"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына және 21-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 1 тамыз – 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілсін.
2. 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |