Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 675 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 675 қаулысымен
бекітілген

Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 60-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды (бұдан әрі – авиаотын) субсидиялау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдері негiзiнде жүзеге асырылатын авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшін қажетті кiрiс деңгейін қамтамасыз етпейтін басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.

      3. Жолаушыларды, жүктерді, поштаны және багажды тасымалдаудан алынған кіріс пен басымдығы бар жаңа халықаралық авиамаршруттар бойынша авиатасымалдау кезінде бір жылға қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы жалпы теріс айырма болған кезде әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген бюджеттік субсидиялардың авиаотынға жұмсалатын шығыстар құнынан 10 %-тен аспайтын жылдық сомасы шегіндегі авиаотынға арналған шығыстар субсидиялануға жатады.

2-тарау. Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялау тәртібі

      4. Республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттарды заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттік өтінімге енгізеді.

      5. Бюджеттік субсидиялар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған сомалар шегінде беріледі.

      6. Бюджеттік субсидиялар алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен субсидияланатын авиамаршрутқа қолданыстағы куәлігі бар авиакомпания арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиаотынды бюджеттік субсидиялау шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.

      7. Шарт жасалғаннан кейін авиакомпания ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұйымның басшысы, бас бухгалтері қол қойылған мынадай құжаттарды:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттары бойынша есепті;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша авиаотынның шығыстары бойынша есепті ұсынады.

      8. Авиакомпания мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арасында субсидияланатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша ай сайынғы есепті қабылдағаннан кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісі жасалады.

      9. Бюджеттік субсидияларды төлеу бекітілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат көлемінде ай сайын жүзеге асырылады.

      Есепті ай үшін бюджеттік субсидияларды төлеу есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      10. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі айдың 20-күнінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірілмей ұсынылған болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша көрсетілген қызметтердің алдын ала актісі негізінде жүзеге асырылады.

      Қаржы жылының қорытындысы бойынша авиакомпания мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган орындалған жұмыстарды салыстырып-тексеру актілерін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.

      11. Авиамаршрутты пайдалану процесінде шарт талаптарын орындамаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 95 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес авиамаршрутқа арналған куәлігі кері қайтарып алынған жағдайда авиакомпанияларға субсидиялар төлеу жүргізілмейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.12.2023 № 1164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Басымдығы бар халықаралық
авиамаршруттар үшін авиациялық отынды
субсидиялау қағидаларына
  1-қосымша

Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды субсидиялаудың № шарты

  20_ жылғы "___"

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын

      орналасқан жері __________________________________________________

      Бұдан әрі "тапсырыс беруші" деп аталатын

      _________________________________________________________атынан

      (Тапсырыс берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________

      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі "орындаушы" деп аталатын

      ____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (Жарғының, Ереженің және т.б.)

      ________________________________________________________атынан

      (Орындаушының толық атауы)

      _____________________________________________________________

      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Шарттың нысанасы

      1. Орындаушы халықаралық авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асырады.

      2. Тапсырыс беруші авиаотынды субсидиялауды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады. Әрбір халықаралық авиамаршрут бойынша бөлінген бюджеттік субсидиялардың жылдық сомасы шегінде авиатасымалдау кезінде қалыптасатын авиаотынға арналған шығыстар субсидиялауға жатады.

      3. Республикалық бюджеттен авиаотынды субсидиялауға ұсынылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, астананы, республикалық маңызы бар қалаларды шет мемлекеттердің қалаларымен байланыстыратын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар осы Шартқа қосымшада көрсетіледі.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Тапсырыс беруші заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Шартта көзделген мерзімде басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша авиаотынды бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      5. Орындаушы авиамаршруттарға арналған куәліктерге, азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықаралық авиатасымалдарды уақтылы және сапалы жүзеге асыруға міндеттенеді.

3. Өзара есеп айырысу тәртібі

      6. Орындаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде тапсырыс берушіге басшы, бас бухгалтер қол қойған мынадай құжаттарды:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын басымдағы бар халықаралық авиамаршруттары бойынша есепті;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша авиаотынның шығыстары бойынша есепті ұсынады.

      7. Қоса берілген құжаттары бар субсидияланатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша ай сайынғы есепті қабылдағаннан кейін орындаушы мен тапсырыс берушінің арасында Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалады және бюджеттік субсидияларды төлеу бюджеттік бағдарламамен бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат көлемінде ай сайын жүзеге асырылады.

      Есептік айға бюджеттік субсидияларды төлеу есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      8. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу келесі айдың 20-күнінен кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірілмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша көрсетілген қызметтердің алдын ала актісі негізінде жүзеге асырылады.

      9. Қаржы жылының қорытындылары бойынша авиакомпания мен уәкілетті орган салыстырып-тексеру және орындалған жұмыстардың актілерін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Тараптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапты болады.

      11. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған Тарап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге және бұзушылықтарды жою үшін қолынан келетіннің барлығын жасауға міндеттенеді.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

      12. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда, әрбір Тарап бұл туралы екінші Тарапты күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде дереу хабардар етуге тиіс.

      13. "Форс-мажорлық" жағдайлар деп дүлей зілзалалар, мемлекеттік органдардың осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін іс-қимылдары, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру іс-шараларын жариялау, ауа райы мен табиғи жағдайлар және Тараптың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін оларға тәуелсіз кез келген басқа да жағдайлар түсініледі.

      14. Егер форс-мажорлық жағдайлар отыз күнтізбелік күн ішінде әрекет еткен және тоқтамаған жағдайда, Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің кейінгі іс-қимылдарын жазбаша түрде келіседі.

6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту және бұзу талаптары, дауларды қарау тәртібі

      15. Осы Шарт 20___ жылғы "___" _______ бастап күшіне енеді және 20___ жылғы "___" _______ дейін қолданылады.

      16. Осы Шарттың қолданылу мерзімі екі Тарап келіскен жағдайда, тиісті қосымша келісім жасай отырып, халықаралық авиамаршрутқа берілген куәлікте көзделген мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      17. Осы Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:

      1) халықаралық авиамаршрутқа (жолаушыларды, багажды, жүктер мен поштаны тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін) берілген куәлік кері қайтарылған жағдайда;

      2) Тараптардың өзара келісімі бойынша;

      3) екінші Тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талап етуі бойынша.

      18. Осы Шартты орындаудан біржақты бас тарту немесе осы Шартты біржақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешеді, келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда азаматтық авиация қызметін реттейтін заңнамаға сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.

      20. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ____________________ тілінде (тілдерінде), әрбір Тарап үшін бір-бірден заңды күші бірдей екі данада жасалады және оларға екі Тарап та қол қояды.

      21. Осы Шарт 20__ жылғы "__" _____________, ___________ қаласында, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан заңды күші бірдей екі данада _____________________ тілінде жасалды.

Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Тапсырыс беруші                              Орындаушы

      ___________________________ ___________________________

      (толық атауы) (толық атауы)

      ___________________________ ___________________________

      (мекенжайы) (мекенжайы)

      ___________________________ ___________________________

      (басшының тегі, аты, (басшының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________ ___________________________

      (қолы) (қолы)

      20_ жылғы "__"_____________ 20_ жылғы "__"______________

  Басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін
авиациялық отынды бюджеттік
субсидиялау шартына
  қосымша

Астананы, республикалық маңызы бар қалаларды шет мемлекеттердің қалаларымен байланыстыратын республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар

  Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Р/с №

Авиамаршрут

Авиамаршрутқа бөлінген сома

Жиілік саны (аптасына)

Маршрут бойынша авиаотын шығындары

1

2

3

4

5











      Осы қосымша 20__ жылғы "__"_____________ №_____ шартының басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар үшін авиациялық отынды бюджеттік субсидиялаудың ажырамас бөлігі болып табылады.

      Тапсырыс беруші Орындаушы

      ___________________________ ___________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қолы) қолы)

      20_ жылғы "__"_____________ 20_ жылғы "__"______________

  Басымдығы бар халықаралық
авиамаршруттар үшін
авиациялық отынды
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

_____________________________________________________________ (авиакомпанияның атауы) авиакомпаниясының субсидияланатын басымдығы бар халықаралық авиамаршруттары бойынша 20__ жылғы__________есебі

  Мерзімділігі: ай сайынғы, өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен

Рейс күні

Рейс №

Маршруты

Ұшу сағаты

ӘК типі

ӘК бойынша ұшу сағатының өзіндік құны

Әуежай қызметі

ЖЖМ

АНҚ

Метеоқамтамасыз ету

Өзге де шығыстар

Барлық пайдалану шығыстары

Тасымалданған жолаушылар саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      Кестенің жалғасы

Кіріс

Субсидиялауға жататын сома

14

15

      Басшы _____________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _______________________________________

      (бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Басымдығы бар халықаралық
  авиамаршруттар үшін авиациялық
  отынды субсидиялау қағидаларына
  3-қосымша

_____________________________________________________________ (авиакомпанияның атауы) авиакомпаниясының басымдығы бар халықаралық авиамаршруттар бойынша шығыстар жөніндегі 20__ жылғы__________есебі

  Мерзімділігі: ай сайынғы, өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-мен

Рейс күні

Рейс №

Маршруты

Ұшу сағаты

ӘК типі

Авиа отын құны

Май құю қызметінің құны

Теміржол тарифінің шығындары

Жүкті жөнелтуге және маневрлік жұмыстарға шығындары

Кірме жолдар, т/ж күзеті

Автоцистернамен тасымалдау

Авиаотынды сақтау (өткізу базасы, әуежай)

Басқа шығыстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      Кестенің жалғасы

Авиаотынға жұмсалған жалпы шығындар

Субсидиялауға жататын сома

14

15

      Басшы ____________________________________________

      (басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер ______________________________________

      (бас бухгалтердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Басымдығы бар халықаралық
авиамаршруттар үшін
авиациялық отынды
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Көрсетілген қызметтердің актісі

      20_ жылғы "__" _________________

      Біз, төменде қол қойған _________________________________________________

      бір тараптан және ______________________________________________________

      екінші тараптан, 20__ жылғы "__" ________________________ жағдай бойынша

      көрсетілген қызметтердің осы актісін жасадық.


Авиамаршруттың атауы

Бір айда орындалған рейстердің саны

Тасымалданған жолаушылардың саны




      Нәтижесінде қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялау сомасы

      ___________________________________________ құрайды.

      (сомасы санмен және жазбаша теңгемен)

      Тапсырыс беруші Авиакомпания

      ______________________________ _____________________________

      (басшының немесе ол уәкілеттік (басшының тегі, аты,

      берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      әкесінің аты (бар болса), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады