Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1212 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

      2. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 29 қарашадағы
N 1212 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына

      оларға қатысты республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы

      субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық

      мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.18 N 154, 2012.03.11 N 311; 30.12.2020 № 940; 20.05.2021 № 335; 20.03.2023 № 241 қаулыларымен.

      1. "Мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

      2. "Бүркiт" мемлекеттiк авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

      3. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

      4. "Қараөткел" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.16 N 178 Қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.05.2021 № 335 қаулысымен.

      8. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады