"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 784 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құру құқығын беру тәртібін айқындайды;

      32-2) жеке күзет ұйымы қызметкерлері санының нормативін белгілейді;";

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-1) верификациялау рәсімінен өту тәртібін айқындайды;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады