязательствах

_______________________________________
(фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________
(телефон, электронная почта)

7.

Совокупный годовой доход за предыдущий год


8.

Доход от реализации товаров собственного производства либо от реализации добытых полезных ископаемых и (или) продукции, полученной в результате переработки полезных ископаемых, за предыдущий год


9.

Доля дохода от реализации товаров собственного производства либо от реализации добытых полезных ископаемых и (или) продукции, полученной в результате переработки полезных ископаемых, в совокупном годовом доходе, исчисляемая по следующей формуле: (доход от реализации товаров собственного производства либо от реализации добытых полезных ископаемых и (или) продукции, полученной в результате переработки полезных ископаемых, за предыдущий год / совокупный доход за предыдущий год)* 100 %


10.

Категория субъекта предпринимательства


Глава 2. Сведения об инвестиционном проекте (заполняется при реализации инвестиционного проекта)

11.

Наименование инвестиционного проекта


12.

Место реализации инвестиционного проекта (область, район, город)


13.

Сумма инвестиций в соответствии с пунктом 1 статьи 295-3 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан на предстоящие 8 лет, включая год подачи заявки


14.

Создание новых рабочих мест (временные / постоянные)


15.

Объем годового финансирования обучения казахстанских кадров


Глава 3. График вложения инвестиций по соглашению об инвестиционных обязательствах

Инвестиционные обязательства, тысяч тенге

№ п/п

Вид инвестиционных обязательств

Календарный год

Всего

1 год

2 год

3 год

4 год

последующие годы


































 

Глава 4. Виды налогов и платежей, уплачиваемых заявителем по состоянию на дату подачи заявления

16.


_______________________________________
(период, фиксируемая налоговая ставка)

17.


_______________________________________
(период, фиксируемая налоговая ставка)

18.


_______________________________________
(период, фиксируемая налоговая ставка)

19.


_______________________________________
(период, фиксируемая налоговая ставка)

 
  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от " " 2023 года
  Приложение 1
к типовой форме соглашения об
инвестиционных обязательствах
  Форма

График вложения инвестиций

      Наименование инвестора: _________________________________

      Инвестиционные обязательства, тысяч тенге

№ п/п

Вид инвестиционных обязательств

Календарный год

Всего

1 год

2 год

3 год

4 год

последующие годы


































Уполномоченный орган:
Подпись __________ М.П.

Инвестор:
Подпись _______ М.П.
(при наличии)