"Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1164 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 675 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды (бұдан әрі – авиаотын) субсидиялау тәртібін айқындайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Авиамаршрутты пайдалану процесінде шарт талаптарын орындамаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 95 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес авиамаршрутқа арналған куәлігі кері қайтарып алынған жағдайда авиакомпанияларға субсидиялар төлеу жүргізілмейді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2019 года № 675 "Об утверждении Правил субсидирования авиационного топлива для приоритетных международных авиамаршрутов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2023 года № 1164.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2019 года № 675 "Об утверждении Правил субсидирования авиационного топлива для приоритетных международных авиамаршрутов" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 60-3) статьи 13 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах субсидирования авиационного топлива для приоритетных международных авиамаршрутов, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила субсидирования авиационного топлива для приоритетных международных авиамаршрутов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 60-3) статьи 13 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" и определяют порядок субсидирования авиационного топлива (далее – авиатопливо) для приоритетных международных авиамаршрутов.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Авиакомпаниям, не выполнившим в процессе эксплуатации авиамаршрута условий договора, а также в случае отзыва свидетельства на авиамаршрут в соответствии с Правилами проведения конкурса на субсидируемые авиамаршруты и выдачи свидетельств на субсидируемые авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 24 ноября 2023 года № 95, выплата субсидий не производится.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов