Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бітімгершілік операцияға дайындық тәртібін айқындайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұлттық контингентті қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін байланыс саласындағы уәкілетті органға;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ұлттық контингентті және жүкті бітімгершілік операция жүргізілетін аймаққа (ауданға) және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін көлік саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 373 қаулысына қосымша |
|
Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Бітімгершілік операцияға қатысу туралы келісімшарттың үлгілік нысаны
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның атауы, орналасқан орны)
________________________________________________________________
Атынан
________________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның (ұйымның)
________________________________________________________________
лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
және азамат
_________________________________________________________________
(бітімгершілік операцияға қатысатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – азамат)
__________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні)
__________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
заңнамада және осы келісімшартта белгіленген шарттарда ______ мерзімге бітімгершілік операцияға қатысу туралы осы келісімшартты жасасты.
1. Бітімгершілік операцияға ерікті негізде қатысатын азамат
______________________________ лауазымына тағайындалады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттармен танысты және оған бітімгершілік операцияның зиянды және қауіпті жағдайы туралы, сондай-ақ міндеттерді орындауға байланысты құқығының шектелетіні туралы ескертілді.
2. Бітімгершілік операцияға қатысатын азамат:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға;
2) "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді қабылдауға;
3) келісімшарт қолданылатын кезеңде бітімгершілік операцияға қатысу барысындағы міндеттерін адал орындауға;
4) еңбек тәртібін және қызметтік әдеп қағидаларын сақтауға;
5) лауазымдық міндеттерді орындау процесінде мемлекеттік мүлікке залал келтіруге жол бермеуге;
6) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, оның ішінде бітімгершілік операцияға қатысуы тоқтатылғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеуге;
7) берілген өкілеттіктер шегінде командирлер (бастықтар) және өзге де лауазымды тұлғалар берген бұйрықтар мен өкімдерді орындауға міндетті.
3. Бітімгершілік операцияға қатысатын азамат:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен ақшалай, заттай және басқа да ризық түрлерімен қамтамасыз етілуге;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шарттарда уәкілетті мемлекеттік органмен келісімшарт жасасуға, мерзімін ұзартуға және бұзуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бітімгершілік қызмет барысында міндеттерін орындау кезінде өміріне және денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдік, кепілдік пен өтемақы алуды қоса алғанда, бітімгершілік қызметке байланысты құқығының және отбасы мүшелері құқығының сақталуына құқылы.
4. _____________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның (ұйымның) атауы)
азамат _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бітімгершілік операцияға қатысу үшін қабылдай отырып:
1) азаматқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақыны және өзге де төлемді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
2) осы келісімшартты жасау кезінде азаматты Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымдық міндеттерімен және бітімгершілік қызмет шарттарымен таныстыруға;
3) азаматқа бітімгершілік қызмет барысында міндеттерді орындау кезінде өміріне және денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда өтелуін қамтамасыз етуге;
4) бітімгершілік операцияға қатысатын адамды бітімгершілік қызметтің зиянды және қауіпті жағдайы туралы және кәсіптік ауруға шалдығу ықтималдығы, сондай-ақ бітімгершілік қызмет барысында міндеттерді орындауға байланысты құқығының шектелетіні туралы ескертуге;
5) бітімгершілік операцияға қатысу үшін азаматты іссапарға жіберу туралы бұйрық шығаруға міндеттенеді.
5. Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:
1) "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттарда азаматпен келісімшарт жасасуға, мерзімін ұзартуға және бұзуға;
2) келісімшарт жасасу кезінде бітімгершілік операцияға қатысатын адамнан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен көтермелеуге және тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
6. Осы келісімшарт бітімгершілік операцияға қатысу үшін азаматты іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күшіне енеді және жасалған мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бұзылуына байланысты қолданысын тоқтатады.
7. Тараптар келісімшарт талаптарын орындауға міндетті болып табылады, тараптардың дауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
8. Келісімшарт мемлекеттік тілде және орыс тілінде ______ данада жасалды, бір данасы бітімгершілік операцияға қатысатын адамға беріледі.
9. Қосымша шарттар ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________ ____________________________________
(бітімгершілік операцияға қатысатын |
(мемлекеттік органның (ұйымның) |
__________________________________ ________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
М.О.
20__ ж. "___"___________ 20__ ж. "___"___________
Келісімшарт __________________________________________________________
(тоқтатылған күні және негізі)
_____________________________________________________________________
________________________________________________ қолданысын тоқтатты.
М.О. ___________________________________________________________
Мемлекеттік органың (ұйымның) басшысы