Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 272 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын белгілеу қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары (бұдан әрі – ӘМАТ);".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |