"Ғылым қоры" акционерлік қоғамын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 435 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 556 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.07.2023 № 556 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2021 № 699 қаулысымен.

      "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2021 № 699 қаулысымен.

      1. "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А.Мамин




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады