Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 474 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотындағы ақшаның ай сайынғы инвестицияланбайтын қалдығының есепті айдан кейінгі айдың басындағы ең төмен мөлшері есепті айдың алдындағы айда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік төлемдер сомасының 0,5 еселенген мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |