Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жылдың қорытындысы бойынша, 20 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсіп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, 1 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 991 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар
Кіріспе
Машина жасау әлемнің өңдеу өнеркәсібінің жетекші саласы бола отырып, өнеркәсіп пен ел экономикасының бәсекелестік артықшылығын айқындайды, өндірістік және ғылыми-технологиялық әлеуеттің дамуы, еңбек өнімділігінің артуы, ұлттық қауіпсіздік пен еліміздегі тұрмыс сапасы соған байланысты. Өңдеу секторы тауарларының жаһандық экспортының шамамен 50 %-ы осы салаға тиесілі (Жапонияда – 68 %, Қытайда – 56 %, Германияда – 55 %, АҚШ-та – 53 %, Канадада – 35 %).
Осыны ескере отырып, әлемнің өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдерінде бұл салаға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып, қолдау көрсетіледі. Қазақстан табысты дамып, жаһандық аренада өз орнын алуы үшін қазіргі жағдайда отандық машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру – бұл аса маңызды және өзекті мәселе.
Бүгінгі күні салада мынадай жағдай байқалады.
2017 – 2022 жылдары ел экономикасындағы машина жасау саласының үлесі 1,0 %-дан 1,5 %-ға дейін, өңдеу секторында 8 %-дан 13 %-ға дейін ұлғайған. Саладағы өндірістің құндық көлемі 3,1 трлн теңгеге дейін 3 есе артқан, оның ішінде 1 229 млрд теңге (39 %) автомобиль жасау секторына, қалған машина жасау секторларына 1 752 млрд теңге (61 %) тиесілі. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау 10,5 есеге, автомобиль жасау 8,2 есеге, теміржол машиналарын жасау 3,2 есеге, авиақұрастыру 3,7 есеге, электротехника 1,1 есеге, тау-кен металлургиясы 2,2 есеге, мұнай-газ машиналарын жасау 1,2 есеге артқан. Энергетикалық машина жасауда 2,2 есе құлдырау орын алды.
Сонымен қатар салада машина жасау өнімдері өндірісінің жалпы өсуінің аясында импортқа айтарлықтай тәуелділік сақталуда. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – СЖРА ҰСБ) деректері бойынша ел импортының шамамен 40 %-ы машина жасау өнімдері болып табылады (2022 жылы 50 млрд АҚШ долларының 19,8 млрд). Қазақстандағы ішкі машина жасау нарығын отандық өндіріс небәрі 13 % қамтамасыз етеді.
Бұл ретте макроөңір деңгейінде машина жасау өнімдерін өткізудің айтарлықтай әлеуеті бар. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) нарығының машина жасау өнімінің жалпы импорты 2021 жылы (Қазақстан Республикасын есептемегенде) 141,2 млрд АҚШ долларын құрады. Алайда ахуал қазіргі геосаяси жағдаймен, Қазақстанның саудадағы негізгі серіктесі Ресейге қатысты санкциялармен, тауарларды жеткізудің жаһандық та, өңірлік те тізбектері бұзылған жоғары инфляциялық болжамдармен және тәуекелдермен күрделене түсуде.
Экспорт 5,7 есеге өсіп, 3,7 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Бұған қоса, саланың отандық өнімі әлемдік нарықта аз ұсынылған (2021 жылы 0,02 %). Салыстыратын болсақ, машина жасау өнімдерінің әлемдік экспортындағы Ресейдің үлесі – 0,3 % (2014 жылдан бастап қолданылған санкцияларды ескерсек), Корея – 4,6 %, АҚШ – 8,3 %, Германия – 9,6 %, Қытай – 20 %. Бұл осы елдерде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) қомақты қаржы бөлінуіне де негізделген.
Қазақстанда ҒЗТКЖ шығындарында машина жасауға тиесілі үлес төмен – небәрі 11,4 млрд теңге немесе өңдеу өнеркәсібінде 22 % (50,6 млрд теңге), ал металлургияға 28,2 млрд теңге немесе ҒЗТКЖ шығындарының жалпы көлемінің 56 %-ы жұмсалған.
2022 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 28,7 мың АҚШ долларын құрады.
Саланың негізгі капиталына 64,6 млрд теңгеден астам инвестиция салынды (140 млн АҚШ доллары), 474,6 млннан астам АҚШ долларын құрайтын тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.
Салада 3,7 мыңнан астам машина жасау кәсіпорыны бар, оларда 118,6 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Алайда өнеркәсіп орындарының негізгі өндірістік қорлары жаңартуды қажет етеді. СЖРА ҰСБ деректері бойынша машина жасауда жабдықтың тозу дәрежесі сала бойынша орта есеппен 37 – 40 % құрайды. Негізгі қорлардың жағдайы күшейтілген бақылауды, жаңғыртуды немесе реконструкциялауды қажет етеді, бұл банктік кредит берудегі жоғары мөлшерлемеге және кепіл базасының жетіспеушілігіне байланысты күрделене түскен.
Негізгі компоненттер бойынша (құю, соғу, қалыптау, илемдеу) өзіндік өндірістің жетіспеушілігі байқалады. Қазіргі уақытта саланың жекелеген кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында құю өндірісін дамытуға және жаңғыртуға мүдделі болып отыр.
Осыған байланысты саладағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту, кеңейту және жаңа өндірістер құру үшін бірінші кезекте шағын және орта бизнесті, оның ішінде Өнеркәсіпті дамыту қорының желісі бойынша басым әрі қолжетімді (шарттар, мерзімдер және кепіл базасына қойылатын талаптар бойынша) қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала береді.
Бұдан басқа, сала кәсіпорындары арасындағы өнеркәсіптік кооперация мен салааралық кооперация деңгейі төмен.
Ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар тетігінің жеткілікті таралмауы, оның ішінде олардың саны, номенклатурасы мен көлемі, жаңа жобаларды лизингтік қаржыландыру кезіндегі бюрократиялық кедергілер, машина жасау өнімдерінің өмірлік циклінің жиынтық құны, тапсырыс берушілер тарапынан тартымды, сапасы жоғары жабдыққа қызығушылықтың төмендігі тағы бір тежегіш фактор болып отыр.
Бұдан басқа, машина жасау тауарларының едәуір бөлігі жұмыстар шеңберінде (жер қойнауын пайдаланушылардан, мұнай мен газды өңдеу және тасымалдау кәсіпорындарынан, құрылыс-монтаждау жұмыстарында) сатып алу кезінде көрсетілетін қызметтер құрамында аутсорсингке беріліп, елішілік құндылығы туралы есептер ұсынылмайды.
Сала кәсіпорындары теміржол тасымалдарының көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің жоғары болуын, электрмен жабдықтау сапасының төмендігін және электр энергиясы құнының жоғары екендігін де проблемалы мәселелер ретінде атап өтеді.
Белгілі бір деңгейде кәсіптік білімі, дағдылары мен құзыреті бар білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалады, бұл көбінесе дуальді білім беру моделінің және оқытудың тәжірибеге бағдарланған тәсілінің жеткілікті дамымауына байланысты. Мәселен, машина жасау саласындағы сұранысқа ие мамандар бойынша еңбек ресурстарына деген сұраныстың орта мерзімді ұлттық болжамына сәйкес 2024 жылдан 2028 жылға дейінгі аралықта 7 мыңнан астам маманға қажеттілік туындайды.
Машина жасау секторларында жоғарыда аталған жүйелік сипаттағы қиындықтардан басқа мынадай бірқатар проблемалық мәселелерді бөліп көрсетуге болады.
Тау-кен металлургиялық машина жасауда: жер қойнауын пайдаланушылардың тауар биржалары арқылы стандартталмаған тауарларды сатып алуы; тау-кен өндіру секторының тұтынушылары тарапынан сектор өніміне қажеттілік бойынша ақпараттың болмауы; секторда өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасу тетігінің болмауы.
Мұнай-газ машинасын жасауда: мұнай-газ компанияларының жұмыс құрамында сектор өнімін едәуір көлемде сатып алуы; үш ірі операторды қоса алғанда, мұнай-газ саласы компанияларынан сектор өніміне қажеттілік бойынша ақпараттың болмауы; мұнай-газ саласы операторларының сатып алуында елішілік құндылық деңгейінің төмен болуы; өндірілетін өнімнің халықаралық стандарттарға (API, ASTM) сәйкес келмеуі және отандық өндірушілердің өнімдерін қойылатын талаптарға сәйкес келтіру үшін олардың ынтымақтастық жасауға мұнай-газ компанияларының практикалық қызығушылығының төмен болуы; мұнай-газ машинасын жасау өнімдерінің өндірісін дамыту мен оқшаулау деңгейінің жеткіліксіз болуы; жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында стратегиялық объектілерде қолдану үшін технологиялық жағынан күрделі, кейіннен негізгі қорлар ретінде есепке алынатын машина жасау жабдықтарын жеткізудің тым қысқа мерзімдері (күнтізбелік 60 күн) (мысалы, "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының құрылымдарында) көрсетіледі.
Электр-техникалық және энергетикалық машина жасауда: кедендік баждарды (ЕАЭО елдерін қоспағанда) және ҚҚС төлеуді ескергенде бастапқы материалдарды (электр-техникалық болат, трансформаторлық май және т.б.) таяу және қиыр шет елдерден сатып алу ақшаны кәсіпорындардың айналым қаражатынан алуға әкеледі. Бұл ретте металл өнімдерін импорттаудан бастап дайын өнім жасауға дейінгі процесс 3 айдан 9 айға дейін созылады; халықаралық стандарттарға сәйкес сынақтар кешенін жүргізу үшін заманауи сынақ және метрологиялық базамен жарақтандырылған зертханалық орталықтың болмауы (КЕМА – Нидерланды, CESI – Италия, XIHARI – ҚХР, CPRI –Үндістан, KERI – Корея үлгісінде); энергетика саласының генерациялаушы және таратушы кәсіпорындарының энергетикалық машина жасау бойынша сұранысқа ие өнімдерді сатып алу қажеттіліктері бойынша деректердің болмауы; жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, кеңейту, сондай-ақ жаңа энергия объектілерін, оның ішінде жаңартылған энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) салу кезінде энергетикалық машина жасаудың отандық өндірушілері мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы.
Теміржол машинасын жасауда: теміржол машинасын жасау секторы кәсіпорындарының техникалық тұрғыдан жеткілікті жарақтандырылмауы; жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, жылжымалы құрамға деген қажеттілікті ұзақ мерзімді жоспарлаудың болмауы, бұл жылжымалы құрамды, сондай-ақ оған қызмет көрсету және салу үшін қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыш жеткізуге офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді шарттар жасасуды тежейді.
Автомобиль жасауда: елімізде автомобильге арналған болат өндірісінің болмауы және шикізат пен жиынтықтауышты шетелдік дайындаушы зауыттардан сатып алу; ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында ТКҚЭП жүйелерінің (техникалық көлік құралының электрондық паспорты) ақпараттық өзара іс-қимылының болмауы; ТКҚЭП жүйесінің басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен елішілік интеграциясының болмауы; автомобиль жасау өнімін сертификаттау үшін толыққанды сынақ базасының болмауы; преференциялардың бар екенін ескерсек, мемлекеттік сатып алу шеңберінде төленген салықтардың көрсеткіші бойынша талаптардың төленуі барынша ықтимал салықтарға сәйкес келмеуі; сынақ зертханалары мен сертификаттау жөніндегі органдардың техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеуі; дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операцияларды орындай отырып шығарылатын көлік құралдарының үлесін реттеудің болмауы.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда: ауыл шаруашылығы машиналарын одан әрі дамыту бағдарламаларын қалыптастыру үшін базалық құжат болып табылатын ауыл шаруашылығын кешенді механикаландыру мен автоматтандыруға арналған технологиялар мен машиналар жүйесінің ескіруі; өздігінен жүрмейтін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілерді қаржылық қолдау шаралары жүйесінің болмауы, бұл субсидиялық қолдау шараларының ауқымды тізбесін қолданатын шекаралас мемлекеттердің өндірушілерімен тең емес бәсекелестік жағдайларға негіз болады; қазіргі уақытта қолданыстағы агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі – АӨК) субъектілерін субсидиялау жүйесі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде қазақстандық өндіріс техникасына сұранысты ынталандыруға толық көлемде ықпал етпейді; секторды ғылыми және конструкторлық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі; конструкциялық және қоспаланған, импорттық болаттың тапшылығы мен жоғары құны; Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына бейімделмеген шетелдік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының кеңінен өткізілуі; жергілікті нарықта отандық ауыл шаруашылығы техникасын ілгерілету жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың болмауы, бұл сату шарттарына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаушылар үшін өңірлік нарықтардың қолжетімділігіне дилерлердің ықпалының күшеюін негіздейді; тіркемелі және аспалы машиналардың жекелеген түрлерін өндірудің жеткіліксіз көлемі немесе болмауы; машиналардың функционалдық көрсеткіштерін айқындай отырып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жаңа әзірлеме жабдығына тәжірибелік және қабылдау сынақтарын жүргізу мен пайдалануға рұқсат беру жүйесінің болмауы; дефолт немесе лизинг алушы тарапынан төлемдер болмаған жағдайда жеңілдікті лизинг бағдарламалары шеңберінде іске асырылған ауыл шаруашылығы техникасын кері сатып алуды жүзеге асыру бойынша талап; өздігінен жүретін машиналардың электрондық форматтағы паспорттарының болмауы.
Авиақұрастыруда: еңбек нарығында бейінді маманданған персоналдың болмауы; азаматтық авиацияға ауысқан кезде мемлекеттік авиацияның ұшқыштар құрамын қайта даярлауды жүргізу тетіктерінің болмауы; ICAO талаптарына сәйкес FFS типі бойынша тренажерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тікұшақ техникасының ұшқыштар құрамын тренажерда даярлау мүмкіндігінің болмауы.
Салада байқалған проблемалардың сақталуы ел экономикасына елеулі теріс әсері етуі және оның ішінде мынадай теріс салдарларға әкеп соғуы мүмкін:
1. Өнеркәсіптік базаны шектеу. Машина жасау экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады және басқа салалар мен секторларды дамытуға негіз болады. Машина жасаудың дамымауы еліміздің заманауи және бәсекеге қабілетті машиналар мен жабдықтар өндірісіндегі мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін, бұл энергетика, ауыл шаруашылығы және т.б. сияқты басқа да салалардың дамуын қиындатады.
2. Импортқа тәуелділікті арттыру. Егер машина жасау дамымаса, еліміз машиналар мен жабдықтардың импортына өте тәуелді болып қалуы мүмкін. Бұл ішкі нарықтағы меншікті өндіріс үлесінің төмендеуіне әкеледі.
3. Шектеулі технологиялық мүмкіндіктер. Машина жасау технологиялық инновациялармен және прогреспен тығыз байланысты. Машина жасаудың дамымауы технологиялық салада артта қалуға әкеп соқтыруы мүмкін, бұл тиімді өндірістік процестерге көшуді қиындатады.
4. Өнімділіктің төмендеуі. Ескіре бастаған негізгі құралдар мен технологиялар машина жасау кәсіпорындарының өнімділігін төмендетуі мүмкін, соның салдарынан экономикадағы жалпы өнімділіктің төмендеуіне әкеледі.
5. Экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктерді шектеу. Машина жасаудың дамымауы отандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін. Бұл экспорттық мүмкіндіктерді шектейді және экспорттық кірістер мен сыртқы инвестицияларды жоғалтуға әкеледі.
6. Жұмысқа орналасу қаупі. Машина жасау экономикадағы өнімділігі жоғары жұмыс орындарының маңызды көзі болып табылады. Машина жасаудың дамымауы жұмыс орындарының қысқаруына және жұмыссыздықтың артуына әкелуі мүмкін, бұл әлеуметтік салаға теріс әсер етуі мүмкін.
Осылайша, аталған проблемаларды шешуге және машина жасауды дамытуға жеткілікті көңіл бөлмеу жалпы жұмыс істеп тұрған өндірістердің тиімділігінің төмендеуіне, қолда бар бәсекелік артықшылықтардан айырылуға, салық базасының төмендеуіне әкелуі және елдің әртараптандырылуына, орнықты экономикалық өсуі мен дамуына кедергі келтіруі, сондай-ақ оның әлемдік экономикаға интеграциялануын күрделендіруі мүмкін. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікті дамыту және машина жасау саласының өнеркәсіптік әлеуетін ашу ел экономикасының өркендеуі үшін стратегиялық маңызға ие.
Машина жасауды дамытудың қазіргі жалпы салалық және секторлық проблемалық мәселелерін кешенді шешу қажет, өйткені олар кең ауқымды мәселелерді қозғайды. Саланың әлеуетін іске асыруға жүйелі көзқарас, оны дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына сүйене отырып, экономикалық өсудің, технологиялық прогрестің орнықтылығын толық көлемде арттыруға және елдің әлеуметтік дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда келтірілген талдауды ескере отырып, Машина жасау саласын дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірленді. Бұл құжат отандық өндірушілерді қолдауға және еліміздің машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарланған.
Кешенді жоспарда "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңын практикалық тұрғыдан іске асыру мәселелері, Елдің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының негізгі ережелері, Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Мемлекет басшысының ел экономикасын әртараптандыру және индустрияландыру жөніндегі тапсырмалары ескерілген.
Машина жасау саласындағы жалпы қосылған құнды 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,5 есеге өсіру негізгі мақсат ретінде көзделген.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Саланы дамыту үшін базалық жағдайларды жақсарту.
2. Ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімді ілгерілету.
3. Саланың басым секторларын дамыту.
Осы міндеттерді іске асыру мақсатында Кешенді жоспарда мынадай 7 бағыт бойынша іс-шаралар қамтылған:
1) отандық өндірушілерді қолжетімді баға бойынша бастапқы материалдармен қамтамасыз ету;
2) басым және қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету;
3) отандық өндірушілерді салықтық ынталандыруды жетілдіру;
4) білікті кадрлармен қамтамасыз ету және ҒЗТКЖ-ны дамыту;
5) машина жасау өнімдерін өткізуді ынталандыру;
6) техникалық реттеу жүйесін жетілдіру;
7) сала секторлары үшін нақты қолдау шараларын іске асыру.
Кешенді жоспарды іске асыру салада мынадай күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1) нақты көлем индексінің (бұдан әрі – НКИ) өсімі – 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 217,8 %;
2) 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда экспорт көлемін 2,9 есеге ұлғайту;
3) еңбек өнімділігі деңгейінің өсімі – 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 191,7 %;
4) негізгі капиталға инвестициялардың НКИ-нің өсімі – 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 153,5 %.
Кешенді жоспардың күтілетін нәтижелеріне табысты қол жеткізу қаржыландыру көлеміне, оның уақтылығына және мақсатқа бағдарланғанына байланысты.
Кешенді жоспарды қаржыландыру
Саланың дамуын ынталандыру үшін 2024 – 2028 жылдарға арналған қажетті қаржыландыру көлемі экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, машина жасауды дамыту мақсаттарына және шағын және орта бизнес субъектілеріне ғана бөлінетін болады. Бұл ретте капиталды көп қажет ететін ірі жобаларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша басқа көздердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл қаражат жұмыс істеп тұрған отандық өндірістерді жаңғыртуға, кеңейтуге және жаңаларын құруға басым тәртіппен бағытталатын болады.
Кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде даму институттарымен бірге сыртқы кредит беру көздері (екінші деңгейдегі банктер) тартылатыны ескеріліп, базалық мөлшерлеме төмендетілгеннен кейін инвестициялық жобалар саны мен инвестициялар көлемі ұлғаятын болады.
Қаржыландыру көздері
Кешенді жоспарды қаржыландыру мемлекеттік бюджет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылатын болады.
Кешенді жоспарды қаржыландыру көлемі*, млрд теңге
Қаржыландыру көзі | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | 2028 | Барлығы |
Республикалық бюджет | 997,2 | 120,9 | 120,4 | 527,0 | 588,0 | 1 453,5* |
Бюджеттен тыс қаражат | 164,6 | 314,9 | 290,8 | 287,2 | 286,0 | 1 343,5 |
Ескертпелер:
*республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлері және республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктері ескеріле отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен нақтыланатын болады. Бұл ретте шығыстар тиісті жылдарға ұсынылған іс-шаралардың өзекті есеп-қисаптары, басымдықтары мен құны негізінде түзетілуі мүмкін.
Р/с | Атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Күтілетін нәтижелер: | ||||||
1-міндет. Машина жасауды дамыту үшін базалық жағдайларды жақсарту | ||||||
I бағыт. Отандық өндірушілерді бастапқы материалдармен қамтамасыз ету | ||||||
1. | "Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығына қара металлургия өнімдерін қамтуды, түсті металдар номенклатурасын кеңейтуді және мұнай-химия өнеркәсібі өнімдерін (полипропилен) жеңілдікпен қосуды көздейтін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп құрылыс министрінің бұйрығы |
2025 жылғы 1-тоқсан |
ӨҚМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП | талап етілмейді | талап етілмейді |
2. | Тау-кен металлургия және мұнай-химия кешенi кәсiпорындарымен, оның iшiнде машина жасау кәсiпорындары үшiн отандық металлургия және мұнай-химия өнiмдерiн жеңiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн шарттар жасасу | өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер |
2025 – 2026 жылдар, | ӨҚМ, ЭМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
II бағыт. Басым және қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету | ||||||
3. | Машина жасау саласындағы жобаларды бюджеттік кредиттеу және/немесе "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы түпкілікті өтінім берушілерге сыйақы төлеудің жеңілдетілген мөлшерлемесі бойынша қаржыландыруды қамтамасыз ету | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2024 жылы – 50 млрд теңге; | РБ қаражаты есебінен |
4. | Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен "Даму" ҚДҚ" АҚ арқылы машина жасау саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша субсидиялау және кепілдік беру мәселесін пысықтау | НҚА жобасы |
2024 жылғы | ҰЭМ, ӨҚМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2024 жылы – 10 млрд теңге; | РБ қаражаты есебінен |
5. | "КДҚ" АҚ, "ҚДБ" АҚ ішкі актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен "КДҚ" АҚ, "ҚДБ" АҚ қаржыландыру бағдарламаларына қатысу үшін отандық өндірушілердің өтінімдерін қабылдау рәсімдері мен талаптарын оңайлату | ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша), "ҚДБ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
III бағыт. Отандық өндірушілерді салықтық ынталандыруды жетілдіру | ||||||
6. | Кәсіпкерлік кодексінің 287-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен инвестициялық келісімшартқа ұқсас арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықты импорттау кезінде лизингтік компанияны кедендік баж салығынан босату | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ҰЭМ, СИМ, Қаржымині, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді |
талап етілмейді |
7. | Машина жасау үшін инвестициялық жоба шеңберінде инвестициялар шегін кем дегенде 2 млн АЕК-тен 1 млн АЕК-ке дейін жаңа өндірістер құру бойынша төмендету жөніндегі мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | ӨҚМ, ҰЭМ, СІМ, Қаржымині, АШМ, ЦДИАӨМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
8. |
Экспорттаушыларға ҚҚС-ты оңайлатылған қайтару кезінде жағдайларды оңтайландыру, "жасыл" технологияларды енгізетін жобалар бойынша өндірісі ҚР аумағында бар тауарларды импорттау кезінде ҚҚС-ты төлеуден босату жөніндегі норманың күшін жою бөлігінде салықтық әкімшілендіру жөніндегі мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының шешімі |
2024 жылғы | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
9. | Салық заңнамасын жетілдіру бойынша, атап айтқанда: 5 жыл мерзімге КТС, ҚҚС бойынша машина жасау саласындағы орта бизнеске салық жүктемесін төмендету; металл өнімдерін импорттау кезінде 5 жыл мерзімге, сондай-ақ "жасыл" энергетика жобалары үшін машина жасау өнімдерін жеткізуде кезінде ҚҚС бойынша; сатып алынған өндірістік жабдық сомасына ШОБ машина жасау кәсіпорындарының айналымынан ҚҚС төлеу бойынша; ДСҰ және ЕАЭО шеңберіндегі Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, өндіріс құралдары мен технологиялық жабдықтардың импорты кезіндегі ҚҚС бойынша мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасы жаңа Салық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының шешімі |
2024 жылғы | ҰЭМ, Қаржымині, ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
IV бағыт. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету және ҒЗТКЖ дамыту | ||||||
10. | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы сұранысқа ие бағыттар бойынша шетелде тағылымдамадан өту және оқыту арқылы жұмыс істеп тұрған инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша) |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
11. | Ғылыми-техникалық кеңестің шешімі бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде машина жасау саласындағы кемінде екі ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны жыл сайын іске асыру | 8 жобаны іске асыру |
2025 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, ҒЖБМ, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
12. | Машина жасау саласында кадрлар даярлауға кәсіптік қоғамдастықтар мен кәсіпорындардың өкілдерін тарта отырып, тәжірибеге бағдарланған оқытуды жетілдіруге және дамытуға бағытталған шаралар кешенін талдау және әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің жұмыс тобын құру туралы бұйрығының |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
13. | Машина жасау саласында дуальді оқытуды дамыту бойынша озық еуропалық тәжірибені зерделеу және техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беруді ұйымдастыруда үздік тәжірибені одан әрі енгізу | дуальді оқыту шеңберінде машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жол картасын бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
2026 жылғы | Оқу-ағарту министрлігі, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
14. |
ҒЗТКЖ жүргізу, өнеркәсіп орындары үшін роботтық технологияларды және студенттерге арналған оқыту бағдарламаларын пысықтау мақсатында өнеркәсіптік әлеуеті неғұрлым жоғары өңірлерде өнеркәсіптік робототехника бойынша оқу-өндірістік орталықтарын құру жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу | бірлескен бұйрық |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ЦДИАӨМ, БҚДА (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
2-міндет. Отандық машина жасау өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдесу | ||||||
I бағыт. Машина жасау өнімдерін өткізуді ынталандыру | ||||||
15. |
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Заңға өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша оқшаулану мәселелерін реттеу бөлігінде, оның ішінде мыналарды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу: | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 – 2025 жылдар желтоқсан | ӨҚМ, ҰЭМ, АШМ, ЦДИАӨМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
16. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен ДСҰ-ның халықаралық қағидаларына сәйкес қойылатын талаптарға (оның ішінде сапа бойынша) сәйкес келетін және отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген машина жасау өнімінің отандық аналогтарының орнына импорттық материалдар пайдаланылатын жобаларды іске асыру кезінде құрылысқа барлық қатысушылардың жауапкершілігі жөніндегі норманы белгілеу мүмкіндігін қарастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
17. | Отандық өндірушілер үшін дайындау мен жеткізудің ең аз мерзімін белгілей отырып мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен жобаларды іске асыру кезінде қолданылатын стратегиялық маңызды, технологиялық жағынан күрделі тауарларға жататын машина жасау өнімдерінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі құзыретті, мемлекеттің өнеркәсіпті ынталандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне беру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2025 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
18. | Тауар өндірушілерді мемлекет реттейтін сатып алуларда ілгерілету мақсатында Индустриялық сертификаттау институтын дамыту бөлігінде сатып алу рәсімдерін реттейтін заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізу |
Сатып алу рәсімдерін реттейтін заңға тәуелді актілердің жобалары |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
19. | "Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету шеңберінде шығындар түрлерін кеңейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | 2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, "Qazindustry" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
20. | "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету шеңберінде шығындар түрлерін кеңейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | 2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, "Qazindustry" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
21. | "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін қалыптастыру әдістемесін (қайта бөлу деңгейінің тәртібін айқындау жөніндегі өлшем шартты) әзірлеу және бекіту бойынша СИМ құзыретін толықтыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасының Заңының жобасы |
2024 жылғы |
СИМ, ӨҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, | талап етілмейді | талап етілмейді |
22. |
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қамтылған міндетті шарттарды қосу бөлігінде өзгерістер енгізу, оның ішінде "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзгерістер енгізу: | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ЭМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
23. | Ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлей отырып, сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алудағы елішілік құндылық үлесіне талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2025 – 2029 жылдар, | ӨҚМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
24. | "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске ҚПҚ жер қойнауын пайдаланушылар тауар биржалары арқылы сатып алған кезде сатып алынатын тауарлардың санын тек қана Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес бекітілетін биржалық тауарлардың тізбесі және тауар биржалары арқылы өткізілетін тауарлардың ұсынылатын партияларының ең аз мөлшері бойынша ғана шектеу бөлігінде өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, СИМ, БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
25. | ҚПҚ және КСШ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы шарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде отандық өндірушілер үшін 10 күнге дейінгі мерзімде кемінде 30% мөлшерінде аванс төлеу жөніндегі норманы енгізу бойынша мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, ЭМ, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
26. | Мұнай-газ жобаларының ірі операторларының (ТШО, КПО, НКОК) электрондық сатып алуын енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы желтоқсан | ЭМ, ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша), "PSA" ЖШС (келісу бойынша), IMBC (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
27. | Қарсы міндеттемелерге айырбас ретінде индустриялық сертификаттары бар отандық өндірушілермен басым тәртіппен ұзақ мерзімді шарттар жасасу бойынша тапсырыс берушілердің мемлекет реттейтін сатып алу шеңберінде міндеттемелерін енгізу мәселесін пысықтау (пайданың кемінде 30 % мөлшерінде оқшаулау деңгейін арттыру, одан әрі дамытуға қайта инвестициялау немесе жаңа өндіріс құру) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | ӨҚМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
28. | Қарсы міндеттемелерге (оқшаулау деңгейін қамтамасыз ету және арттыру, пайданың кемінде 30% мөлшерінде жаңа өндірісті одан әрі дамытуға немесе құруға қайта инвестициялау) айырбастау үшін тапсырыс берушілердің индустриялық сертификаттары бар отандық машина жасау өнімдерін өндірушілердің басым тәртіппен офтейк-келісімшарттар жасасуы бойынша мемлекет реттейтін сатып алу шеңберінде міндеттемелерін енгізу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы |
ӨҚМ, ҰЭМ, БҚДА (келісу бойынша), | талап етілмейді | талап етілмейді |
29. | Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық бойынша ақпарат берудің қосымша нысанын әзірлеуді және енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы |
2024 жылғы желтоқсан | ЭМ, ӨҚМ, "PSA" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
30. | Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына, көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарына және оларды ұсыну қағидаларына мұнай-газ жобаларының ірі операторларын қоса алғанда, көмірсутек шикізаты мен қатты пайдалы қазбаларды реттелетін сатып алу жүйесінде сатып алынатын жұмыстарда пайдаланылатын тауарлар туралы есептер беру тетігін әзірлеуді көздейтін өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрлерінің бұйрықтары |
2024 жылғы желтоқсан |
ЭМ, ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша), "PSA" ЖШС (келісу бойынша), IMBC (келісу бойынша), | талап етілмейді | талап етілмейді |
31. | Тоқсандық/ай сайынғы жеткізу графиктерін қолдана отырып, жеткізу мерзімін кемінде күнтізбелік 120 күн белгілей отырып, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ еншілес ұйымдарының бірінші кезектегі сатып алу тізбесіне технологиялық күрделі машина жасау өнімдерінің тізбесін айқындау және енгізу жөніндегі мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | ӨҚМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
VI бағыт. Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру | ||||||
32. | Техникалық регламенттердің, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келу және машина жасау өніміне сәйкестік сертификаттарын (декларацияларын) беру мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қамтылмаған сертификаттық сынақтарды жүргізу үшін базалық отандық сынақ-сертификаттау орталықтарын, зертханалар мен полигондарды жаңғырту және қосымша жарақтандыру үшін стендтер мен жабдықтарға қажеттілікті айқындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | ӨҚМ, СИМ, Қаржымині, ҰЭМ, СРО (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді |
талап етілмейді |
33. | ЕАЭО-ның қолданыстағы және жаңа техникалық регламенттерінің, халықаралық стандарттардың стандарттау туралы құжаттардың талаптарына сәйкес ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тиісті бұйрығын қабылдау жолымен машина жасау өніміне толыққанды сынақтар жүргізу үшін сынақ орталықтарын (зертханаларды, полигондарды) жаңғырту мен қосымша жарақтандыруды қоса қаржыландыру тетігін әзірлеу, бекіту және іске асыру | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
2025 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
III міндет. Машина жасау саласының басым секторларын дамыту | ||||||
VII бағыт. Саланың секторлары үшін нақты қолдау шараларын іске асыру | ||||||
Тау-кен металлургиялық машина жасау | ||||||
34. | "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен ел аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар үшін тау-кен металлургиялық жабдықтарды оқшаулау жөніндегі нысаналы индикаторларды белгілеу |
Қазақстан Республикасы |
2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
35. |
"Qazindustry" АҚ сайтында деректерді жариялай отырып, сұранысқа ие машина жасау өнімдерін сатып алу бойынша тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының 2028 жылға дейін қажеттіліктерін тұрақты негізде жинау, жүйелеу, талдау және өзектілендіру |
қажеттілік бойынша деректерді |
2024 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, "Qazindustry" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
36. |
Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары тарапынан тау-кен металлургиялық машина жасау өнімдеріне сұранысты қанағаттандыру тұрғысынан отандық өндірушілердің қазіргі және әлеуетті мүмкіндіктеріне талдау жүргізу | ТМК кәсіпорындары үшін әлеуетті отандық жеткізушілер пулы |
2024 – 2025 жылдар, | ӨҚМ, "Qazindustry" АҚ (келісу бойынша), | талап етілмейді | талап етілмейді |
37. | ТМК кәсіпорындары мен отандық өндірушілер арасында Қазақстан Республикасында тау-кен металлургиялық машина жасау өнімдерінің неғұрлым перспективалы өндірістерін құру және дамыту жөніндегі, оның ішінде ОЕМ-өндірушілерді тарта отырып, тау-кен металлургиялық машина жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасасу | жобаларды іске асыру туралы келісімдер |
2024 – 2028 | ӨҚМ, "Qazindustry" АҚ (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша), | талап етілмейді | талап етілмейді |
38. | Жыл сайын тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарымен бірлесіп тау-кен металлургия машина жасау өндірістерін құруға және дамытуға бағытталған, оның ішінде ОЕМ-өндірушілерді тарта отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру | пайдалануға беру актілері / қабылдау актісі/ құрылысты бастау / өндірісті іске қосу |
2024 – 2028 | ӨҚМ, "Qazindustry" АҚ (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
Мұнай-газ машиналарын жасау | ||||||
39. | 2028 жылға дейін ірі мұнай-газ операторларын (ТШО, ҚПО, НКОК) IMBC сайтында деректерді жариялай отырып, сұранысқа ие мұнай-газ машина жасау өнімдерін сатып алу бойынша қажеттіліктерін тұрақты негізде жинау, жүйелеу, талдау және өзектілендіру |
қажеттілік бойынша деректерді |
2024 – 2028 | ӨҚМ, ЭМ, IMBC (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
40. | Ірі мұнай-газ операторлары (ТШО, ҚПО, НКОК) тарапынан мұнай-газ машина жасау өніміне сұранысты қанағаттандыру тұрғысынан отандық өндірушілердің қазіргі және әлеуетті мүмкіндіктеріне талдау жүргізу | ТШО, ҚПО, НКОК үшін әлеуетті отандық жеткізушілер пулы |
2024 – 2028 | ӨҚМ, ЭМ, IMBC (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
41. | Ірі мұнай-газ операторлары (ТШО, ҚПО, НКОК), олардың шетелдік әріптестері және отандық өндірушілер арасында Қазақстан Республикасының мұнай-газ жабдықтары мен компоненттерінің неғұрлым перспективалы 10 өндірісін құру және дамыту бойынша, оның ішінде ОЕМ-өндірушілерді тарта отырып, мұнай-газ машина жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасасу | жобаларды іске асыру туралы келісімдер |
2024 – 2028 | ЭМ, ӨҚМ, IMBC (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
42. | Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып, сұранысқа ие мұнай-газ жабдықтары мен компоненттерін сатып алу бөлігінде отандық машина жасау кәсіпорындары мен ірі мұнай-газ операторлары (ТШО, ҚПО, НКОК) кооперациясының перспективалық бағыттарын айқындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
2024 – 2028 | ЭМ, ӨҚМ, "PSA" ЖШС (келісу бойынша), IMBC (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
43. | Ірі мұнай-газ операторлары тарапынан игеруге барынша әлеуеті бар және сұранысқа ие, трансфері мұнай-газ машина жасауды дамыту саласындағы мемлекеттік мүдделерге сәйкес келетін нақты технологияларды айқындау үшін мұнай-газ машина жасау саласындағы технологиялық инвесторларды іздеу және тарту | технологиялар трансфері туралы шарттар/келісімдер |
2024 – 2028 жылдары, | ЭМ, СІМ, ӨҚМ, IMBC (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
44. | Ел аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар үшін мұнай-газ жабдықтарын оқшаулау жөніндегі нысаналы индикаторларды белгілеу бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер енгізу | жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар |
2024 – 2028 | ЭМ, ӨҚМ, IMBC (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
Энергетикалық машина жасау | ||||||
45. | ҚР БЭЖ жүйелік операторы – "KEGOС" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және ТМС мемлекеттік тіркеліміне енгізілген басқа да табиғи монополиялар субъектілерінің сайтында деректерді жариялай отырып, энергетикалық машина жасаудың сұранысқа ие өнімін сатып алу бойынша энергетика саласының генерациялайтын және бөлетін кәсіпорындарының 2028 жылға дейінгі қажеттіліктерін тұрақты негізде жинау, жүйелеу, талдау және өзектілендіру |
"KEGOС "АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ және ТМС мемлекеттік тіркеліміне енгізілген басқа да табиғи монополиялар субъектілерінің сайтында қажеттілік бойынша жарияланған деректер |
2024 – 2028 |
ЭМ, | талап етілмейді | талап етілмейді |
46. | Отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жұмыс істеп тұрған энергетикалық объектілер, оның ішінде ЖЭК-ті жаңғырту, кеңейту, сондай-ақ жаңа объектілерді салу кезінде отандық энергетикалық машина жасау өндірушілерінің мүмкіндіктерін басым пайдалану | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 – 2028 |
ЭМ, ӨҚМ, "Самұрық-Энерго" АҚ (келісу бойынша), "KEGOС" АҚ | талап етілмейді | талап етілмейді |
47. | Энергетикалық инфрақұрылым объектілерін (электрмен жабдықтау желілері, жылу желілері) реконструкциялау және жаңғырту кезінде энергетикалық машина жасаудың отандық өнімін пайдалану жөніндегі энергетикалық кәсіпорындар үшін міндеттемелерді "Инвестиция орнына тариф" саясаты шеңберінде енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 – 2028 | ӨҚМ, ҰЭМ, ЭМ, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
Электр-техникалық машина жасау | ||||||
48. | Ішкі нарықта оқшаулау әлеуеті бар "жасыл" энергетика объектілері үшін электр техникалық машина жасау өнімдері мен жабдықтарының номенклатураларын айқындау |
"жасыл" энергетика объектілері үшін электр-техникалық машина жасау өнімдері мен жабдықтарының бекітілген |
2024 – 2028 |
ЭМ, ӨҚМ, ЖАО, АЭМ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
49. | Қазақстан Республикасының Халықаралық электртехникалық комиссияның сәйкестікті бағалау жүйесіне кіруі үшін мүшелік жарналарды төлеу жөніндегі мәселені ведомствоаралық комиссияға шығару | ВАК шешімі |
2024 жылғы | СИМ, СІМ, ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша), АЭМ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
50. | Қазақстан Республикасының Халықаралық электртехникалық комиссияның сәйкестікті бағалау жүйесіне кіруге өтінімді қалыптастыру және жіберу | Халықаралық электр-техникалық комиссияға өтінім | 2025 жылғы 1-жартыжылдық | СИМ, СІМ, ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша), АЭМ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
Теміржол машиналарын жасау | ||||||
51. | Локомотивтер мен жүк вагон паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеу | Локомотивтер мен жүк вагондарын жаңарту бағдарламасы | 2024 жылғы желтоқсан | КМ, ӨҚМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етпейді |
52. | Локомотивтер мен жүк вагон паркін жаңарту бағдарламасын іске асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 – 2028 | КМ, ӨҚМ, Қаржымині, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) |
2024 жылға – 164600 млн теңге; | бюджеттен тыс қаражат |
53. | Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларына, жылжымалы құрамды тіркеуге өтінім беру кезінде өнімнің сәйкестік бағалаудан өткенін растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу (сәйкестік сертификаты) | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | 2024 жылғы желтоқсан | КМ, ӨҚМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
54. | Теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларына жылжымалы құрамды дайындау, жаңғырту немесе жөндеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын кәсіпорында сәйкестендіру кодының (шартты нөмірдің) болу қажеттігі туралы норманы енгізу | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | 2024 жылғы желтоқсан | КМ, ӨҚМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
Автомобиль жасау | ||||||
55. | АПББ орындалуын мониторингтеу мақсатында КҚЭП шеңберінде кедендік декларациялар негізінде өндіріс әдісі (SKD, CKD) туралы тармақты қосу | КҚЭП жүйесіндегі электрондық есеп |
2024 жылғы | ӨҚМ, Қаржымині, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), ҚазАвтоӨнеркәсіп (келісу бойынша), ҚАБҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
56. | Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру: автобустар | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2024 жылы – 20 млрд теңге; | РБ қаражаты есебінен |
57. | Машина жасау өнімдерін: өрт, құтқару, санитариялық, коммуналдық техника, шұғыл қызмет машиналары, патрульдік автомобильдермен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2024 жылы – 10 млрд теңге; | РБ қаражаты есебінен |
58. | Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында құзыреттерді дамытудың технологиялық орталықтарын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, салалық қауымдастықтар (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
59. | Автокөлік құралдарын сынау орталығын салу жөніндегі жобаның тұжырымдамасын дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, СИМ, ҚАҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
60. | "Төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы және төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы №382 бұйрығына өзгерістер енгізу жолымен бақылау-өткізу режимі бар кәсіпорындарда университеттер мен колледждердің студенттері мен оқушылары үшін өндірістік тағылымдамалар өткізу үшін қолжетімділік рәсімін оңайлату | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | 2024 жылғы желтоқсан | Қаржымині, ӨҚМ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
61. | ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында көлік құралының электрондық паспорты жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылы бойынша жұмыс жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | ӨҚМ, ЦДИАӨМ, СИМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
62. |
КҚЭП және ӨМЭП жүйесінің басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен елішілік интеграциясын енгізу | КҚЭП жүйесінің елішілік интеграциясын қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасы |
2024 жылғы желтоқсан |
ӨҚМ, Қаржымині, АШМ, СИМ, ЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), "Жасыл Даму" АҚ (келісу бойынша), ҚАБҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
63. | "ВҒТК кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығын бекіту арқылы Қазақстан Республикасында автокомпоненттер өндірісі саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесті (ВҒТК) құру жөніндегі мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
2024 жылғы | ӨҚМ, ҰЭМ, СИМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҚАБҚ (келісу бойынша), ҚАП (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
64. | "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №303 бұйрығына дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операцияларды орындай отырып шығарылатын көлік құралдарының ең аз үлесін қамтамасыз ету жөніндегі талапты енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операцияларды орындай отырып шығарылатын көлік құралдарының үлесін реттеуді енгізу, сондай-ақ сараланған ынталандыру шараларын көрсету | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | 2024 жылғы желтоқсан | ӨҚМ, салалық қауымдастықтар (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
65. | "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер бойынша, оның ішінде осындай келісім жасалған субъектілермен талаптарды өзектілендіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2025 жылғы | ӨҚМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), салалық қауымдастықтар (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау | ||||||
66. | Ауыл шаруашылығы өндірісін кешенді механикаландыру және автоматтандыру үшін машиналар мен технологиялар жүйесін енгізу | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы |
2026 жылғы | АШМ, ӨҚМ, Агроинженерия ҒӨО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
67. | Жеңілдікті мөлшерлеме бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингке беру үшін өздігінен жүрмейтін ауыл шаруашылығы техникасын (тіркеме және аспалы жабдық, элеваторлық жабдық ауыл шаруашылығы агрегаттары) сатып алуды қаржыландыру | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2025 – 2028 жылдар, | БҚДА (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚАФ" АҚ (келісу бойынша) |
2025 жылға – 10000 млн теңге; | РБ қаражаты есебінен |
68. | Ауыл шаруашылығы техникасының түпкілікті өнімін, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдығын өндіру үшін жиынтықтауыштарды сатып алу мақсаттарына 3-7 % мөлшерлеме бойынша кредит беру тетігін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы техникасының түпкілікті өнімін, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдығын өндіру үшін жиынтықтауыштарды (машина жиынтықтарын) сатып алу тетігінің жобасы |
2024 жылғы | ӨҚМ, АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" (келісу бойынша), АҚ ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
69. |
"Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы |
2024 жылғы | АШМ, ӨҚМ, БҚДА (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша), ҚАҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
70. | Жеңілдікті мөлшерлеме бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингке беру үшін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2025 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚАҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2025 жылға – 10000 млн теңге; | РБ қаражаты есебінен |
71. | Машина жасау өнімдерін қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру: ауыл шаруашылығынан басқа өзге жұмыстарға арналған тракторлар | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 – 2028 жылдар, | ӨҚМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2024 жылға – 5 000 млн теңге; | РБ қаражаты есебінен |
72. | Агроинженерия ҒӨО базасында Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі ұлттық орталықты құру | "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2024 жылғы | ӨҚМ, БҚДА (келісу бойынша), "АҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) |
2024 жылға – 1500 млн теңге; |
РБ қаражаты есебінен |
73. | Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру | ғылыми-зерттеу жұмысы |
2024 – 2026 жылдар, | ӨҚМ, АШМ, "АҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) |
2024 жылға – 480 млн теңге; |
РБ қаражаты есебінен |
74. | Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен технологиялық жабдықтарды әзірлеу және жетілдіру | ғылыми-зерттеу жұмысы |
2024 – 2026 жылдар, | ӨҚМ, АШМ, "АҒӨО" ЖШС (келісу бойынша) |
2024 жылға – 200 млн теңге; |
РБ қаражаты есебінен |
75. | Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына және ұсынылатын технологияларға сәйкестігін анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы техникасын, аспалы және тіркеме жабдығын пайдаланудың нақты жағдайларында функционалдық көрсеткіштерді айқындай отырып, міндетті сынақтар жүргізу рәсімін әзірлеу және инвестициялық салымдар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және лизингтік қаржыландыру кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстарды өтеу мәселелерін сынау нәтижелері бойынша шешу | ауыл шаруашылығы техникасына, аспалы және тіркеме жабдыққа міндетті пайдалану сынақтарын жүргізу тәртібі |
2024 – 2025 жылдар, | ӨҚМ, АШМ, СИМ, СІМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
76. | "Көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе өкілеттіктерді беруден бас тарту туралы қорытынды беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу жолымен электрондық техникалық паспорттардың базасын құра отырып және деректерді мерзімді өзектендіре отырып, тіркемелі және аспалы техникаға арналған техникалық паспорттарды электрондық форматқа көшіру | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
2025 – 2026 жылдар, | ӨҚМ, АШМ, СИМ, ЦДИАӨМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), ҚМЖО (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
77. | Техника мен машиналар үлгілерінің, сондай-ақ оларды өндірушілер мен ресми дилерлердің тізбесін қалыптастыру тәртібін әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
2024 жылғы | ӨҚМ, ҚМЖО (келісу бойынша), ҚАБҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
78. | Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірістерін игеру және дамыту мақсатында озық технологиялары мен құзыреттері бар инвесторлар мен ОЕМ-өндірушілерді тарту | жаңа өндірістік қуаттарды пайдалануға беру туралы актілер |
2024 – 2028 жылдары, | ӨҚМ, СІМ, АШМ, ҚМЖО (келісу бойынша), ҚАБҚ (келісу бойынша), "ҰҒО" ЖШС (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
Авиақұрастыру | ||||||
79. | Авиация саласы үшін мамандар даярлаудың толық циклін қамтамасыз ету үшін "Азаматтық авиация академиясы" АҚ техникалық оқыту құралдарымен (тренажер кешендері) жете жарақтандыру жөніндегі жобаны әзірлеу | Жоба |
2025 – 2026 жылдар, | КМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Агроинженерия ҒӨО | – Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы |
АЕК | – айлық есептік көрсеткіш |
АҚ | – акционерлік қоғам |
АӨК | – агроөнеркәсіптік кешен |
"Атамекен" ҰКП | – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
АШМ | – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БҚДА | – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
БП ҚСжАЕК | – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті |
ҒЖБМ | – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ҒЗТКЖ | – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар |
"Даму" КДҚ" АҚ | – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы |
ДСҰ | – Дүниежүзілік сауда ұйымы |
ЕАЭО | – Еуразиялық экономикалық одақ |
Еңбекмині | – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖҚҚ | – жалпы қосылған құн |
ЖЭК | – жаңартылатын энергия көздері |
КҚЭП | – көлік құралының электрондық паспорты |
КМ | – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
КПО | – Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В. |
КСШ | – көмірсутек шикізаты |
КТС | – корпоративтік табыс салығы |
ҚАБҚ | – "Қазақ автобизнес қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі |
ҚазАвтоӨнеркәсіп | – "ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы" заңды тұлғалар бірлестігі |
Қаржымині | – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"ҚДБ" АҚ | – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы |
"ҚАҚ" АҚ | – "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы |
ҚМЖО | – "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігі |
ҚҚС | – қосылған құн салығы |
ҚПҚ | – қатты пайдалы қазбалар |
"МШКӨҰО" РМК | – "Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
НКОК | – Норт Каспий Оперейтинг компаниясы Н. В. |
НҚА | – нормативтік құқықтық акт |
ОАМ | – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
"ӨДҚ" АҚ | – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы |
ӨЖМЭП | – өздігінен жүретін машиналарға арналған электрондық паспорт |
ӨҚК | – өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім |
ӨҚМ | – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
РБ | – республикалық бюджет |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" | – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
СЖРА ҰСБ | – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
СИМ | – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
СРО | – сәйкестікті растау жөніндегі органдар |
СІМ | – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ТШО | – "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
"Qazindustry" АҚ | – "Qazindustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы |
ҰЭМ | – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ІІМ | – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭМ | – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
IMBC | – "Халықаралық мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығы" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (Орталығы / IMB орталығы) |