Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2024 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бітімгершілік операцияға қатысуға ерікті түрде ниет білдірген азаматтар қатарынан ұлттық контингентті іріктеуді және оларды бітімгершілік дайындықтан өту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне іссапарға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 345 қаулысымен
бекітілген

Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бітімгершілік операцияға дайындық тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2024 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Бітімгершілік операцияға дайындықты жоспарлау

      2. Бітімгершілік операцияларға дайындықты жоспарлау

      (бұдан әрі – бітімгершілік дайындық) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысу сыртқы саясатының орындылығы туралы ұсыныстарды енгізуден басталады.

      3. Ұлттық контингентті жіберуді жоспарлайтын мемлекеттік орган құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүмкіндігінше бітімгершілік операцияға қатысу ауданына (аймағына) алдын ала барлау жүргізеді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ақпарат береді:

      1) бітімгершілік операцияға қатысу өңірінің, ауданының (аймағының) инфрақұрылымы және ұлттық контингентті материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз ету түрлері жөніндегі ұсыныстар;

      2) негізгі міндеттері, қару-жарағының, мүлкінің үлгісі мен құрамы, ұлттық контингенттің саны мен құрамы, бағыныстылығы, болу мерзімдері, ауыстыру тәртібі, бітімгершілік операцияны өткізу орнына және кері қарай шығару, тасымалдау шарттары, сондай-ақ нақты бітімгершілік операцияға байланысты басқа да ақпарат;

      3) ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысу үшін оның қаржыландыру көзін көрсете отырып қосымша қаражат бөлу туралы ұсыныс.

      4. Сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган бітімгершілік қызмет мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және әріптес мемлекеттермен келіссөздер жүргізеді, өзара іс-қимыл жасайды.

3. Ұлттық контингентті оқыту

      5. Ұлттық контингенттің жеке құрамын бітімгершілік операцияларды дайындау және өткізу негіздеріне, халықаралық құқық негіздеріне, бітімгершілік қызмет жөніндегі нормативтік құқықтық база ережелеріне, ұлттық контингенттің міндеттеріне және оларды орындау тәсілдеріне оқыту Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің базасында іске асырылуда.

      6. Бітімгершілік дайындық барысында азаматтық персоналмен бітімгершілік қызметтің құқықтық негіздері, негізгі оқыту пәндері бойынша теориялық ережелер бойынша сабақтар өткізіледі, далалық сабақтар өткізіледі, онда ұлттық контингент құрамында бітімгершілік міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер іс жүзінде пысықталады. Сабақтарға қатысу барысында еңбегіне ақы төлеуді, іссапар шығыстарын төлеуді оқытылатын адам штатында тұрған мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      7. Бітімгершілік дайындық барысында әскери персоналмен әскери дайындық, бітімгершілік операцияларға арнайы дайындық, бітімгершілік миссияға кетер алдындағы дайындық, штабтық жаттығулар, сондай-ақ бітімгершілік оқу-жаттығулар өткізіледі.

      8. Бітімгершілік дайындықты қамтамасыз ету және ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияны жүргізуге арналған мандатта көзделген міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды алуы мақсатында шет мемлекеттердің азаматтық мамандары мен қарулы күштерінің бөлімшелерін тарта отырып, оқу-жаттығулар, курстар, семинарлар, тренингтер мен басқа да іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

      9. Бітімгершілік оқу-жаттығулар халықаралық ұйымдармен және (немесе) әріптес мемлекеттермен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізіледі.

      Оқу-жаттығуды өткізетін мемлекеттік органның шақыруы бойынша бітімгершілік оқу-жаттығуларға өз саласындағы мамандар ретінде азаматтық персонал тартылуы мүмкін.

      10. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі базасында әскери және/немесе азаматтық персоналдың бітімгершілік дайындығы жүзеге асырылатын әскери бөлімді (мекемені) айқындайды.

      11. Әскери және/немесе азаматтық персоналдың құрамы, құрылымы мен саны Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) Жарғысына сәйкес халықаралық ұйым қабылдаған бітімгершілік операцияны жүргізуге арналған мандат негізінде айқындалады.

      12. Бітімгершілік операцияға қатысу үшін қойылатын жалпы талаптар: тіл білу, жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қолайсыз климаттық жағдайларда қызмет өткеруге жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы, БҰҰ-ның сұрау салуына сәйкес кәсіби деңгейі мен біліктілігінің бітімгершілік операцияда қойылған міндеттерді орындауға сәйкес келуі болып табылады.

      13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұлттық контингентті бітімгершілік операцияға жіберер алдында бітімгершілік дайындықтан өткеннен кейін он күн мерзімде ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға дайындығы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді.

4. Жедел штаб құру

      14. Ұлттық контингенттің құрамына әртүрлі мемлекеттік органдардан (ұйымдардан) әскери және азаматтық персоналды тарту кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жедел штаб құру туралы шешім қабылдайды.

      15. Жедел штаб Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ұлттық контингенттің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу және туындайтын проблемаларды уақтылы шешу үшін ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуы кезеңінде құрылады. Жедел штаб құрамына мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері енгізіледі. Жедел штабтың басшысы болып әскери персоналды жіберетін мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындалады.

5. Бітімгершілік дайындықтың өзге де мәселелері

      16. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2024 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Ұлттық контингентін бітімгершілік операцияға қатысу үшін жіберу жоспарланып отырған мемлекеттік орган (ұйым:

      1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде ұлттық контингентке кетер алдында және бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде профилактикалық егулерді, сондай-ақ бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін оңалту іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға;

      2) ұлттық контингентті қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін байланыс саласындағы уәкілетті органға;

      3) ұлттық контингентті және жүкті бітімгершілік операция жүргізілетін аймаққа (ауданға) және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін көлік саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.05.2024 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Бітімгершілік операцияға
дайындық қағидаларына
қосымша
  Нысан

Бітімгершілік операцияға қатысу туралы келісімшарттың үлгілік нысаны

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.05.2024 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның атауы, орналасқан орны)

      ________________________________________________________________

      Атынан

      ________________________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның (ұйымның)

      ________________________________________________________________

      лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      және азамат

      _________________________________________________________________

      (бітімгершілік операцияға қатысатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі – азамат)

      __________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі мен берілген күні)

      __________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      заңнамада және осы келісімшартта белгіленген шарттарда ______ мерзімге бітімгершілік операцияға қатысу туралы осы келісімшартты жасасты.

      1. Бітімгершілік операцияға ерікті негізде қатысатын азамат

      ______________________________ лауазымына тағайындалады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттармен танысты және оған бітімгершілік операцияның зиянды және қауіпті жағдайы туралы, сондай-ақ міндеттерді орындауға байланысты құқығының шектелетіні туралы ескертілді.

      2. Бітімгершілік операцияға қатысатын азамат:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға;

      2) "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді қабылдауға;

      3) келісімшарт қолданылатын кезеңде бітімгершілік операцияға қатысу барысындағы міндеттерін адал орындауға;

      4) еңбек тәртібін және қызметтік әдеп қағидаларын сақтауға;

      5) лауазымдық міндеттерді орындау процесінде мемлекеттік мүлікке залал келтіруге жол бермеуге;

      6) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, оның ішінде бітімгершілік операцияға қатысуы тоқтатылғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеуге;

      7) берілген өкілеттіктер шегінде командирлер (бастықтар) және өзге де лауазымды тұлғалар берген бұйрықтар мен өкімдерді орындауға міндетті.

      3. Бітімгершілік операцияға қатысатын азамат:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын пайдалануға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен ақшалай, заттай және басқа да ризық түрлерімен қамтамасыз етілуге;

      3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шарттарда уәкілетті мемлекеттік органмен келісімшарт жасасуға, мерзімін ұзартуға және бұзуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бітімгершілік қызмет барысында міндеттерін орындау кезінде өміріне және денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдік, кепілдік пен өтемақы алуды қоса алғанда, бітімгершілік қызметке байланысты құқығының және отбасы мүшелері құқығының сақталуына құқылы.

      4. _____________________________________________________________

      (уәкілетті мемлекеттік органның (ұйымның) атауы)

      азамат _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бітімгершілік операцияға қатысу үшін қабылдай отырып:

      1) азаматқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақыны және өзге де төлемді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

      2) осы келісімшартты жасау кезінде азаматты Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымдық міндеттерімен және бітімгершілік қызмет шарттарымен таныстыруға;

      3) азаматқа бітімгершілік қызмет барысында міндеттерді орындау кезінде өміріне және денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда өтелуін қамтамасыз етуге;

      4) бітімгершілік операцияға қатысатын адамды бітімгершілік қызметтің зиянды және қауіпті жағдайы туралы және кәсіптік ауруға шалдығу ықтималдығы, сондай-ақ бітімгершілік қызмет барысында міндеттерді орындауға байланысты құқығының шектелетіні туралы ескертуге;

      5) бітімгершілік операцияға қатысу үшін азаматты іссапарға жіберу туралы бұйрық шығаруға міндеттенеді.

      5. Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:

      1) "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттарда азаматпен келісімшарт жасасуға, мерзімін ұзартуға және бұзуға;

      2) келісімшарт жасасу кезінде бітімгершілік операцияға қатысатын адамнан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен көтермелеуге және тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

      6. Осы келісімшарт бітімгершілік операцияға қатысу үшін азаматты іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күшіне енеді және жасалған мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бұзылуына байланысты қолданысын тоқтатады.

      7. Тараптар келісімшарт талаптарын орындауға міндетті болып табылады, тараптардың дауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      8. Келісімшарт мемлекеттік тілде және орыс тілінде ______ данада жасалды, бір данасы бітімгершілік операцияға қатысатын адамға беріледі.

      9. Қосымша шарттар ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________________________ ____________________________________


(бітімгершілік операцияға қатысатын
адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

(мемлекеттік органның (ұйымның)
уәкілетті лауазымды тұлғасының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


      __________________________________ ________________________________

      (жеке қолы) (жеке қолы)

      М.О.

      20__ ж. "___"___________ 20__ ж. "___"___________

      Келісімшарт __________________________________________________________

      (тоқтатылған күні және негізі)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________________ қолданысын тоқтатты.

      М.О. ___________________________________________________________

      Мемлекеттік органың (ұйымның) басшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады