Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi – Қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн мынадай нормалар мен лимиттер:
Қор резервiнiң есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарына есептелетін ең төмен мөлшерi провизия мөлшерiнiң кемiнде он пайызы мөлшерінде. Қор қызметiнiң нәтижесiнде болуы мүмкiн тәуекелдердi жабу үшiн қалыптастырылатын және оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн Қор резервi Қордың активтерi мен провизиясының айырмасы ретiнде айқындалады;
Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банктік шотындағы ақшаның ай сайынғы инвестицияланбайтын қалдығының есепті айдан кейінгі айдың басындағы ең төмен мөлшері есепті айдың алдындағы айда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік төлемдер сомасының бір жарым еселенген мөлшерінен кем емес, бірақ 100000000 (бір жүз миллион) теңгеден төмен емес мөлшерде белгіленсін.
2. Қор провизияларды Қордан алушыларға төленетiн болашақ әлеуметтiк төлемдердiң келтiрiлген құны ретiнде актуарийлік есеп-қисаптарды пайдалана отырып, жыл сайын айқындайды.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |