Қазақстан Республикасы Үкіметінің "G4 City" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 және "Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1187 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "G4 City" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Alatau" арнайы экономикалық аймағын құру туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2048 жылға дейінгі кезеңге "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Alatau" АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Alatau" АЭА туралы ереже;

      2) "Alatau" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін".";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "G4 City" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "G4 City" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Alatau" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары";

      2) "Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заречный ауылында "Alatau" арнайы экономикалық аймағы құрылды, оның құрамына ауданы 1300 га "Арна" өнеркәсіптік аймағының аумағы кірді, онда машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы және тамақ өнеркәсібі салаларында жоғары технологиялы жобалар іске асырылатын болады.";

      кестенің 5-жолындағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Alatau" арнайы экономикалық аймағын іске асыру шеңберінде Алматы облысының Қонаев қаласындағы Арна ауылы ауданында инженерлік инфрақұрылымды жеткізу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1187 қаулысына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 15 наурыздағы
  № 221 қаулысымен
  бекітілген

"Alatau" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.

      АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 96560 мың гектарды құрайды.

      2. АЭА:

      1) өңірдің дамуына жаңа серпін беретін жобаны іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;

      2) келуші қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамыту, Алматы облысында қызметтер көрсетудің сапасы жағынан жаңа деңгейін қалыптастыру мақсатында құрылады.

      3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2. "Alatau" арнайы экономикалық аймағын басқару

      5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу

      6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылған болуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Шетел азаматтарының "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағында болуының тәртібі

      9. АЭА аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіруінің, одан кетуінің, транзитпен өтуінің және болуының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген тәртібі қолданылады.

6. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.

      12. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты АЭА таратылған кезде Алматы облысының әкімдігі:

      1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

      2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

      3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.

      14. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.

      15. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Alatau" арнайы экономикалық
  аймағы туралы ережеге
  қосымша

"Alatau" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

      "Alatau" АЭА аумағы Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында 96560 гектар аумақта орналасатын болады.




О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 211 "О создании специальной экономической зоны "G4 City" и от 6 декабря 2023 года № 1087 "Об утверждении Комплексного плана социально-экономического развития города Қонаев Алматинской области на 2023 – 2027 годы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2023 года № 1187.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 211 "О создании специальной экономической зоны "G4 City":

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "О создании специальной экономической зоны "Alatau";

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Создать специальную экономическую зону "Alatau" (далее – СЭЗ "Alatau") на период до 2048 года.

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о СЭЗ "Alatau";

      2) целевые индикаторы СЭЗ "Alatau".";

      Положение о специальной экономической зоне "G4 City", утвержденное указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению;

      в целевых индикаторах специальной экономической зоны "G4 City", утвержденных указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Целевые индикаторы специальной экономической зоны "Alatau";

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 декабря 2023 года № 1087 "Об утверждении Комплексного плана социально-экономического развития города Қонаев Алматинской области на 2023 – 2027 годы":

      в Комплексном плане социально-экономического развития города Қонаев Алматинской области на 2023 – 2027 годы, утвержденном указанным постановлением:

      абзац одиннадцатый изложить в следующей редакции:

      "В селе Заречный создана специальная экономическая зона "Alatau", в состав которой вошла территория промышленной зоны "Арна" площадью 1300 га, где будут реализованы высокотехнологические проекты в отрасли машиностроения, металлургии, стройиндустрии и пищевой промышленности.";

      в строке 5 таблицы графу 2 изложить в следующей редакции:

      "Подведение инженерной инфраструктуры в рамках реализации специальной экономической зоны "Alatau" в районе села Арна в городе Қонаев Алматинской области.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 26 декабря 2023 года № 1187
  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от "15" марта 2023 года № 211

Положение о специальной экономической зоне "Alatau"

1. Общие положения

      1. Специальная экономическая зона "Alatau" (далее – СЭЗ) расположена в Алматинской области, к северу от города Алматы, вдоль 80-километровой трассы А3 (Алматы – Қонаев), в границах согласно приложению к настоящему Положению.

      Территория СЭЗ является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан и составляет 96560 гектаров.

      2. СЭЗ создается в целях:

      1) обеспечения благоприятного инвестиционного климата для привлечения отечественных и зарубежных инвестиций в рамках реализации проекта, который придаст новый импульс развитию региона;

      2) ускоренного развития современной высокоэффективной, конкурентоспособной туристской, медицинской, образовательной, культурно-досуговой инфраструктуры, способной обеспечить и удовлетворить потребности прибывающих казахстанских и зарубежных граждан, формирования качественно нового уровня предоставления услуг в Алматинской области.

      3. Деятельность СЭЗ регулируется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах" (далее – Закон) и иным законодательством Республики Казахстан.

      Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в законодательстве о специальных экономических зонах, применяются правила международного договора.

      4. На территории СЭЗ устанавливается специальный правовой режим.

2. Управление специальной экономической зоной "Alatau"

      5. Управление СЭЗ осуществляется в соответствии с Законом.

3. Налогообложение на территории специальной экономической зоны "Alatau"

      6. Налогообложение на территории СЭЗ регулируется налоговым законодательством Республики Казахстан.

4. Таможенное регулирование

      7. На территории СЭЗ или ее части действует таможенная процедура свободной таможенной зоны.

      8. Территория СЭЗ, на которой применяется таможенная процедура свободной таможенной зоны, является зоной таможенного контроля. Территория СЭЗ должна быть обустроена в целях проведения таможенного контроля. Требования к обустройству территории СЭЗ, включая требования по ограждению и оснащению периметра такой территории системой видеонаблюдения, устанавливаются уполномоченным органом в сфере таможенного дела.

5. Порядок пребывания иностранных граждан на территории специальной экономической зоны "Alatau"

      9. На территории СЭЗ действует порядок въезда, выезда, транзита и пребывания иностранных граждан и лиц без гражданства, а также их транспортных средств, установленный законодательством Республики Казахстан и международными соглашениями, ратифицированными Республикой Казахстан.

6. Заключительные положения

      10. Условия, установленные в настоящем Положении, могут изменяться постановлением Правительства Республики Казахстан.

      11. СЭЗ упраздняется по основаниям, предусмотренным Законом.

      12. Управление СЭЗ осуществляется в соответствии с Законом.

      13. При упразднении СЭЗ "Alatau" в связи с истечением срока, на который она создавалась, акимат Алматинской области:

      1) не позднее чем за три месяца до истечения указанного срока публикует в средствах массовой информации объявление о предстоящем упразднении СЭЗ, порядке и сроках приема заявлений и претензий, связанных с ее упразднением;

      2) обеспечивает разъяснение юридическим и физическим лицам, осуществляющим деятельность на территории СЭЗ, порядка переоформления находящихся на ее территории товаров под иную таможенную процедуру;

      3) в месячный срок после упразднения СЭЗ представляет Президенту и Правительству Республики Казахстан отчет о результатах деятельности СЭЗ.

      14. При досрочном упразднении СЭЗ постановлением Правительства Республики Казахстан процедура должна быть завершена не позднее чем в шестимесячный срок с соблюдением процедур, предусмотренных пунктом 13 настоящего Положения.

      15. Деятельность СЭЗ, не урегулированная настоящим Положением, осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      ___________________________

  Приложение
к Положению о специальной
экономической зоне "Alatau"

План границ специальной экономической зоны "Alatau"

      Территория СЭЗ "Alatau" будет расположена в Алматинской области, к северу от города Алматы, вдоль 80-километровой трассы А3 (Алматы – Қонаев) на территории 96560 гектаров.

     



      __________________________