"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 693 қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Жарғысының 49-тармағының 15-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Қазақстандық технологиялық пайдалану орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жұмыскерлердің демалуына арналған ауданы 15 м2, 25 м2, 30 м2, 60 м2, 75 м2, 106 м2 534 бірлік мобильді-блокты ғимараттарды сатып алуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О некоторых вопросах акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2023 года № 693.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О Фонде национального благосостояния" и подпунктом 15-6) пункта 49 Устава акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына", утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2012 года № 1418, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить приобретение акционерным обществом "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" мобильно-блочных зданий в количестве 534 единиц, предназначенных для отдыха работников, площадью 15 м2, 25 м2, 30 м2, 60 м2, 75 м2, 106 м2 у товарищества с ограниченной ответственностью "Казахстанский технологический эксплуатационный центр".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов