Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 632 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық (көп жақты) өткізу пункттерін келісу мақсатында
2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттері туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
2006 жылғы 4 қыркүйекте қол қойылған Келісімге хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
"Темір жол өткізу пункттері" деген бөлімдегі 2 және 2.1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Сарыағаш | Түркістан облысы | Келес | Ташкент облысы | халықаралық (көп жақты) |
тәулік бойы |
2.1 | Мақтаарал | Түркістан облысы | Сырдария | Сырдария облысы | халықаралық (көп жақты) |
тәулік бойы |
";
"Автомобильдік өткізу пункттері" деген бөлімдегі 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Жібек Жолы | Түркістан облысы | Гишт-Көпрік | Ташкент облысы | халықаралық (көп жақты) |
тәулік бойы |
5. | Б.Қонысбаев | Түркістан облысы | Яллама | Ташкент облысы | халықаралық (көп жақты) |
тәулік бойы |
6. | Қапланбек | Түркістан облысы | Зангиота | Ташкент облысы | халықаралық (көп жақты) |
тәулік бойы |
7. | Қазығұрт | Түркістан облысы | Ташкент | Ташкент облысы | халықаралық (көп жақты) |
тәулік бойы |
9. | Атамекен | Түркістан облысы | Гулистан | Сырдария облысы | халықаралық (көп жақты) |
тәулік бойы |
13. | Целинный* | Түркістан облысы | Ок олтин* | Сырдария облысы | халықаралық (көп жақты) | тәулік бойы |
14. | Сырдария** | Түркістан облысы | Малик** | Сырдария облысы | халықаралық (көп жақты) | тәулік бойы |
";
"Автомобильдік өткізу пункттері" деген бөлімнің 13-тармағының ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"*Өткізу пункті жеңіл автокөліктің және бос жүк автокөлігінің, сондай-ақ ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктер мен тауарлардың өтуі үшін ғана пайдаланылады. Коммерциялық мақсаттарда жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыруға не тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктер мен тауарларға қатысты ғана жүзеге асырылуы мүмкін.";
"Автомобильдік өткізу пункттері" деген бөлімнің 14-тармағы мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"** Өткізу пункті жеңіл автокөліктің және бос жүк автокөлігінің өтуі үшін ғана пайдаланылады. Коммерциялық мақсатта жүктер мен тауарларды өткізу жүргізілмейді. Тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыруға не тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау жүзеге асырылмайды.".
Осы Хаттама оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
20__ жылғы "__" _________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |