"Ғылым қоры" акционерлік қоғамын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 435 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 699 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 556 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.07.2023 № 556 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылым қоры" акционерлік қоғамын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 435 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым қоры" акционерлік қоғамын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде айқындау туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады