Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 861 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Бірыңғай жүйенің құрылымына енгізілген мониторинг жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері шеңберінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін қағадалау Жерді қашықтан зондтау деректері пайдаланылып та жүргізіледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |