"Alatau" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2048 жылға дейінгі кезеңге "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Alatau" АЭА) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Alatau" АЭА туралы ереже;

      2) "Alatau" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 15 наурыздағы
  № 221 қаулысымен
  бекітілген

"Alatau" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.

      АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 96560 мың гектарды құрайды.

      2. АЭА:

      1) өңірдің дамуына жаңа серпін беретін жобаны іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;

      2) келуші қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамыту, Алматы облысында қызметтер көрсетудің сапасы жағынан жаңа деңгейін қалыптастыру мақсатында құрылады.

      3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2. "Alatau" арнайы экономикалық аймағын басқару

      5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу

      6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

      8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылған болуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Шетел азаматтарының "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағында болуының тәртібі

      9. АЭА аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіруінің, одан кетуінің, транзитпен өтуінің және болуының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген тәртібі қолданылады.

6. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.

      12. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты АЭА таратылған кезде Алматы облысының әкімдігі:

      1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

      2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

      3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.

      14. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.

      15. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Alatau" арнайы экономикалық
  аймағы туралы ережеге
  қосымша

"Alatau" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

      "Alatau" АЭА аумағы Алматы облысында, Алматы қаласының солтүстігіне қарай, 80 километрлік А3 (Алматы – Қонаев) тасжолының бойында 96560 гектар аумақта орналасатын болады.



  Қазақстан Республикасы
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 211 қаулысымен
бекітілген

"Alatau" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2023 № 1187 қаулысымен.

Р/c №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атаулары)

Өлшем бірліктері

Негізгі кезең (2022)

2047 жылға қарай жетістік

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

2032

2033

2034

2035

1

2

3

4

6

7

8

9

11

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсіммен)

млрд тенге


0

0

23

72

109

122

105

123

165

186

124

95

98

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд тенге


0

0

13

32

80

123

219

363

435

490

578

694

703

3

Қатысушылар саны

компаниялар


0

13

20

28

34

39

42

44

46

48

48

48

13

4

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсіммен)

адам


0

320

630

1 269

2 133

2 573

2 764

2 921

4 437

5 449

5 650

5 826

320


р/c №

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атаулары)

Өлшем бірліктері

Негізгі кезең (2022)

2047 жылға қарай жетістік-

2036

2037

2038

2039

2040

2041

2042

2043

2044

2045

2046

2047

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсіммен)

млрд. тенге


129

90

88

85

77

33

17

15

25

26

11

11

2

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. тенге


770

838

914

945

979

1 052

1 140

1 218

1 289

1 370

1 469

1 571

3

Қатысушылар саны

компаниялар


48

48

48

50

50

50

50

50

50

50

50

50

4

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсіммен)

адам


7 179

7 790

8 081

8 392

10 571

12 424

12 958

13 458

13 992

15 309

15 919

17 361


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады