"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 861 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Qarmet" акционерлік қоғамы.";

      реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34 – 38-жолдармен толықтырылсын:

      "34. "Kazakh Coal Trading" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      35. "MCI Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      36. "Горнопромышленное предприятие Куу-Чек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      37. "ҚазКөмір Компани" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      38. "Кайнама Комир" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 45-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19 және 20-тармақтарына сәйкес әзірленді және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті берген жекелеген көмір түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның (бұдан әрі – айрықша лицензия) қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін айқындайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылданған күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және лицензиатқа тиісті хабарлама жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2023 года № 1011 "О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2024 года № 861

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2023 года № 1011 "О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей" следующие изменения и дополнения:

      в перечне участников внешнеторговой деятельности, которым предоставлено исключительное право, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 2, изложить в следующей редакции:

      "2. Акционерное общество "Qarmet";

      строку, порядковый номер 29, исключить;

      дополнить строками, порядковые номера 34 – 38, следующего содержания:

      "34. Товарищество с ограниченной ответственностью "Kazakh Coal Trading".

      35. Товарищество с ограниченной ответственностью "MCI Group".

      36. Товарищество с ограниченной ответственностью "Горнопромышленное предприятие Куу-Чек".

      37. Товарищество с ограниченной ответственностью "КазКомир Компани".

      38. Товарищество с ограниченной ответственностью "Кайнама Комир".";

      в Правилах приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов углей, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов углей (далее – Правила) разработаны в соответствии с частью четвертой пункта 7 статьи 37 и статьей 45 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях", а также пунктами 19 и 20 Правил выдачи лицензий и разрешений на экспорт и (или) импорт товаров, включенных в единый перечень товаров, к которым применяются меры нетарифного регулирования в торговле с третьими странами, утвержденных Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 24 ноября 2023 года № 125, и определяют порядок приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов углей (далее – исключительная лицензия), выданной Комитетом промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в соответствии с настоящим постановлением.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Лицензиар в день принятия решения о приостановлении, возобновлении или прекращении действия исключительной лицензии направляет соответствующее уведомление в Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и лицензиату.".

      2. Министерству промышленности и строительства Республики Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов