Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 241 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісу бойынша) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының оған жүктелген Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа да қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметін ақпараттық қолдау функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуіне ықпал ету болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

      2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамы таратылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін кәсіпорын теңгеріліміне берсін.

      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 241 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      аталған қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" бөлімінде:

      реттік нөмірі 21-38 - жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерін және мемлекеттік үлестерді иелену және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      аталған қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және мемлекеттік қатысу үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" бөлімінде:

      реттік нөмірі 238-10 - жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысында:

      аталған қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9 - жолмен толықтырылсын:

      "9. "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".

      4. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:

      аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      "1. Республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері" бөлімі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 40-1, 40-2, 40-3, 40-4, 40-5 - жолдармен толықтырылсын:

      "

40-1

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар шығару қызметі

59110

40-2

Телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және трансляциялау қызметі

60200

40-3

Басқа топтамаларға енгізілмеген телекоммуникация саласындағы өзге де қызмет

61909

40-4

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

62011

40-5

Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу

62012

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-1, 41-2, 41-3 - жолдармен толықтырылсын:

      "

41-1

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызмет

62032

41-2

Киберқауіпсіздік саласындағы қызмет

62092

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1 - жолмен толықтырылсын:

      "

42-1

Веб-порталдар қызметі

63120

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1 - жолмен толықтырылсын:

      "

44-1

Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару

68 201

      ";

      1-бөлім мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе:

      * 1-бөлімнің 40-1, 40-2, 42-1, 44-1-тармақтарында көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметімен шектеледі;

      ** 1-бөлімнің 40-3, 40-4, 40-5, 41-1, 41-2-тармақтарында көрсетілген қызмет "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының инженерлік-техникалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметімен шектеледі;

      "3. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері" бөлімі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-1, 21-2-тармақтарымен толықтырылсын:

      "

21-1 *

Инженерлік-техникалық консультациялар беру жөніндегі қызмет

71127

21-2 *

Техникалық сынақтар мен талдауларды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі

71209

      ".

      3-бөлім мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе:

      * 3-бөлімнің 21-1, 21-2 – тармақтарында көрсетілген қызмет "Қазқұрылысжүйесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен шектеледі.".

О некоторых вопросах Управления делами Президента Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2023 года № 241.

      В соответствии со статьей 133 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан" Управления делами Президента Республики Казахстан (далее – предприятие).

      2. Определить Управление делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) уполномоченным органом соответствующей отрасли предприятия, а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права республиканской собственности.

      3. Определить основным предметом деятельности предприятия способствование осуществлению Управлением делами Президента Республики Казахстан возложенных на него функций по информационной поддержке деятельности Президента, Правительства Республики Казахстан и иных обслуживаемых лиц, а также проведению государственной информационной политики.

      4. Управлению делами Президента Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:

      1) утвердить устав предприятия;

      2) обеспечить государственную регистрацию предприятия в регистрирующих органах;

      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Ликвидировать некоммерческое акционерное общество "Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан".

      6. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке передать имущество некоммерческого акционерного общества "Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан", оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, на баланс предприятия.

      7. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      8. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 марта 2023 года № 241

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях":

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Астана":

      строку, порядковый номер 21-38, исключить.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Управлению делами Президента Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 238-10, исключить.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2003 года № 1212 "О некоторых вопросах Управления делами Президента Республики Казахстан":

      приложение к указанному постановлению дополнить строкой, порядковый номер 9, следующего содержания:

      "9. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 "Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами":

      в перечне видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "1. Виды деятельности, осуществляемые государственными предприятиями, находящимися в республиканской собственности":

      дополнить строками, порядковые номера 40-1, 40-2, 40-3, 40-4, 40-5, следующего содержания:

      "

40-1 *

Деятельность по производству кино-, видеофильмов и телевизионных программ

59110

40-2 *

Деятельность по созданию и трансляции телевизионных программ

60200

40-3 **

Прочая деятельность в области телекоммуникаций, не включенная в другие группировки

61909

40-4 **

Разработка программного обеспечения

62011

40-5 **

Сопровождение программного обеспечения

62012

      ";

      дополнить строками, порядковые номера 41-1, 41-2, следующего содержания:

      "

41-1 **

Деятельность по управлению информационно-коммуникационной инфраструктурой в рамках формирования и развития государственных электронных информационных ресурсов и систем

62031

41-2 **

Деятельность в области кибербезопасности

62092

      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 42-1, следующего содержания:

      "

42-1 *

Деятельность веб-порталов

63120

      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 44-1, следующего содержания:

      "

44-1 *

Аренда и управление собственной недвижимостью

68 201

      ";

      раздел 1 дополнить примечанием следующего содержания:

      "Примечание:

      * деятельность, указанная в пунктах 40-1, 40-2, 42-1, 44-1, раздела 1 ограничивается деятельностью республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан" Управления делами Президента Республики Казахстан;

      ** деятельность, указанная в пунктах 40-3, 40-4, 40-5, 41-1, 41-2 раздела 1 ограничивается деятельностью республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Инженерно-технический центр Управления делами Президента Республики Казахстан.";

      раздел "3. Виды деятельности, осуществляемые юридическими лицами, находящимися в республиканской собственности, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами":

      дополнить строками, порядковые номера 21-1, 21-2, следующего содержания:

      "

21-1 *

Деятельность по предоставлению инженерно-технических консультаций

71127

21-2 *

Деятельность прочих учреждений, осуществляющих технические испытания и анализы

71209

      ";

      раздел 3 дополнить примечанием следующего содержания:

      "Примечание:

      * деятельность, указанная в пунктах 21-1, 21-2 3аздела 3, ограничивается деятельностью товарищества с ограниченной ответственностью "Казстройсистема".".