"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 273 қаулысымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қызмет бабында пайдалану үшін
Қағидаларға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Үкіметінің 30.07.2024 № 613 қаулысымен.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры (бұдан әрі – қоғамдық қор) түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу тәртібін айқындайды.
2-тарау. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу тәртібі
2. Қор жеке (шоғырландырылмаған) аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қоғамдық қор үшін жыл сайын қордың таза кірісінің кемінде 7 (жеті) пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қордың қоғамдық қорға қаражат бөлуі қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту және таза кірісін бөлу туралы мәселелерді жыл сайын қарау шеңберінде қабылданатын қордың жалғыз акционерінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Қордың қоғамдық қорға аударатын қаражатының мөлшері қоғамдық қордың талап етілетін сома және сұралатын соманың негізділігі көрсетіліп ұсынылған жазбаша сұрау салуы негізге алына отырып айқындалады.
5. Қор осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген сұрау салуды алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаражатты қоғамдық қордың шотына сұрау салуда көрсетілген мөлшерде аударады.
6. Бөлінген қаражатты қоғамдық қор қордың жалғыз акционері қоғамдық қорға қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде талап ете алады.
Талап етілмеген қаражат көрсетілген мерзім өткеннен кейін қоғамдық қорға аударылмайды.
7. Қоғамдық қор қор аударған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.