Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ғылым қоры" акционерлік қоғамын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 435 қаулысы;
2) "Ғылым қоры" акционерлік қоғамын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 435 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 699 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |