Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"32-1) ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құру құқығын беру тәртібін айқындайды;
32-2) жеке күзет ұйымы қызметкерлері санының нормативін белгілейді;";
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"70) дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:
"70-1) верификациялау рәсімінен өту тәртібін айқындайды;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |