2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысы.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына және 21-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 жылғы 1 тамыз – 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілсін.

      2. 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктелсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады